Қиын балалармен жұмыс істеу (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде 5
1.1 Педагогикалық әдебиеттер қиын балалар түсінігі 5
1.2 Қиын балалар мәселесінің зерттелуі 8
2 Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық
іс шаралар мазмұны 11
2.1 Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар 11
2.2 Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының
атқаратын қызметі 13
2.3 Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесі 18
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22


Кіріспе

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету кезінде адам факторы жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру барысында әр бір жасөспірімнің субъективті талап-тілегін ескеріп, бейім-қабілетін және тіршілік өмір өрісін, белсенді саналы шығармашылык қасиетін одан әрі - дамыту кезек күттірмейтін мәселе.

Саналы және мақсатты бағдарлы тұлғаны қалыптастыру - ең басты бүгінгі қоғамымыздың жоспарлы қағидасы.

Күнделікті өмірде мінез-құлық ерекшеліктері және жеке ерекшеліктер мен өзгешеліктер арасындағы байланыстар байқалады, осы ерекшеліктердің дүрыс құрылмауы мінез-құлықтың кері әрекеттерінің пайда болуына әкеліп соғады. Осыдан зерттеу тақырыбының терең теориялық және тәжірибелік өзектілігі байқалады.

В.Г.Степанов, В.А.Крутецкий мінез-құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе, окушыларды екі қатарға бөледі.

Бірінші қатарға адамгершілік дамуында және мінез-құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушыларды жатқызады, олар: тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дерекі, өтірікші балалар. Мінез-құлықтың  тәртіптілігі және тәртіпті емес белгілері бөлініп карастырылады. Тәртіптілікті мынандай қалыптасқан тәртіпті қатаң сақтау, берілген тапсырманы тез және нақты орындауға тырысу, өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киіміндегі тазалық және жинақылық сияқты және т.б. көрсеркіштер бойынша айқындайды. Тәртіпті емес мінез-құлықты осыған қарама-қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтырап кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау адал еместік жеке қызығушылыктарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан т.б. байқалады.

Екінші қатарға жеке акцентуациясына және мінез-құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады. Мінез акцентуациясы - бұл жеке бітімдегі аса күшейген, мөлшердің ең ақырғы түрі. Сондықтан психогендік ықпалдарға жататын белгілі катардың кейбір осалдығы білінеді. Олар психогендік бүзылудың дамуы үшін сендірілген факторлардың (өткір жан күйзелісі реакциясы, жүйкенің ауруы, психопатиялық даму, реактивті жынданып ауру, мінез - құлықтың патологиялық бұзылуына себепші болған жағдайлар және т.б. салдары болып табылады).

Зерттеу жұмысының мақсаты: қиын балалар тәрбиесі

Зерттеу міндеттері:

  • Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде зерттеу;
  • Педагогикалық әдебиеттер қиын балалар түсінігін ашу;
  • Қиын балалар мәселесінің зерттелуіне шолу жасау;
  • Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұнын ашу;
  • Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шараларды көрсету;
  • Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының атқаратын қызметіне талдау жасау;
  • Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесін ұсыну

Зерттеу объектісі: қиын балалар

Зерттеу пәні қиын балаларды тәрбиелеуге қатысты құбылыстар мен процесстер

Зерттеу әдістері: талдау, жүйелеу, эксперимент, тәжірибежүргізу, сараптама жасау, ғылымилылық.

Зерттеу болжамы: кез келген қоғамда мінез құлқында қиындығы бар балалар қалыптасады, олармен жұмыс істеу ерекше педагогикалық проблема туындайды, сондықтан бұл мәселені жетік зерттеуден қиын балалар тәрбиесінің жетістігі тәуелді.

Іздеу