Эстетикалық тәрбиенің теориялық негіздері (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................3
1. Эстетикалық тәрбиенің теориялық негіздері........................................................5
1.1 Эстетикаылқ тәрбие жайлы түсінік.....................................................................5
1.2 Эстетикалық тәренің маңызы, оның міндеттері...............................................15
1.3 Оқушылардың эстетикалық талғамын және көзқарасын қалыптастыру..............................21
2. Мектепте эстетикалық тәрбиені беру жолдары..................................................28
2.1 Мектептегі эстетикалық тәрбиенің жүйесі:......................................................28
а) балалар өмірінің эстетикасы......................................................................28
ә) табиғатты эстетикалық тұрғыда қабылдау...............................................31
б) эстетикалық тәрбиені өнер түрлері арқылы дамуы.................................32
2.2 Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру ........................37
2.3 Мектепте және мектептен тыс орындалатын жұмыстар барысында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру........................44
2.4 Қазақтың халықтық педагогикасын қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбие ісінде пайдалану ..........................53
3. 5-сынып оқушыларына эстетикалық тәрбиені ұйымдастыру мен беру жолдарындағы тәжірибелік жұмыстар..............58
3.1 Сынып сағаттары арқылы эстетикалық тәрбие беру.......................................58
3.2 Сауалнама жүргізу жолдары..............................................................................77
Қорытынды.................................................................................................................80
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................83
Қосымша.....................................................................................................................84


Кіріспе

Эстетикалық тәрбие – болмыстағы және эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін қажетсінуін қалыптастыратын жалпы тәрбиелер саласының құрамдас бөлігі. Эстетика өмірді сезім арқылы біліп танудың негізгі жолы.

Эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі, отбасындағы, сабаққа дайындалу, сабақта, оқу барысындағы ең жақсыны қабылдау, ләззат алу барысында қалыптасады.

Тақырыптың өзектілігі: ҚР «Білім туралы» заңы біздің болашағымызды жаңа бағытпен рухта тәрбиелеу, олардың дүние танымын қалыптастыру, жаңа адамды жан-жақты, білімді, өнерлі етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің түбегейлі мәселесінің бірі екендігі заңдылық етіп берді. Осыған орай эстетикалық тәрбие беру арқылы біз оқушылардың әсемдікті сезіне білуге, табиғатты, өнерді сүйе білуге, адамгершілік қасиетін, мәдениетін және эстетикалық талғамын, көзқарасын жан-жақты қалыптастыру[1].

Тақырыптың мақсаты: Оқушыларды өнер құндылықтарын жасақтауға қатыстыру, тіл, сөз өнерін дұрыс меңгерту, әдепті сөйлеуге баулу, олардың бойында белгілі бір адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті тудыру.

Тақырыптың міндеттері:

  • Эстетикалық білімді қалыптастыру;
  • Эстетикалық мәдениетті тәрбиелеу;
  • Шындыққа эстетикалық қарым-қатынасты қалыптастыру;
  • Эстетикалық сезімдерді дамыту;
  • Адамды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі сұлулыққа баулу;
  • Оқушылардың эстетикалық талғамын өнер шығармалары шынайы заттар мен құбылыстар арқылы дамыту;
  • Оқушылардың өз елінің, халқының мәдениетіне және көркем дәстүрлеріне деген сезімдік-эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастыру;
  • өмір мен іс-әрекеттегі сұлулық заңдылығына негіздеу қажеттілігін дамыту.

Тақырыптың ғылыми болжамы: Елімізде қазіргі заманның талабына сай эстетикалық тәрбие неғұрлым толық зерттелініп, бала бойына сіңірілсе, дарытылса, соғұрлым олардың тіл, сөз өнері, талғамы, көзқарастары қалыптасар еді.

Зерттеу пәні: 5-сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру жолдары мен көзқарастары.

Зерттеу нысаны: эстетикалық тәрбиені ұйымдастыру мен жүргізу жолдары.

Зерттеу әдістері: анализ, синтез, салыстыру, қорыту.

Тақырыптың ғылыми жаңашылдығы: эстетикалық тәрбиені жан-жақты қарастырып, анықтап және сараптамалап қарастыру.

Тақырыптың практикалық маңыздылығы: дипломдық жұмысымыздың теориялық және практикалық материалдарын мектепте сабақ пен тәрбие сағартарында және басқа да оқу орындарында мұғалімдер мен студенттер өз жұмыстарына қолдана алатындығында.

Тақырыптың ахуалын бағалау: Эстетикалық тәрбие қазіргі кезде қарастырылып жатқан мәселелердің біріне айналып отыр. Эстетикалық тәрбиені бірнеше ғалымдар қарастырған. Әбенбаев эстетикалық тәрбиені мектеппен байланыстырып қарастырған. Ұзақбаева С. «Тамыры терең тәрбие» кітабында эстетикалық тәрбиені халықтық жағынан қарастырып, оны мектеп оқушыларымен байланыстырған. Әбілова З. «Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру» кітабында эстетикалық тәрбиені тәжірибе жүргізу арқылы қарастырған. Осы ғалымдардың қарастырған еңбектеріне сүйене отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбиені ұйымдастыру мен жүргізу жолдарын қарастырдық.

Тақырыптың ғылыми әдіснамалық-теориялық негіздері: ҚР «Білім туралы» заңы (2007ж.), ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы (2010), Ә.Ә.Усманов, М.Б.Сәрсенбаева «Педагогика» (2005ж.), Әбілова З. «Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру» (Алматы–1972ж.), Тәжібаева С.Ғ. «Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі» (Алматы–2007ж.), Әбенбаев «Тәрбие теориясы», Ұзақбаева С. «Тамыры терең тәрбие» (1995ж.), Майғаранаова Ш., Иманбаева С.Т. «Мектептегі тәрбие теориясы мен әдістемесі» (Алматы–2006ж.).

Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, негізгі 2 бөлімнен, қорытынды, әдебиеттер тізімінен және эсперименттік материалдардан тұрады.

Іздеу