Жастық шақтағы мінезді қалыптастырудың акцентуациясы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Жастық шақта мінездің ерекшеліктері 5
1.1 Мінез және оның құрылымы, жастық шақта
оның ерекшеліктері 5
1.2 Мінездің акцентуациясының типтері 6
2 Жастық шақтағы мінезді қалыптастырудың
акцентуациясының көріністері 12
2.1 Жастық шақта мінездің акцентуациясы 12
2.2 Отбасы мінезді қалыптастырудың факторы ретінде 13
3 Тәжірибелік бөлім 16
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22


КІРІСПЕ

Мінез ол  жеке тұлғаның тұрақты психикалық қасиеттері, ол нақты ситуация жеке тұлғаның өмір сүру және мінез құлқының тәсілдерін анықтайды.  Мінез темпераментпен тығыз байланысты, ол мінездің сыртқы көрінісі ретіндемінездің кез келген ерекшеліктеріне өз ықпалын тигізеді. 

Мінез барысында жеке тұлға оның мазмұны тарапынан көрінетін болса, темпераментте оның динамикалық көріністері белгілі болады.

Мінез-қылық деп организмнің өз мұқтаждығы мен қоршаған орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ететін күрделі әрекетін айтады. Ол организмге сыртқы орта мен өзінің ішкі күйін сезінуді, әр түрлі әсерлерге тиімді жауап қайтаруды қамтамасыз ететін барлық процестердің жиынтығы. Мінез-қылық тек қимыл-әрекеттермен ғана бейнеленбейді.

Отбасы қызметі- құрылымдық ұйымдастыру және  дамумен тығыз байланысты. Отбасы тәртіп ережесі  сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынас сипатына  да әсер етеді. Отбасы  қызметі негізі екі тұрғыда қарастырылады: әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер. Отбасында көрініс алатын мінез – құлық феномені және процестері.Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және  дене  жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір – бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ  өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.

Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы,  сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз  маңыздылығын жоя бастады, ал  уақыт талабына сай әлеуметтік – психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір – біріне  психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.

Баланың ата – ана және құрбыларымен қарым – қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез – құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл  тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы – құрдастарымен қарым – қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың  отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс - әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік  тәжірибесін айқындайды.

Бұл процестердің көпшілігі сыртқа білінбей, жүйке жүйесінің өзінде ғана жүреді, белсенді қимыл-әрекетке жалғаспайды, ал кейде ол мықты белсенділік тудырады. Осымен байланысты мінез-қылықтық әрекеттер әлі анық жіктелмеген. Бірақ зерттеушілер мінез-қылықты қөректік, жыныстық, қорғаныстық, ата-аналық т.б. деп бөледі. Тіршілікте мінез-қылықтың аталған түрлері бір-бірімен ұштасып, біте қайнасып, бірінен-бірі туындап жатады. Қазіргі заманда психология ғылымы елімізде даму барысында, сондықтан да қазақ  тілінде зерттеу әдістемелер әсіресе психодиагностикалық әдістемелер құрастырылмаған. Сондай ақ қазақ тілінде психологияға арналған оқулықтар мен әдебиеттердің жетіспеуі сияқты келеңсіздіктер де көп кездесуде.

Сондықтан орыс тілінде жасалған әдістемелерді, оқулықтарды қазақ тіліне аударып қолдануға мәжбүрміз. Біздің қазіргі заманымызда әр түрлі өзгерістерге толы қоғамда  еліміз өркениетті елдер қатарына қосылуға қадам басқан шақта, жас егеменді республикамыз үшін көптеген маман кадрлар, жан-жақты дамыған, кең өрісті жеке толғаларды, іскер адамдарды таңдап сұрыптау сияқты мәселелр туындауда.

Осыған орай Қазақстанда жаңадан дамып келе жатқан психология ғылымы адамдардың психологиялық және фыизиологиялық ерекшеліктерін анықтайтын орыс және шет елдеріде жасалған психодиагностикалық әдістерін қазақ тіліне аударып өз ұлтымыздың өкілдеріне бейімдеп пайдалану арқылы едәуір жәрдем тигізе алады.

Осыдан зерттеу жұмысының терең теориялық және тәжірибелік өзектілігі байқалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: жастық шақтағы мінезді қалыптастырудың акцентуациясының көріністері және оларды түзетудің жолдарын карастыру

Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:

  • Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу;
  • Жастық шақта мінезді қалыптастырудың ерекшеліктерін зерттеу;
  • Жастық шақта мінездің акцентуациясын көрсету;
  • Мінездің акцентуациясының типтерін анықтау;
  • Тәжірибелік бөлімде баланың мінезінің қалыптасу факторларын анықтау жолдарын көрсету.

Зерттеу базасы: Павлодар педагогикалық институттың ПиП 11, 21 топтарының студенттері

Зерттеу болжамы: егер жасөспірімдердің мінез типі анықталмаған болса олардың жүріс-тұрысындағы ауытқулардың пайда болуына әсер ететін  мәселелерді шешу өте қиынға түседі. Жасөспірімдерде психопатия және мінез акцентуациялар бар болғанда кейбір мұғалімдер оқушылардың  мінез ерекшкліктеріне түсіне алмағандықтан бұрыс көзқарас қалыптасып, артық талап қойылады, ал бұдан түсінбеушілік пен қайшылық туындайды. Сондықтан жасөспірімдердің мінез типін анықтау үшін жалпы білім беретін мектеп психологтары да қарым-қатынастың психологиялық коррекциялаудың табысты болуына ықпал етуге тиіс.

 

Іздеу