Ерте жастық шақтың психологиялық ерекшеліктері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Ерте жастық шақтың психологиялық ерекшеліктері 5
1.1 Ерте жастық шақ кезеңдегі қарым-қатынасының
психологиялық табиғаты 5
1.2 Ерте жастық шақ кезіндегі қарым-қатынасының
әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері 9
2 Ерте жастық шақ кезінде жеке тұлғаның қалыптасу
ерекшеліктері 20
2.1 Ақыл ойдың дамуы мен дүниетанымның,
тұлғаралық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері 20
2.2 Ерте жастық шақтың ұлттық ерекшеліктері 22
3 Тәжірибелік бөлім
Жастардың жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеу 28
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі 34


Кіріспе

Ерте жастық шақ кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моралдық қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Ерте жастық шақ кезіндегі  шақта олардың қалыптасуы жалғасады.

Ерте жастық шақ кезең қиын, әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты. Бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірімен өзгертетін сипатта болады: мұның өзі біршама қысқы мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде, бір жағынан, ерте жастық шақ кезіндегі өзінде әртүрлі елеулі субъективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, ал екінші жағынан, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады.

Ерте жастық шақ ересектердің ықпалына көне қоймайды. Онда тіл алмаудың қарсылықпен наразылық әртүрлі формада шығады (қиқарлық, дөрекілік, тентектік, бүкпелік, тұйықтық) ерте жастық шақ кезіндегі  кезеңдегі даму сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді.

Ерте жастық шақ кезіндегі  дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолында түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды. Ерте жастық шақ кезіндегі  шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да жаңа тепе-теңдік жаңадан қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу ерте жастық шақ кезіндегі ішкі жағдайларына, әсерленуіне, көңіл-күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтығының, ашуланғыштығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селқостануының енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда мұндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады

Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар. Біріншіден, ерте жастық шақ кезіндегі өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны объективті тұрғыдан ересектікке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің басталуына негіз болады. Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа толысу, басқа жынысқа ден қоюдың дамуына жаңа түйсіктердің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады.

Өзімен-өзі болу ерте жастық шақ кезіндегі жаңа түйсінулер мен толғаныстарына ден қоюы оның өмірінде алатын орны ерте жастық шақ кезіндегі  өмірінің кең әлеуметтік жағдайлары мен нақтылы дара жағдайларына оның тәрбиеленуі мен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қарай анықталады. Үлкендерге арналған кітаптар мен бейне фильмдер де теріс ықпал жасауы мүмкін. Сондай-ақ, махаббат пен жыныстық даму мәселелері туралы жолдастарымен жиі әңгімелесу, адамдар қарым-қатынасының интимдік жағына көбірек көңіл бөлудің эротикалық ауытқулар мен ерте сексуалдылықтың дамуына апарып соғады. Ерте жастық шақ кезіндегі терде алғашқы романтикалық сезімдерінің оянуы қалыпты психологиялық құбылыс болып табылады

Мақсаты – кеш жастық шақтың тұлғалық даму ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

  • Тақырыпқа байланысты әдебиеттерге шолу жасау.
  • Ерте жастық шақтың психологиялық ерекшеліктеріне талдау жасау;
  • Ерте жастық шақ кезеңдегі қарым-қатынасының психологиялық табиғатын ашу;
  • Ерте жастық шақ кезіндегі қарым-қатынасының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін көрсету;
  • Ерте жастық шақ кезінде жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктеріне талдау жасау;
  • Ақыл ойдың дамуы мен дүниетанымның, тұлғаралық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері мен кеш жастық шақтың ұлттық ерекшеліктерін айқындау

Зерттеу объектісі – ерте жастық шақтағы тұлғалық ерекшеліктер .

Зерттеу пәні – ерте жастық шақ жасындағы психологиялық құбылыстар

Зерттеу болжамы – егер ерте жастық шақтың психологиялық ерекшеліктері терең зерттеуден өтсе бұл жастарды көптеген әлеуметтік психологиялық қалыптасу проблемаларын табысты шешуге мүмкіндік туғызады.

Зерттеу базасы: Павлодар мемлекеттік  педагогикалық институтының ПиП -21, 11 топтарының студенттері

Іздеу