Жеткіншектер қарым-қатынасының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1-тарау. Жеткіншектер қарым-қатынасының өзіндік бағалауын анықтау 5
1.1 Жеткіншектік кезеңдегі қарым-қатынасының психологиялық табиғаты 5
1.2 Жеткіншектер қарым-қатынасының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері 10
1.3 Жеткіншектердің өзіндік бақылауының қалыптасуына әсер етуші факторлар 22
2-тарау. Жеткіншектер қарым-қатынасының өзіндік бағалауын эксперименттік зерттеу 31
2.1 Эксперименттік зерттеудің мақсаты, болжамы, міндеттері 31
2.2 Зерттеу әдістемелердің сипаттамасы және барысы 31
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы 35
Қорытынды 43
Әдебиеттер тізімі 44


Кіріспе

Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін өзге жұртқа қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады. Топ ішіндегі адамдардың бір-біріне тәуелділігі, бағынуы бірлесіп атқаратын істеріне, өзара көмектесуі олардың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде қалыптасуын көрсететін сипаттар. Адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынас бір-бірін ұнатып қолдау нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым-қатынас олардың бағалы заттарды өзара алмасуы мен бір-бірінің ісін бағалау нәтижесінде қалыптасады. Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісі – адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл-күйі, сергектігі, болашақ мақсат-мүддесі әлеуметтік психологияда өзекті жайт ретінде қарастырылады.

Жеке адамның өзі қоғам мүшесі, әрі әлеуметтік тұлға. Сондықтан, оның өміріндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі – ең алдымен адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанғаттандыру мақсатымен байланысты.

Жеке адамдарды, олардың арасындағы қарым-қатынасты зерттеу қоғамдық құбылыстарды зерттеудің бір жағы және топтың психологиялық климатының факторы ретінде қарастыруға болады. Осы орайда шағын топтардағы қарым-қатынас жасау стилінің маңызы зор болып табылады.

Психология ғылымы жеке адам мәселесін бастан-ақ ұсынған. Соның ішінде жеке адамның өзіндік бағалауы бұл жеке адамға тән мәселелердің ең күрделі және зерттеу маңызына ие мәселе болып табылады. Жеке адамның дамуы, қалыптасуы, оның өмірінің мәні туралы өзіндік сана-сезімі, өзіндік бағалау ерекшеліктері, ондағы жалпы адам бойындағы өзгерістер мен ауытқулар батыс және отандық психологияда әртүрлі тұрғыдан қарастырылған.

Зерттеудің өзектілігі – қазіргі қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесінің өзгеріске толы жағайында шағын топтағы жеке адамаралық қарым-атынас еуде адамдардың бір-бірін қабылдау, өзара түсіністікке жету жолындағы психологиялық механизмдерінің маңызына баса көңіл аудару және болашақ кәсіби психолог мамандардың қоғамдағы шағын топтармен жұмыс жасауда перцептивті қарым-қатынас жағдайларындағы әдіс-тәсілдердің, ұғымдарды пайдалана білуге дағдыландыру.

Мақсаты – жеткіншектер қарым-қатынасындағы өзіндік бағалаудың әсерін психологиялық зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Тақырыпқа байланысты әдебиеттерге шолу жасау.
  2. Жасөспірімдердің қарым-қатынасындағы өзіндік бағалау ерекшеліктерін эксперименттік зерттеу.
  3. Жеткіншектердің өзіндік бағалауының қалыптасуын зерттеу.

Зерттеу объектісі – мектеп оқушыларының қарым-қатынасындағы өзіндік бағалаудың қалыптасуы.

Зерттеу пәні – жас ерекшелік психологиясы.

Зерттеу болжамы – жеткіншектердің өзіндік бағалауының қалыптасу ерекшеліктері және қарым-қатынастағы орны.

Зерттеу әдістері:

  1. Т. Лиридің қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемесі.
  2. «Мен кіммін» әдістемесі.
  3. Дембо-Рубинштейн өзіндік бағалау шкаласы.
  4. «Адамның жеке тұлғалық қасиеттерін сипаттайтын модельді түсініктер» әдістемесі.

Зерттеу базасы: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы №49 қазақ орта мектебі.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы: жеткіншектердің қарым-қатынаста өзіндік бағалауының өсуі және қалыптасуы болашағына өте үлкен әсерін тигізеді.

Зерттеудің практикалық мәні: жүргізілген зерттеу әдісін жоғарғы оқу орындарында нұсқау ретінде студенттерге ұсынуға болады.

Бітіру жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Іздеу