Кіші жастағы баланың ойлау ерекшелігі (Реферат)

1. Кіріспе бөлім: Ойлау туралы жалпы ұғым.
1.1 Ойлаудың адам дүниетанымындағы маңызы.
1.2 Ойлау процесінің психоликалық және логикалық астарлары.
1.3 Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшелігі.
1.4 Ой процесі мен ойлау әрекеттері.
1.5 Ой болжамы арқылы жұмбақ мәселелерді шешу.
1.6 Ойлаудың қоғамдық мәні.
2. Негізгі бөлім: Кіші жастағы баланың ойлау ерекшелігі.
2.1 Кіші жастағы балалардың ойлау іс-әрекетіндегі маңызды өзгерістер.
2.2 Кіші жастағы балалардың материалды есте сақтау ерекшеліктері.
2.3 Кіші жастағы баланың ойлау денгейі
2.4 Кіші жастағы баланың ойлау ерекшеліктерінің еңбек пен байланысы.


Кіші  жастағы баланың ойлау ерекшелігі.

1.Тақырыбымыздың актуалдылығы қазіргі замандағы кіші жастағы балалардың ойлау ерекшеліктерін дамытудан туындайды.

Ойлау ұғымына түсініктеме берсек-бұл әлеуметтік жағдай мен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Ойлау арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.

Еңбегіміздің зерттеу объектісі кіші жастағы балалар, ал кеңірек айтқанда, кіші жастағы балалардың ойлау ерекшеліктерін дамытудың әдістері мен жолдарын белгілейді.

Мақсаты:

   Ойлау арқылы тұлғаның шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдық әрекетін қалыптастыру.

   Ойлау арқылы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуін түсіндіру.

   Балаларды ой арқылы пайдалы еңбекке мәдениетті сөйлеуге, тапқырлыққа,ептілік пен күштілікке, бірлесіп қызмет атқаруға төзімділікке тәрбиелеу.

   Балаларды тез ойлауға, матеиалды жетік меңгеруге, ұқыптылық пен тапқырлыққа,ізденімпаздыққа, зейінділікке тәрбиелеу.

4.Міндеті:

- Балалардың танымдық, шығармашылық,ой-өрісін дамыту.

- Оқытуды оңтайландыру, жеке тұлғаның ойлау денгейіне бейімдеу.

-  Ойлау қабілетін және т.б.қабілеттерін дамытуға оңтайлы жағдай туғызу.

- Балалардың белсенділігін ұйымдастыру.

- Білімді,білікті дағдыны игерудің тұлғалық қызметтік сипатын қамтамасыз ету.

- Ойлау барысында баланың ептілігін, тапқырлығын, икемділігін аңғара білу.

- Сабақтың танымдық тәрбиелік маңызын арттырып, баланы зергерлікке, білгірлікке баулып, ойлау қиялын дамытуға жетелеуді көздеу.

- Балалардың кітапқа деген қызығушылығын, шығармашылығын ойлау арқылы дамыту.

Негізгі идея:(гипотеза)

Ойлау жолдарын неғұрлым кеңірек зерттесе, соғұрлым солардың мазмұндық жағы тереңдей түседі.   

Жұмысымыздағы қолданған әдістер: Анализ,синтез, бақылау,эксперимент, статистикалық.

Теориялық – практикалық құндылығы тәбиешілерге қолданбалы материал бола алады.

Іздеу