Қабілет және нышанның ара қатынасы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Қабілет психологиялық құбылыс ретінде 7
1.1 Қабілет ұғымы 7
1.2 Қабілеттің физиологиялық негіздері 10
2 Қабілет және нышанның ара қатынасы 15
2.1 Қабілеттің нышанға байланысты қалыптастыру ерекшеліктері 15
2.2 Қабілет және бейімділік 19
2.3 Қабілет және дарындылық 21
3 Тәжірибелік бөлім
Қабілетті балаларды анықтау жолдары 29
Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі 38


Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасырдың соңғы жарты жылдығында барлық өркениетті елдерде ерекше қабілеті бар  дарынды балаларды анықтап, зерттеу, оқыту және дамыту жұмыстары өркендеді. Өйткені жеке тұлғаның әлеуметтік, саяси-экономикалық, мәдениеттік процестерде ролі өзгерді. Қазіргі кезеңде өндірісті басқару, ғылым, мәдениет, өнер сферасының саласында өз бетінше, шығармашылық тұрғысынан ойлайтын, іскер, алғыр жас маманды қалыптастыру  талап етілуде.

Көптеген дискуссиялы проблемаларға қарамастан, оқытудың ғылымы (генетика, физиология, психология, социология) және реалды практикасы оқыту табыстылығындағы индивидуалды ерекшілектері бар балалар мен оқушылардың шығармашылық потенциалын құрайтын  мүмкіндіктерінің бар екенін дәлелдеді. Шығармашылық потенциал бойынша барлық балалардың әр жас кезеңіне сай, дифференцияциясы ақыл-ой кемшілігінен бастап жоғары таланттылық пен жалпы дарындылыққа дейін әр түрлі.

Өкінішке орай,қазіргі кезде мектептегі және жоғарғы оқу орындарындағы оқыту орташа үлгерімді оқушыға, студент пен маманға бағдарланған. Мемлекет ақыл-ойы кем балалар мен оқушыларды зерттеу, анықтау (диагностика) мен жеке оқытуға көптеген қаржы жұмсауда. Бірақ жоғары шығармашылық потенциалы бар оқушылар, талантты және қабілетті балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қатысты біртұтас зерттеу бағдарламасы жоқ.

Қабілетті  балаларды анықтау бойынша зерттеу жұмыстарының ғылыми мәні: шығармашылықтың табиғаты мен психологиялық механизмдерін ашуға, барлық оқушылар мен балаларды оқыту мазмұны мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру үшін шығармашылық заңдылықтарын қолдану мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Қабілетті  оқушыларды оқыту мен дамыту адамның шығармашылықты дамуының идеалды моделін құрайды.

Осы проблема бойынша зерттеу жұмыстары мен практикасының көрсетуі бойынша қабілеттілік дамудың кез келген этапында баяуап, кейде мүлдем тоқтап қалуы мүмкін. Осыған байланысты, дарынды тұлғаның дамуына арнайы психологиялық көмек пен қолдау қажет.

Қабілеттілікті  дамыту мен диагностикалау проблемасы қазіргі кезде жастардың профессионалды бағдары деп аталатын қоғамдық институтта маңызды болып келеді. Адам қоғамында мұндай институттың қажеттілігі әрдайым болды, бірақ мұны саналы түрде кеш ұғынылды. Барлығымызға белгілі, бұл белгілі психофизиологиялық қасиеттері бар адамдарды таңдауда талап етілген адамның іс-әрекет түрлерінің дамуымен байланысты.

Балалар мен оқушылардың қабілеттілігін анықтауда өткізілген зерттеу жұмыстары, тәжірибелері дарынды балаларды, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін психологиялық, медициналық, педагогикалық, әлеуметтік және экономикалық көмекпен қамтамасыз ету керек екендігіне, ол үшін мемлекеттік бағдарлама құру қажеттілігіне куә болып отыр.

Қоғам әр уақытта да шығармашылықты жеке тұлғаны керек етсе де, тек 20 ғасыр ортасында ғана талант пен қабілеттілік психологиясы бойынша зерттеулер ауқымды жүре бастады. Бұл мәселенің қолға алынуына таланттылар мен дарынды балалар бойынша Дүниежүзілік кеңес құрылғанда ғана (1975 жылы) жоғары қызығушылық туды. Ол дарындылық құрылымын анықтау бойынша, мамандарды дайындайды. Әр түрлі елдерде дарынды балаларға деген әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек көрсетуге арналған әдейі бағдарламалар өңделуде. Біраз елдерде дарындылық орталықтары мен институттары табысты жұмыс жасауда. Бұл мәселені шешуде музыкалық мектептер, мектептен тыс мекемелер, әр түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер мен сыныптар өз үлестерін қосып келеді.

Қабілетті  балаларды анықтап, зерттеу және оларды қолдау жұмысы әр түрлі деңгейдегі пәндер олимпиадаларында, конкурстарда, интеллектуалдық жарыстар барысында орындалуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы (1996 жыл) бұйрығымен аса қабілетті оқушылармен белсенді жұмыс жүргізу жандана түсті. Осыған сәйкес «Жас таланттарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы өңделді. Берілген бағдарламаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы бойынша (№ 256. 1998 жылдың 24 наурызы) білім беру Комитеті жанынан Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ашылды. Бұл кейінгі үш жылдықта теория мен практикада белгілі нәтижелерге жеткізді.

«Қазақстан Республикасында дарынды балаларды айқындау, қолдау және дамыту тұжырымдамасы», нормативті құқықты құжаттандыру пакеті өңделді, көптеген облыстарда ғылыми-практикалық орталықтар құрылды, дарынды балалар үшін жаңа типті мектептер ұйымдастырылды (ғылыми негізделген аралас профильді республикалық сырттай оқу мектептері, ғылыми олимпиадалық қоры бар мектептер.

Бүгінгі таңда педагогикалық оқу орындарында мұғалімдерді қабілеті жоғары балалармен жұмыс жасауға арнайы дайындамайды (тек жеке тұлға теориясын анықтауға байланысты, психология курсында жалпы қабілеттілік және дарындылық туралы жалпы түсінік беріледі). Мұғалімнің біліктілігін квалификациясын жетілдіру жүйесінде де (эпизодтық семинарларды санамағанда) педагогтардың арнайы дайындығына зейін аударылмайды.

Қалалық және ауылдық мектептердегі мұғалімдерді зерттеу жұмыстары, олардың қабілетті балалармен жұмыс жасау дайындығы, балалардың даму белгілері бойынша, оларды дифференциациялап оқытудың кейбір елестері ғана бар екендігін көрсетеді.

Алайда, көптеген мұғалімдерде дарындылық феномені туралы негізгі ұғымдарға байланысты түсініктері де жоқ. Сонымен қатар, дарынды балалармен жұмыс жасауда ғылыми әдістемелік кеңес беретін орталық, не психологиялық-педагогикалық арнайы әдебиеттер жоқ. Осы аталған мәселелер, көрсетілген қайшылықтар, бұл зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді.

Зерттеу мақсаты: қабілеттің  психологиялық ерекшеліктерін анықтау, арнайы дамыту жүйесін қалыптастыру.

Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылады:

  • Берілген тақырып бойынша әдебиеттерге шолу жасау.
  • Қабілет психологиялық құбылыс ретінде талдау жасау;
  • Қабілет ұғымына сипаттама беру;
  • Қабілеттің физиологиялық негіздерін зерттеу;
  • Қабілет және нышанның ара қатынасын анықтау;
  • Қабілеттің нышанға байланысты қалыптастыру ерекшеліктерін көрсету;
  • Қабілет және бейімділікке анықтама беру;
  • Қабілет және дарындылықтың ара байланысын анықтау;
  • Тәжірибелік бөлімде қабілетті балаларды анықтау жолдарын талдау7.

Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: қабілеттің  дамуы мен қалыптасуын зерттеп олардыеретден балаларда анықтау арқылы  жеке тұлғаның дарынды тұлғаға айналдыру процессіне мүмкіншілік туады.

Зерттеу пәні: қабілет және нышанға қатысты психикалық процесстер

Зерттеу объектісі:  жеке тұлға

Зерттеу методологиясы.

Л.С. Выготский, Н.С. Лейтес, С.Л.Рубинштейн, В.Крутецкий, Б.М. Теплов т.б. жеке тұлғаның интеллектуалды дамуын, дарындылығы мен қабілеттілігін дамыту туралы жүйелік идеялары; С.М. Жақыповтың «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» еңбегі,

Іздеу