Бала тәрбиесіндегі жанұяның алатын орны (Реферат)

Кіріспе
І. БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЖАНҰЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1. Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік
1.2. Жанұя тәрбиесі — көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпал
ІІ. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
2.1. Отбасы тәрбиесінің қағидалары мен ережелері
2.2. Баланы ұлтжандылыққа тәрбиелеудің жолдары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Баланың сапалы білім алуы мектепте ғана емес, ата-ананың қамқорлығына да тікелей байланысты. Салауатты отбасы өркениетті қоғамның талабы. Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениетке жеткізу, ең алдымен, әр отбасындағы өмірді дұрыс ұймдастырудан басталмақ. Оған дәлел 1989 жылы Біріккен ұлттар ұйымында қабылданған, кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған. “Баланың толық үйлесімді дамуы үшін, ол мейірім мен өзара түсініктігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай-ақ бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлыққа мұқтаж”деп көрсетілген. Қазіргі кезде отбасындағы ынтымақтастықты орнатуға немқұрайлықпен қарау орын алып отыр. Бұл көрініс жағдайымен отбасындағы балалар тәрбиесіне көңілдің бөлінбеуі, тіпті ата-аналардың жиналысқа келмеуі, тіпті мектеппен байланыс жасауға талпыныстың болмауына әкеліп отыр. Жас ұрпақ елдің болашағы, тірегі, тізгіні. Егемен еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар сондай жас ұрпақты тәрбиелеу ұстаздар қауымына аса жауапты да қиын міндеттер жүктейді.

Қазіргі кезде мектеп пен ата-ана арасында байланыс үзілді. Бұл кемшіліктің ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізетінін күнделікті өмір дәлелдеп отыр. Мәселен, ата-аналар жиналысына келмеуі, ұл-қызының оқуы мен тәрбиесіне көңіл бөлмеуі ерекше ойлауға, себебін ашуға тұрарлық мәселе. Ата-ана мен мектеп арасында байланыс болмайынша саналы тәрбие, сапалы білім болуы мүмкін емес. Ата-ананы мектепке шақырғанда, сол жиынның ата-анаға тигізер әсеріне, тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлгені абзал. Ата-анаға, балаға тәрбиені тек мектеп беру тиіс деген пікірден аулақтату үшін біріншіден, тәрбие-отбасынан басталатынын ұғындыратын әсері мол жиындар. Педагогикалық сабақтар, семинарлар және дебат өткізу қажет.

Бала-адамның бір қызығы ғана емес сонымен қатар ол өмірдің жалғасы, ұлттық ұстанымы, елдің ертеңгі егесі де.

Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтудегі мақсат-өскелең ұрпақтың құқықтарымен мүдделерін қамтамасыз етуге әлеуметтік қоғамдастықтың ұсынуына бағытталған, сонымен қатар жетім және мүгедек балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы және толық емес отбасыларында тәрбиеленетін балаларға қолдау көрсету болып табылады.

Іздеу