Балаларда логикалық ойлауды дамытудың ерекшеліктері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3

1 Ойлау және логикалық ойлаудың теориялық аспектілері 5

1.2 Балаларда логикалық ойлауды дамытудың ерекшеліктері 17

1.3 Балаларда логикалық ойлауды дамыту әдістемелері 20

Қорытынды 36

Қолданылған әдебиеттер тізімі 37

Қосымшалар 38


Кіріспе

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне жетуі, қазақ тілінің Мемлекеттік тіл құқығына ие болуы және «Білім беру Заңының» қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді.

Жаңа қоғамның тізгінін берік ұстайтын еркін елдің ертеңі кемеңгерлерін оқыту, тәрбиелеу бесіктен баланың нәрсестелік шағынан басталып, ұдайы үздіксіз даму барысында қалыптасатыны белгілі. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш буынның алар орны ерекше. Оқыту мен оқу әрекетінің тығыз байланыста болып, баланың ақыл ойының дамуында зор рол атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл – ойдың дамуы, бүгінгі күннің басты талабы. Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту оқу материалының мазмұны арқылы, оқушылардың оқу іс - әрекетін ұйымдастыру құралы мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.

Логикалық ойлау дегеніміз не?

Логикалық ойлау – ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Логикалық ойлау дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ұғымдарды ой – пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Біріншісі сатыда әлі мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Бұл жерде оқу материалдарын талдау көрнекі құрал әсер ету жоспарында басым болады. Мұнда балалар нақты заттарға немесе оның дәл баламаларын бейнелеуге сүйенеді.

Ойлауды дамытудың екінші сатысы мұғалім балаларға игерілетін мәліметтердің жекелеген элементтері арасындағы болатын байланысты көрсету үшін ерекше қам жасайды. Жыл өткен сайын осындай байланысты күрделі тапсырмалар көлемі ұлғая береді.

Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере үйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауға тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

Педагогикалық үрдісте оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыстың алар орны ерекше. Оқушыларға өз бетінше жасаған ой операцияларының дұрыс бұрыстығын тексеркізу, бір мәселенің өзін түрлі жолдарымен шешуге үнемі бағыттап отыру, логикалық ойлауды қажет ететін мысалдар құрастыру, есептер шығарту, шығармалар жаздырту – баланың логикалық ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолы.

Тақырыптың өзектілігі:

Қазіргі әлемдік ауқымдағы қайта құрулар жедел ақпараттандыру білім саласындағы өзгерістер адамзат қоғамы алдында білім сапасын арттыру қажеттілігін туындайтыны анық. XXI - ғасыр білім ғасыры, тұлғаның ой-өрісінің даму тенденциясын заман талабына дамыту әрбір ұстаздың міндеті. Қазақстан Республикасының президентінің Н.Ә. Назарбаев жолдамасында «Дарынды балаларға арналған мектепті дамыту және оған мемлекеттік қолдау көрсету» туралы өкілі талантты балалармен жұмыс істеуді жаңа үлгісін жасауға жол ашты. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның маңызы ерекше болғандықтан оқушының логикалық ойлау қабілеттерін арттыру олардың субъект ретіндегі дамуының алғы шартының бірі деп 2009-2013 жылға дейін өзекті тақырып етіп алдым.

Зерттеу объектісі: мектеп оқушылары

Зерттеу пәні:

Логикалық ойлау қабілеті. Оқушының субъект ретінде дамуы.

Зерттеудің мақсаты:

Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану барысында оқушының логикалық шығармашылық потенциалын арттыру жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайына өмір сүруіне дайындау.

Зерттеудің міндеттері:

  • Ақпараттық-коммуникативті технологияны терең меңгеру;
  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін зерттеу;
  • Логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру;
  • Ақпараттық технологияның оқу-тәрбие үрдісінде тиімділігін арттыру.

Ғылыми болжам:

Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, ақпараттық коммуникативтік технологияны тиімді пайдаланған жағдайда оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырып, олардың субъект-субъектілік тұлғасы қалыптасады.

Іздеу