Ерік және оқушыларды еркін тәрбиелеу мен дамыту (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Ерік туралы жалпы ұғым
2) Ерік сапаларын талдау
3) Еріктің дамуы және оны тәрбиелеу
III. Қорытынды
Оқушыларды еркін тәрбиелеудегі ерік
мәселесі


Кіріспе
Психология ғылымының қазіргі таңдағы мақсат-міндеттеріне баса назар аударылып, осыған орай қазақ халқының тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына, жөн-жосық, жол жоралғысына, бүкіл тыныс-тіршілігіне қатысты жерлері (жеке тұлға, ойлау, сөйлеу, сезім, ерік-жігер, мінез, т.б.) түгелдей дерлік қайта қаралып, жариялануда.
Соңғы жылдары ұлт психологиясының төңірегінде түрлі ғылыми жиындар мен мәслихаттар ұйымдастырылып, халқымыздың он төрт ғасырлық психологиялық ой-пікірінің тарихы жазылды. Бұл айтылғандар мектептегі оқу-тәрбие процесінің сан қилы мәселелерінің ғылыми жақтарын аша түсуге жәрдемін тигізіп отырғаны белгілі.
«Ерік» ─ орыс тіліндегі «воля» сөзінің дәл аудармасы. Төл тілімізде «ерік-жігер», «қажыр-қайрат» ұғымдарымен астарлас сөз. «Қайрат» сөзін Абай атамыз жиі қолданған. Ж.Аймауытов еңбектерінде «ерікті» «қайрат» ─ деп алған.

Іздеу