Ақтамберді жыраудың педагогикалық көзқарасы (Мәлімет)

1. Кіріспе:
1.Ақтамберді қазақтың көне жырауының белгілі өкілдердің бірі.
2. Жастарды табандылыққа ерлікке шақырады.
2. Негізгі бөлім:
2.1. Жырау – өз уақытының көргені. ---
2. 2. Адамгершілік тәрбиесі.
2.3. «Қатын бала қамы үшін».
3. Қортынды:
3.1.Ақтамберді Махамбеттің – екі ақынның арасынан ішкі мазмұн ұқсастығы.


Ақтамберді қазақтың көне жырулық эпосының белді өкілдерінің бірі, аты әр жерде айтылғанмен, арнайы зерттелмеген авторлар санатында. Қолдағы қазынасына қарағанда, жырау жорық- жортуылдарға мүлдем ілесіпті. Егер ол «он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке» десе, өмірінің тең жарымының көбісі басқыншылармен күресте өтке кісі.

Ақтамберді жарлылық пен жалғыстықтың тауқыметін көп көрген ұқсайды, адамдыққа, әділетке жүгінеді. Ауыз толтырып айтар байлығы болмағанын өзі жасырмайды. Тұрмыстың қыр-сырын, от басы,елдік, жерлік мәселелерінжырларында жақсы көрсетті. Жырау ақйқатты айтудан тайсалмайды, шындық туралы шымыр шешендік сөздерді түйдік-түйдігімен тастайды. Бәрі де сол тұстың ауыр тұрмысынан, күрес шындығынан алынған тартымды тирадалар. Жырау басққа да, таққа да таласпйды, көкірек көзі халық даналығымен суарылған. Ақтамберді, асылы, қысқа нақлият сөздерінің шебері болса керек. Көңіліне түйгенін, піскен ойын шаршатпай, шиыршық атқан күйінде айтып кете берген. Эпикалық кең тынысты туындылары да болуы мүмкін. Бірақ қолымызға әлі қомақты дүнйелері түсе қойған жоқ.

Ақтамберді жырау (1675- 1768) эпикалық жанырдың ақыны болған. өзінің жырларында ол батырлардың ересен ерліктерін асқақ береді.

Іздеу