Жас өспірімдердің өзара дауласу жиіліктері (Мәлімет)

Сынып жоғарлаған сайын жасөспірімдердің арасындағы дау-дамайдың соңғы жылдары  азайғанын  байқаймыз. Жасөспірімдік шақтың алғашқы кездерінде  қарама-қарсы  жыныс өкілдерімен өздерін дұрыс ұстай алмай қыздардың  шашынын тарту, аяғынан шалу, заттарын алып қою, ұлдардың басынан кітаппен ұру тәрізді әр түрлі орынсыз әрекеттер жасайтындығы белгілі.Жылдын жылға ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатыны тәжрибесі ұлғайып, достық қатынасқа ауысып отырадыда, нәтижеде сынып жоғарлаған сайын  қыздар мен ұлдар даулары азаяды деп тұжрымдаймыз.

Қыздардың өзара даулары да сынып жоғарлаған сайын  кеміген. Бұл фактіні қыздардың есейе келе салмақты бола бастайтындығымен тусіндіруге болады.Қыздырдың эмоциялық тұрақсыздығы, тез өкпелегіштігі, әсіресе ұлдарға қарағанда ең соңғы көрсетвкіш бойынша 93  процентті таңдаса сынып жоғарлаған сайын 104процент болып тұр.Бұл мәселені біз ұлдардың қыздарға қарағанда өкпелерцін ұзағырақ сақтап, кейбір іскерлік айтыстарды да  көп уайымдап, ұмыта алмайтын психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреміз.

Ал  енді ұлдардың өзара дауларына келетін болсақ, сынып жоғарлаған сайын  көбейгендігін байқаймыз.Біздің  бұл сандық мәліметтеріміз «әлеуметтік психология» саласындағы Е.В.Первышеваның1  жүргізген ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде жасалған «жас өспірімдік шақтан жастық шаққа өтпелі кезеңде даулар-топтың мінез құлық ережелеріне айнала отырып, жас өспірімнің құрбы-құрдастары арасында өзін-өзі қалыптастыру құралы рөлін атқарады»деген ғылыми жаңалығымен сәйкес келеді.Бұл жерде автор «өзін-өзі  қалыптастыру деп, қоршаған әлемдегі өзінің ойы бойынша алуға тиісті орнын табудағы субъектінің белсенділігін» айтады.


Жасөсмірімдермен  ересектер  арасындағы қақтығысу

Жасөспірімдермен ересектер  арасындағы қақтығысу мен дау-дамай стихиялық түрде болып отыратын  болжамсыз да жоспарсыз құбылыс.Бұл құбылыс адам өмірінде «Қой арқасына боз торғай жұмыртқалайтындай » замандада кездесіп отырады.Өйткені тіршілік бейнесі сан алуан әрі әр қилы.Адамдар арасындағы кикілжің мен реніш, талас-тартспен дау-дамайдың туындауына адамдардың тіршілік бейнесі мен өмір жолы, алға ұмтылып өрлеу талабы, тіпті жансыз заттармен мінез –құлықтың жағымсыз қасиет-ерекшеліктері де себеп бола береді.Дау-дамай шиеленісе түсіп, адамдар арасындағы жек көрушілік сезімге, бітіспейтін жаулық  көзқарастарға  да ұласып кетуі де  ғажап емес.Дау-дамайдағы өмір, қайырымдылық, балалардың қамы сияқты ізгі қасиеттермен бақталастық, бас арздық, күңшілдік көре алмаушылық  сияқты жексұрын сипаттағы ерекшеліктерден  де туындап отыратыны мәлім.Алайда адам өзін-өзін  дау-дамайдан сақтанамын легенмен, ол өмір тіршілігінде жанына батарлық, әділетсіз мінез –қылықтардан бойын аулақ сала алмайды, Мұндай жәйттердің бәрі адамның дара басына тән аса күрделі  пситхолгиялық  өзгешелігін білдіретін мінез сипаттары.

ІІ-бөлім. Жекаралық қарым-қатынас әдебі тәрбиесінің принциптері.

Қазақтың асқан ойшылы мен ағартушысы Шәкәрім былай деген: «Адамның жақсы өмір сүруінің негізі-адал еңбек, арлы парасат, адал жүрек болуы керек. Әр адамға сиқырлы тастардың қазынасы деп қарау. Бұл қазынаны тек дұрыс тәрбие ғана қазып алып, азамат қажетіне жарата алады».

Адам –кен орны. Сол кен асыл тасты тауып, адамзат қажетіне жарататын тек қана тәрбие. Бұл сиқырлы тас дегеніміз не? Осы асыл тастар деп адамның бойындағы махаббат, мейірімділік, шыншылдық, тұрақтылық, туралық, адалдық сияқты асыл қасиеттерді айтамыз. Сіз адамзат санасының мүмкіншіліктері, оның табиғат құпиялапын ашуы, керемет өнер туындыларын жасауы, өзінің асыл ойларын жеткізе алуы туралы не ойламыз? Осындай жаратқанның берген асыл қасиеттерін көрсете алар ма едіңіз?

Іздеу