Ерте балалық шақтағы аутизм (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
Теориялық бөлім
1 Ерте балалық шақтағы аутизмнің теориялық негіздері
1.1 Аутизм балалардың психикалық мінез құлықтарының ерекшеліктері
1.2 Аутизмнің пайда болу себептері
1.3 Аутизмнің белгілері және түрлері
Тәжірибелік бөлім
Аутизм диагнозі қойылған балалар мінез құлқына арналған психокоррекциялық терапия
2.1 Аутизмді емдеу жұмыстарының мазмұны
2.2 Аутизмді емдеу жұмыстарының әдістемесі
2.3 Коррекциялық оқыту әдістемелерінің тәжірибелік жұмыстары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі


КІРІСПЕ

Қазіргі кезде қоғамда нейропсихология, педагогика, психологияның түрлі салалары, дефектология ғылымдары   балалардың   психикалық   дамуы зерттеуге   аса   назар   аударады. Бұл бағытта   қоғамда   аутизм   сияқты   аурулар   кездескен   де   мамандардың   білімдері тар   екендігі   білінеді.   Ал   мәселенің   терең зерттелуіне сай ерте балалар аутизміне   шалықан   балалардың   емделуі   тығыз   байланыста болады.   Сондықтан   жұмыстың   өзектлігі   байқалады.

Зерттеудің   мақсаты   ерте   балалар   шақтағы   аутизм,   оны   коррекциялау   жұмыстарына   талдау   жасау.

Зерттеу   мақсатына   сай   міндеттер   анықталды

  • Ерте балалық   шақтағы   аутизмнің   теориялық   негіздеріне   шолу   жасау;
  • Аутизм балалардың   психикалық   мінез   құлықтарының   ерекшеліктерін   зерттеу
  • Аутизмнің пайда   болу   себептеріне   назар   аудару
  • Аутизмнің белгілері   және   түрлеріне   анықтама   беру
  • Аутизм диагнозі   қойылған   балалар   мінез   құлқына   арналған   психокоррекциялық   терапиясын   зерттеу
  • Аутизмді емдеу   жұмыстарының   мазмұнына   шолу   жасау
  • Аутизмді емдеу   жұмыстарының   әдістемесін   зерттеу
  • Коррекциялық оқыту   әдістемелерінің      тәжірибелік   жұмыстарын   келтіру

«Кемтар   балаларды  әлеуметтік   және  медициналық-педагогикалық   түзеу   арқылы   қолдау   туралы»   Заң   іске   асырылған   екі   жыл   ішінде   облыстарда   90   үйдегі   әлеуметтік   көмек   бөлімшелері   құрылды.   Осы   бөлімшелердің   1,8   мыңнан   астам   қызметкері   10736   балаға   (орташа   есеппен   бір   әлеуметтік   қызметкерге   6   қызмет   көрсетілушіден)   қызмет   көрсетеді.  

Бөлімшелердің   негізгі   міндеттері   бөгде   адамның   күтіміне   мұқтаж   мүгедек   балаларды   анықтау,   оларға   әлеуметтік,   өзіне-өзі   қызмет   көрсету,   бос   уақытын   (көркемөнерпаздық,   фестивальдар,   шығармашылық   конкурстарын,   спорттық   іс-шараларды,   оның   ішінде   «Спешиал   Олимпикс   Казахстан»)   ұйымдастыру   машықтарын   дарыту;   ата-аналары   мен   отбасы   мүшелеріне   мүгедек   балаларға   күтім   жасау   және   олармен   қарым-қатынас   жасау   әдістерін   үйрету;   консультативтік   медициналық,   құқықтық көмек   және   басқа   да   қызмет   түрлерін   көрсетуді   (емханаға   ілесіп   бару,   болу,   қорғаншылық   пен   қамқоршылық   органдарына   бару, жәрдемақылар   белгілеу,   оңалту   жолдарымен   қамтамасыз   ету   мәселелерін   шешу,   дәрігердің   ұсынымдарын   орындау   және   т.б.)   ұйымдастыру   болып   табылады.

Денсаулық   кемістіктері   ауыр   балаларды медициналық-әлеуметтік оңалту басымдығына және барынша ықтимал   дамытуға бағдарланған,   арнайы   түзеу   арқылы   білім   беру мекемелерінің   –  психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың   (ПМПК),   оңалту   орталықтарының,   түзеу   кабинеттерінің   желісі   дамып   келеді. 

 Жергілікті   атқарушы   органдар   18,5   мыңнан   астам   кемтар   балаларды   қамти   отырып,  арнаулы   түзеу   мекемелерін   ашты.   Жалпы   білім   беретін   мектептердің   547   арнаулы   сыныптарында   7   мыңға   жуық   бала,   45   арнайы   мақсаттағы   балабақшада   және   229   көпшілікке   арналған   балабақшаның   229   арнаулы   топтарында   11   мыңнан   астам   мектеп   жасына   дейінгі   бала   тәрбиеленуде.  

Іздеу