Дамуы тежеулі балалар дамуының проблемалары және оларды шешу жолдары (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық педагогикалық ерекшеліктері
1.1 «Дамуында ауытқуы бар балалар» түсінігі психология ғылымында
1.2 Дамуында ауытқуы бар балалардың танымдық дамуының ерекшеліктері
1.3 Дамуында ауытқуы бар балалардың зейінінің дамуы
2 Дамуы тежеулі балалар дамуының проблемалары және оларды шешу жолдары
2.1 Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту жолындағы мәселелер
2.2 Дамуында ауытқуы бар балалардың зейінің қалыптастыру ерекшеліктері
2.3 Дамуы тежеулі балалардың танымдық процестерін қалыптастыру барысында қолданылатын құралдар
Қорытынды
Қолданылған әдебиетер тізімі


КІРІСПЕ

Дамуы тежелген балалар психологиясы  арнайы психологияның бағыттарының бірі, мұнда мектепке дейінгі және мектеп жасындағы дамуы тежелген балалардың танымдық іс әрекеті мен жеке тұлғасының динамикасы зерттеледі.

Дамуы тежелген деп мидың органикалық зақымы салдарынан танымдық іс әрекетінің  бұзылуы байқалатын балаларды атайды.

XVIII ғасырдан бастап Ж. Эски-роль, Э.Сеген, Ф.Гальтон, А. Бине, Э.Крепелин, Дж. Кэттэл сияқты психиатрлар ақыл ой дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі көріністерін талдау және зерттеумен айналысты. Олардың алдағы негізгі міндет интеллектуалдық жетіспеушіліктің психикалық аурулармен ара байланысын анықтау және бұл бұзушылықтардың тереңдігін анықтау болды.

ХІХ ғ ортасынан бастап көптеген европалық елдерде  жалпыға ортақ бастапқы білім беру жаппай енгізіле бастаған кезде  мектеп білімдерін игерудегі тежеу болған интеллектуалдық жетіспеушілігі анықтау мәселесі шиеленісе түсті. Осы кезде психикалық жағынан сау демек мектеп бағдарламасын  игере алмайтын балалар жіберілетін қосымша мектептер ашлылды.шы

Ресейлік ғылымда интеллектуалдық жетіспеушіліктің түрлі көріністерін зерттеу кейінгі кезде ХХ ғ бас кезінде басталып ХХ ғ жиырмасыншы жж Л.С. Выготскийдің  күшімен негізделген дефектологияның зерттеу пәніне арналды.

Жалпыға ортақ мектептерде білімді игеруде артта қалатын балалар бар екендігіне түңғыш рет ғұламалардың назарын аударған К.Д. Ушинский болды.  Педагогтар мен психологтар осы артта қалушылықтың талдауына көп көңіл бөлген. Жиі  жағдайда білімді игерудегі артта қалушылықты ақыл ой жетіспеушілігімен түсіндіретін және осы жағдайға байланысты Ресейде көмекші мектептер ашыла басталды.

ХІХ ғ ортасында дәрігерлер ақыл ойы тежеу балаларды психиатриялық емхананың басқа пациенттерінен бөле бастады. Оларды тәрбиелеу және оқыту барысында олардың психикалық іс әрекетінің ерекшеліктері жөнінде білімдер мен мағлұматтар  жинақталды. 1915— 1916 жж Ресейде Г.Я. Трошиннің «Тәрбиелеудің антропологиялық негіздері. Дамуы қалыпты және дамуы тежеу балалардың салыстырмалы психологиясы» атты тұңғыш фундаменталды еңбегі шықты. Автор бұл еңбекте шетелдердің және ресейлік  зерттеушілерден алынған материалдарды қорытындылады. Олардың негізінде ақыл ойының дамуы тежеу балалардың танымдық процесстері мен жеке тұлғалық ерекшелігі жөнінде бірқатар қызық тұжырымдамалар білдіртті. Соның ішінде дамуы тежелген балалардың дамуы, дамуы дұрыс және дамуы бұрыс балаларды дамытудың заңдылықтарының ортақтығы жөнінде сияқты тұжырымдамалар.

1929 ж Мәскеуде балалар үйлердің және арнайы мектептердің ғылыми тәжірибелік институты ашылды, мұнда көптеген жас ғалымдар күштері жұмылдырылды. Олардың арасында  Л.С. Выготский  Ресейде жалпы және арнайы психологиясыныңДамуына зор үлесін қосты. Ол маңызды теориялық ережелерді құрастырды, сол сияқты:

Адамзат психикасының құрылысы жүйе түрде, оның бір буынының бұзылуы барлық жүйенің қызмет етуін өзгертеді;

Баланың дамуының актуалды және жақын арадағы зоналары жөнінде;

Дамуы дұрыс және аномалиялық балалардың дамуын шарттайтын факторлардың ұқсастығы жөнінде;

Аномалиялық баланың дамуындағы алғашқы және екінші қатарлы ауытқуы жөнінде, дамуында ауытқуы бар балалармен коррекциялық педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары жөнінде;

Баланың жоғары психикалық қызметтерінің дамуының факторы ретінде ұжым жөнінде;

Ақыл ой жетіспеушілігі  кезінде интеллект және аффекттің ара қатынасының өзгеруі жөнінде;

Дамуында ауытқуы бар балаға ертеден коррекциялық педагогикалық ықпал етудің маңызы жөнінде.

1930 жж бас кезінде Л.В. Занков  арнайы психологияның теориялық негіздерін қалыптастырып ақыл ойының дамуында ауытқушылық бар балалардың есін жан жақты зерттеумен шұғылданды. Ол сол сияқты балалардың есінің дамуында ортақ бағыт, естерінің даму кезеңдері, жағдайларын сипаттады. Кейін ғалым сол сияқты балалардың  ойлау және сөйлеу қасиеттерін зертеп, арнайы мектеп оқушылардың жеке тұлғалық, типологиялық ерекшеліктеріне лонгитюдтік зерттеу жасады. Сонымен қатар ол  дифференциалды диагностика проблемаларын алға қойды.

Ғалым ақыл ойының дамуы тежеулі балалардың оқытуы процессін ұйымдастыру барысында сөз және көрнекілік құралдардың өзара байланысының психологиялық педагогикалық проблемасына назар аударып, осының барлығы өзінің ғылыми мақалалары мен кітаптарында ғана емес, сонымен қатар бағдарламаларда, оқулықтарда, әдістемелік пособиелерде көрініс алды.

Л.В.Занков революциядан кейінгі Ресейдің тарихында алғаш рет жаңа лабораторияның қызметкерлері іздеп тапқан  материалдарды қолданған еңбек шығарды. Ол «Ақыл ойының дамуы тежеулі баланың очерктері» (1935). Кейін ол педагогикалық институттардың дефектологиялық факультеттері студенттеріне арналған ақыл ойының дамуы шектеулі балалар психологиясы бойынша тұңғыш оригиналды оқулықты жарыққа шығарды.

Л. В. Занков сонымен қатар Л.С. Выготский және И.И: Данюшевский редакциялығымен шығарылатын «Ақыл ойының дамуы шектелген бала» атты жинағына ес туралы мақала жазды. Бұл жинақ Ресейде арнайы психологияның қалыптасуына зор үлесін қосты.

Сонымен Ресейде ақыл ойының дамуы шектеулі балалар психологиясы шетелдк коллегалармен өзара байланысы барысында тұрақтанып дамыды. Ол халықаралық конференцияларға, конгресстерге, стажировкалара қатысуы барысында жүргізілді.

Революциядан кейін арнайы мектептер ашыла бастады. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзге жуық арнайы мектептер бар. Бұл мектептерде орыс және қазақ тілдерінде білім беріледі. Республикамыздағы арнайы мектептер балаларға білім беруде және тәрбиелеуде көптеген жетістіктерге жетті. Арнайы мектептің педагогикалық ұжымы білім беруде және тәрбие дәрежесін көтеруге өз үлестерін қосты.

Арнайы мектеп, жалпы мектептің тәрбиелік міндеттері бірдей. Арнайы мектептің тәрбиелік проблемаларына оқушының жеке ерекшеліктері, кемістіктері күрделеніп, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік жағынан жанұя, кемістіктің құрамы, жас ерекшеліктері, тәрбиешілердің арнайы білімдерінің жоқтығы жатады.

Қазақстанда Революциядан кейін арнайы мектептер ашыла бастады. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзге жуық арнайы мектептер бар. Бұл мектептерде орыс және қазақ тілдерінде білім беріледі. Республикамыздағы арнайы мектептер балаларға білім беруде және тәрбиелеуде көптеген жетістіктерге жетті. Арнайы мектептің педагогикалық ұжымы білім беруде және тәрбие дәрежесін көтеруге өз үлестерін қосты.

Арнайы мектеп, жалпы мектептің тәрбиелік міндеттері бірдей. Арнайы мектептің тәрбиелік проблемаларына оқушының жеке ерекшеліктері, кемістіктері күрделеніп, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік жағынан жанұя, кемістіктің құрамы, жас ерекшеліктері, тәрбиешілердің арнайы білімдерінің жоқтығы жатады.

Сонымен зерттеу жұмысы психология, педагогика және медицинаның шиеленісінде орналасқан дефектологияның маңызды мәселелеріне арналан, яғни ақыл ойының дамуы тежеулі балалардың танымдық процесі, соның ішінде зейін процессінің дамуы ерекшелігіне арналған.

Зертеу жұмысының мақсаты ақыл ойының дамуы тежеулі балалардың танымдық процесінің бір көрінісі зейін процессінің дамуы ерекшелігінзерттеу.

Зерттеу мақсатына сай міндеттер белгіленді, сол сияқты,

Мәселе бойынша арнайы әдебиеттермен, ғылыми әдістемелік материалдармен жұмыс істеу;

Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық педагогикалық ерекшеліктеріне сипаттама беру;

«Дамуында ауытқуы бар балалар» түсінігін ашу;

Дамуында ауытқуы бар балалардың танымдық дамуының ерекшеліктерін зерттеу;

Дамуында ауытқуы бар балалардың зейінінің дамуы;

Дамуы тежеулі балалар дамуының проблемалары және оларды шешу жолдарын анықтау;

Дамуында ауытқуы бар балалардың зейінің қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау;

Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту жолындағы мәселелерді зерттеу;

Дамуы тежеулі балалардың танымдық процестерін қалыптастыру барысында қолданылатын құралдарды іске қолдану ерекшелігін сипаттау.

Зерттеу объектісі ретінде дамуы тежеулі балалардың зейіні психикалық танымдық процесс ретінде

Зерттеу пәні  ақыл ойының дамуы тежеулі балалардыі танымдық процесстері барысында туындайтын байланыстар

Зерттеудің болжамы. Дамуы артта қалған балалардың дамуын коррекциялау жұмыстары кезінде маңызды болып табылатын зейінді қалыптастыру құралдары психологтар мен педаготардың жұмыстарында елеулі орын алады.

Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында анализ, синтез, ғылымилылық, шынайылық, теория мен тәжірибенің ара байланысы сияқты әдістер қолданылды.

Іздеу