Зейіннің психологиялық және физиологиялық негіздері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Зейіннің психологиялық және физиологиялық негіздері
1.1 Зейін туралы жалпы ұғым
1.2 Зейіннің құрылымы мен түрлері
2 Адам зейінінің типтері
2.1 Зейіннің адам өмірінде алатын орны
2.2 Зейінді тәрбиелеу жолдары
3 Тәжірибелік бөлім
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Қазақ әдетте біреудің білік – бітіміне, мінез – болмысына, хам – қарекетіне, ақыл – парасатына, адамды тыңдай біліп, зейініне риза болса: «Апырай, бұл бір текті, зейінді жан екен ғой!» - деп сүйінеді.

Демек, зейінді жан дегеніміз үлкен ұғымды береді. Ал керісінше сөзі мен ісінің дәйегі жоқ, өзін жұрттың бәрінен ақылды санайтын, қубереке, арзан қылықты адамға айтары «сол бір зейінсіз немені қойшы» деп, бір – ақ ауыз сөзбен – ақ  өз пікірін түйіндеп тастайды. Меніңше, сөз мәнін ұғатын адамға бұдан артық жаза болмаса керек. Расында да атқарған қызметіңе, үстіңдегі үлде мен бүлдеңе, байлығыңа тәуелді болмайтын, бағынбайтын бұл ұғымдар адамның көкірек көзінің таразысы емес пе.

Жалпы зейін туралы туралы ұғымдар әр ғалымның зерттеулерінде әркелкі келеді.Сондықтан зейіннің негізгі қасиеттері, ғалымдардың әртүрлі пікірлері іргелі ізденістің нысанына әбден лайық.

Адамның кез-келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асып отырады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табьшады. Қ.Б.Жарықбаев әз еңбегінде, зейін дегеніміз - адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуы деген анықтама берген. Сәбет Бап-Баба, зейін-адамды қоршаған кәптеген басқалардың ішінен заттар мен құбы-лыстарды бәліп кәрсету деп анықтаған.

Зейін — қабылдау тұйсіктер, ес, қиял, ойлау сияқты ерекше психологиялык ұрдіс емес. Зейін баска психикалық ұдерістерде байқалады. Себебі, біз бір нәрсені қабылдау ұшін зейін қоямыз, есте сактау ұшін зейін саламыз, зейін салып ойлаймыз, әңгімелесеміз. Сондықтан да зейін кез-келген іс-әрекетті орындаудың шарты болып табылады. Мәселен, қарапайым жұмыс, ағаш жару, жер қазу және компьютерде ең кұрделі есептеу техникаларымен жұмыс, ғылыми зерттеу жұмысы зейінсіз іске асуы мумкін емес. Зейін деп психикалық әрекеттің айналадағы заттарға және құбылыстарға бет алып, бағытталып тұйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дұние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру ұшін, психикалық әрекеттеріміздің оларға бет алып жинакталуы ұшін керек. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға, оларды санамызда қалдыруға болмас еді.

Зейін - оку іс-әрекетінін негізгі шарты болып табылады. Себебі, оқу материалын берік меңгеру ең алдымен зейінге тікелей байланысты. Орыстың ұлы классик педагогі К.Д. Ушинский зейін туралы былай деп жазды: "зейін есік тәріздес, ол арқылы бәрі етеді, сыртқы дұниеден адамның жан дұниесіне жеті отырады".

Балалардың ұлгермеушілігін алдымен олардың зейінділігінің жеткіліксіздігінен іздеуіміз кажет. Есінің әлсіздігі, оку материальш меңгерудегі әлсіздігі негізінен зейіннің әлсіздігіне байланысты. Бұны былай тұсінуге болады: адамды қоршаған кәптеген заттардың ішінен біреуін бәліп, зейін аударады, ал барлык, калғандары-на мән бермейді. Міне, осы қасиетінен зейіннің таң-дамалы сипатын аңғарамыз. Басқаша айтқанда, зейін психикалық іс-әрекеттің таңдамалы сипатын білдіреді

Осыдан зерттеу жұмысының терең тәжірибелік және теориялық өзектілігі байқалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: зейінді зерттеу

Зерттеу мақсатына  сай міндетері де анықталды.

  • Зейіннің психологиялық және физиологиялық негіздерін зерттеу;
  • Зейін туралы жалпы ұғымды анықтау;
  • Зейіннің құрылымы мен түрлерін зерттеу;
  • Адам зейінінің типтерін анықтау;
  • Зейіннің адам өмірінде алатын орнын көрсету;
  • Зейінді тәрбиелеу жолдарын зерттеу.

Зерттеу жұмысының объектісі жеке адам болып табылады

Зерттеу пәні адамның зейіні дамуы мен қалыптасуына қатысты психологиялық құбылыстар мен процесстер

Зерттеу болжамы: егер жеке адамның зейіні жақсы зерттелінетін болса көптеген психикалық танымдық процесстердің дамуы қалыпты дамиды.

Зерттеу әдістері: ғылымилылық, психикалық құбылыстар мен фактілерді жүйелеу, талдау.

Іздеу