Ерік қасиеті, диагностикасы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3

1 Ерік түсінігі 5

1.2 Ерік қасиеті, диагностикасы 14

1.3 Ерік қасиетін тәрбиелеу 24

Қорытынды 28

Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

Қосымшалар 31


Кіріспе

Психология ғылымының қазіргі таңдағы мақсат-міндеттеріне баса назар аударылып, осыған орай қазақ халқының тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына, жөн-жосық, жол жоралғысына, бүкіл тыныс-тіршілігіне қатысты жерлері (жеке тұлға, ойлау, сөйлеу, сезім, ерік-жігер, мінез, т.б.) түгелдей дерлік қайта қаралып, жариялануда.

Соңғы жылдары ұлт психологиясының төңірегінде түрлі ғылыми жиындар мен мәслихаттар ұйымдастырылып, халқымыздың он төрт ғасырлық психологиялық ой-пікірінің  тарихы жазылды. Бұл айтылғандар мектептегі оқу-тәрбие процесінің сан қилы мәселелерінің  ғылыми жақтарын аша түсуге жәрдемін тигізіп отырғаны белгілі.

«Ерік» ─ орыс тіліндегі «воля» сөзінің дәл аудармасы. Төл тілімізде «ерік-жігер», «қажыр-қайрат» ұғымдарымен астарлас сөз. «Қайрат» сөзін Абай атамыз жиі қолданған. Ж.Аймауытов еңбектерінде «ерікті» «қайрат»  ─ деп алған.

Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі болатындығы, мұны психологияда мотив (себеп) деп атайтындығы белгілі. Кез келген түрткі сан қилы қажеттермен тікелей не жанама түрде байланысып жатады.

Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив- оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс- амалдар қарастырады.Өйткені адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл- қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл- қозғалыстар есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтелу шашалу, түшкіру т.б ), екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл- қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл- қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез- құлқын меңгере алу қабілеті.

«Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін екі талай кездерде белді бекем буып, қайыспай, кідірмейи амал етуге ұмтылу» (Ж. Аймауытов). Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатын орындауға байланысты түрлі ішкі-сыртқы кедергілерді жеңе білуінен жақсы байқалады. Мәселен, ұйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін тұру керек. Бұл жағдайда ішкі кедергілерді (төсектен тұрғымыз келмеу сияқты, еріншектік т.б.) жеңу керек болады. Егер біздің мақсатқа жетуімізге сырт нәрселер кедергі жасаса (басқа адамдардың кедергісі, түрлі жағдай болмаушылық, т.б.), бұларды да жеңіп отыруымыз қажет.

Осыдан зерттеу жұмысының терең өзектілігі байқалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: ерік және ерік қасиеттерін зерттеу

Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:

  • Ерік түсінігін ашу;
  • Ерік қасиеті, диагностикасын анықтау;
  • Ерік қасиетін тәрбиелеу жолдарын көрсету.

Зерттеу объектісі мектеп оқушылары

Зерттеу пәні жеке адамның ерік және ерік қасиеттеріне қатысты психикалық құбылыстар мен процесстер

Зерттеу болжамы: ерік қимылдарын өзінен-өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның өмір сүрген ортасына байланысты дамып отыратын, үй қызметі продуктісінің бірі болып, есептелінетін психикалық процесс деп түсінуіміз қажет.

 

Іздеу