Абайдың, Ы.Алтынсаринның педагогикалық және әдеби тағылымдары оқушылардың тәрбиелік маңызы (Реферат)

I. Абай тағылымы
II. Баланың ұстазы - ата-ана
а) Ата-анаға арналған танымдық тағылым
б) Жүз жылыңды ойласаң – балаңды тәрбиеле
III. Ы.Алтынсарин тағылымы


Абай тағылымындағы жас­тарға білім мен тәрбие беру мә­селесі халықтық педагоги­ка­мен үндесіп жатқандығын әбден байқауға болады. Мек­тептерде “Атамекен”, “Елім-ай” бағдарламаларына байла­нысты өткізілетін тәрбие жұ­мыстары — халықтық педаго­гиканың тармақтары. Ал пән­дерді оқытуда халық педа­гоги­касы элементтерін қолдану пәннің ерекшелігіне, мұғалім­нің ғылыми-әдістемелік жұ­мы­сы барысына тығыз бай­ланысты. Ол мұғалімнің ізде­нісі, шеберлігі және шығарма­шылығы арқасында іске асырылады.

Абай тағылымын мектеп­терде оқушылардың білімге қызығушылығын көтеруге, алған білімдерін табиғат, өмір заңдылықтарымен байланыс­ты­руға, керек болса өмірде қолдана білуге, оқушылардың ойлау қабілетін, тілдің актив қорын кеңейтуге, еңбекқор­лық­қа үйретуге кеңінен пай­да­лануға болады.

Мысалы, 8 сыныпта био­логиядан “Жоғары дәрежелі жүйке жүйесі” тарауын өткен­де Жан қуаты туралы ұғым беруде Абайдың қара сөздері оқушылардың алған іргелі білім элементтерін еске сақ­тап, мәнін түсінуде атқарар рөлі зор. Себебі, қара сөздер­дің психологиялық астары — мақал-мәтелдерде, ал Абайдың көптеген қара сөздері мақал-мәтелдерден басталады. Сол мақалдардың мазмұнын ақыл-кеңестері арқылы түсіндірсек, көп ұтамыз. Бірнеше мысалдар келтірейік. Абай: “Жан қуаты деген қуат — бек көп нәрсе”, дей­ді де, соның ерекше үш түрін айырады. “Біреуі... Не көрдің, есіттің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып, ұққан­дықпен тұрмай, арты қайдан, алды қайда барады, сол екі жа­ғына да ақылды жіберіп, қар­маққа тез қозғап жібереді”. Бұл – оқу үдерісінде керекті білімді бақылап, қабылдап, ұғып қана қоймай, түсініп отыру деген сөз. Яғни, сонда ғана оқу тиімді бо­лады. Ал, жан қуатының екінші міндеті деп жаңалықты қабыл­дау барысында ұқсағандарды тексеріп отыру қажеттігін көл­денең тартады.

Іздеу