Ойын - оқушы бiлiмiн берiк меңгерту құралы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кiрiспе бөлім.
Ойын-оқушы бiлiмiн берiк меңгерту құралы.
Негiзгi бөлiм:
1. Ойын арқылы пәнаралық байланысты жолға қою.
2. Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын әрекетi арқылы арттыру.
3. Ұлттық ойындарды пайдалану.
4. Ұлттық ойындар арқылы еңбекке тәрбиелеу.
5. Қимыл-қозғалыс ойыны.
6. Дидактикалық ойындардың түрлерi.
7. Грамматикалық ойындар.


Педагогика ғылымында ойын әрекетiнiң оқу үрдiсiнде ойынның алатын орны туралы зерттелiп жүрген еңбектер аз емес. Себебi, ойын-оқу, еңбек iс әрекеттерiмен бiрге адамның өмiр сүруiнiң маңызды бiр түрi «Ойын» ұғымына түсiнiктеме берсек - бұл адамның мiнез-құлқын өзi басқарумен анықталатын қоғамдық тәжiрибенi қалыптастыруға арналған жағдаяттар негiзiндегi iс-әрекеттiң бiр түрi. Адамзат тәжiрибесiнде ойын  әрекетi мынандай қызметтердi атқарады:

-Ойын-сауық.

-Коммуникативтiк немесе қарым-қатынастық

-Диогностикалық (Ойын барысында өзiн-өзi тану.)

-Коррекциялық (өзiн-өзi түзету.)

-әлеуметтендiру.

Әлде де болса ойынның, адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесiне байланысты функциялары анықталуда.

Ойын адамның өмiртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмiрден көптеген мәлiметтер алып, бiлiмiн жетiлдiредi.

Ойын бiр қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет iспеттi. Ол мiндеттi түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелерi ойнаушылардың қисынды ой қабiлетiнiң дамуы, бiр-бiрiне деген сыйластық қажеттiлiктермен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерiнен туындайды. Ойынның басты шарты жеңiске жету болса әр ойыншы өз қарсыласының мүмкiндiгiмен санасып, бiр-бiрiне деген сенiмiн арттырады.

Ойынның да өзiне тән мотивтерi болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдiк ойындар баланың зейiнiн, есiн, ойлауын, қиялын қалыптастыруда  зор маңыз атқарады. Ойын әсерi арқылы бала өз қасиетiн қалай қанағаттандыра  алатынын, қандай қабiлетi бар екенiн  байқап көредi. Ал, ақыл-ой ойындарында белгiлi бiр ережелердi  сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейiндiлiгiн арттырумен қатар, ерiк сезiм түрлерiн де дамытады.

Ойын түрлерi өте көп. Соның iшiнде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергiту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздiк ойындар, логикалық ойын-есептер, ұлттық ойындар т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, бiлiмдi толық игеруiне көмектеседi. Жоғарыда аталған белгiлерге байланысты ойынның бастауыш сынып оқушыларының бiлiмiн  берiк меңгеруiне тигiзетiн әсерiн анықтау үшiн бiздер мына сұрақтарға жауап iздедiк: Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетiн ұйымдастыруда ойынның құрылымы қандай болмақ?

Іздеу