Проблемалық оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе....................................................................................................

1. Проблемалық оқытудың теориялық негізі.................................
1.1 Проблемалық оқыту жайлы жалпы ұғым1.................................
1.2 Проблемалық ситуация тудыру арқылы оқытуды белсендіру..
1.3 Проблемалық оқыту тәсілі арқылы оқушылардың ойлауын дамытудың мүмкіндіктері ....................................

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту...............................
2.1 Ойлау жөнінде жалпы түсінік....................................................
2.2 Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.................

3. Проблемалық оқыту тәсілі арқылы оқушылардың ойлауын дамытуға бағытталған тәжірибелік жұмыстар.......
3.1 Оқушылардың ойлауын психологиялық тұрғыдан сипаттау..
3.2 Оқушылардың ойлаын педагогикалық тұрғыдан қарастыру..

Қорытынды ..........................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................


Кіріспе

Проблемалық оқыту – бұл ғылыми негіздерін оқып-білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттіліктің қалыптасуы.

Осы оқыту әдісі арқылы оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, оларды ойлауға, өздігінен шешім қабылдауға, қабілеттері мен нышандарын дамытуға жетелеу керек.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев 2006жылдың 1-наурыздағы халыққа жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» – деген. Сонымен қатар, «Білім беру сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру, қоғам мүшесінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру керек» - деген[1].

Қ.Р. «Білім туралы» заңында көрсетілгендей білім беру жүйесінің негізгі міндеті ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практика  жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдай туғызу болып табылады. Сонымен екінші бапта білімнің негізгі міндеттері рухани дене даму мүмкіндіктерін ашу, адамгершіліктің тұрақты негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, даралықтың дамуына жағдай туғызу арқылы ой мен жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттігін байыту болып табылатыны тұралы айтылған[2].

Қазіргі кездегі мектеп ғылым негіздері бойынша білім беріп қана қоймай, оқушыларды ойлауға, қабілеттігі мен нышандарын дамытуға үйретуі, әр оқушыға өзін көрсетуге мүмкіндік беру керек[3].

Қазіргі басты міндет – оқушылардың интелектісін дамыту және де біз интелект деп мәлімет аз жағдайдың өзінде адамның тез қорытынды жасауын немесе логикалық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдау қабілетін түсінеміз[4].  

Осыған орай, қазіргі мектептің негізгі әрекеттерінің бірі әр оқушының білімге деген қызығушылығын, қабілетін, жеке бас ерекшелігін анықтау, оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне, интелектуалдық және ақылдылық жағынан өзін көрсетуіне мүмкіндік туғызу болып табылады.

Бұл тұрғыда оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыдан келе проблемалық оқыту тәсілі арқылы білім беру қажеттілігі туындайды[5].

Тақырыптың мақсаты: Проблемалық оқыту тәсілі арқылы оқушылардың логикалық қабілетін, оқу еңбегіне қызығушылығын арттыру, оқушыларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйрету, сонымен қатар, осы оқыту тәсілі арқылы берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне қол жеткізу.

Тақырыптың міндеті:

  • Ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі проблемалық оқытудың теориялық негізін анықтау;
  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда проблемалық оқытудың жолдарын қарастыру;
  • Оқушылардың даму деңгейін педагогикалық және психологиялық жағынан сипаттау;

Тақырыптың ғылыми болжамы: Егерде ұйымдастырылатын жұмыстар жүйелі, мақсатты түрде құрылса, проблемалық оқыту тәсілдері арқылы оқушылардың ойлауын дамытуға болар еді.

Зерттеу пәні: Оқыту процесіндегі проблемалық оқыту түрі.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптағы оқыту прцесіндегі проблемалық оқыту.

Зерттеу әдістері:

- Тест;

- Сұрақ-жауап;

- Ойын;

- Логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырмалар;

Зерттеу базасы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, №2 қазақ орта мектебі. 4-сынып 25 оқушы; 3-сынып. 27 оқушы.

Тақырыптың ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы: Проблемалық оқыту тәсілін бастауыш сынып оқушыларының жас және дара ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіріп тиімді қолдану арқылы  ойлау қабілетін дамыту.

Тақырыптың ахуалын бағалау:

Тақырыптың ғылыми әдіснамалық-теориялық негіздері: Қ.Р. халыққа жолдауы, Қ.Р. «Білім туралы» заңы, Қ.Р. бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты, жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары 1-4 сыныптар, жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы, Құдиярова А.М., Сейталиев Қ., Әбиев Ә.Ж., Бабаев С.Б., Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., Ғалымова Ә.У., Ильясова Р.К.

Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі, практикалық және қорытынды бөлімдерден, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу