Адамдағы жоғарғы нерв әрекетінің ерекшеліктері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Жоғарғы нерв әрекетінің типтері
2 Адамдағы жоғарғы нерв әрекетінің ерекшеліктері
3 Адам миінің жоғары имиграцялық әрекеті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Адам мен жануарлардың үлкен ми сыңарлары қыртысының әрекетін жоғары дәрежелі жүйкелік қызмет (ЖДЖҚ) деп аттайды. ЖДЖҚ организмнің күрделі мінез-қылығының нейрофизиологиялық негізі болып табылады. Үлкен ми жарты шаралары қыртысы, алдыңғы мидың қыртыс асты ядролы, аралық ми құрылымдары оның морфологиялық негізі болып саналады.

ЖДЖҚ организмнің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына бейімделуін, оның қоршаған ор-амен күрделі қарым - қатынасын қамтамасыз етеді.

Функционалдық тұрғыдан ЖДЖҚ организмнің сыртқы орта жағдайларына мүлтіксіз бейімделуін қамтамасыз ететін туа қалыптасқан және жүре пайда болған механизмдердің жиынтығы.

Мінез-қылық деп организмнің өз мұқтаждығы мен қоршаған орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ететін күрделі әрекетін айтады. Ол организмге сыртқы орта мен өзінің ішкі күйін сезінуді, әр түрлі әсерлерге тиімді жауап қайтаруды қамтамасыз ететін барлық процестердің жиынтығы. Мінез-қылық тек қимыл-әрекеттермен ғана бейнеленбейді.

Бұл процестердің көпшілігі сыртқа білінбей, жүйке жүйесінің өзінде ғана жүреді, белсенді қимыл-әрекетке жалғаспайды, ал кейде ол мықты белсенділік тудырады. Осымен байланысты мінез-қылықтық әрекеттер әлі анық жіктелмеген. Бірақ зерттеушілер мінез-қылықты қөректік, жыныстық, қорғаныстық, ата-аналық т.б. деп бөледі. Тіршілікте мінез-қылықтың аталған түрлері бір-бірімен ұштасып, біте қайнасып, бірінен-бірі туындап жатады.

Осыдан зерттеу жұмысының өзектілігі байқалады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Дамнуының жоғары жүйке жұмысының жеке типі жөнінде ақпарат алу

Курстық жұмыстың міндеттері:

Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеу;

Жоғарғы  нерв әрекетінің типтеріне сипаттама беру;

Адамдағы  жоғарғы нерв әрекетінің ерекшеліктерін зерттеу;

Адам миінің жоғары имиграцялық әрекетіе талдау жасау.

Іздеу