Қиялдың психологиялық ерекшеліктері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Қиялдың психологиялық ерекшеліктері
1.1 Қиял жөнінде түсінік
1.2 Қиялдың түрлері
2 Жеке адамдар және қиял бейнелерінің жасалу жолдары
2.1 Қиялдар жасалуының тәсілдері
2.2 Қиялды дамыту жолдары
3 Тәжірибелік бөлім
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тiкелей қабылданбаған, мысалы, тарих тұүғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көрiп, бiлмеген, тiптi болуы мүмкiн емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар  енуi мүмкiн. Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңiстiк аясындағы нақты болмыстан шығып, шексiздiк әлемiне есiк ашады. Адам тәжiрибесiн түрлендiрушi және өзгерiске келтiрушi тосын бейнелер қиялдың негiзгi сипатын құрайды.

Әдетте, күнделiктi өмiрдегi қиял не фантазия мәнi ғылымдағы осы сөздермен берiлетiн ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста бiз шындыққа сай келмейтiн, практикалық маңызмағынаға  ие болмағанның бәрiн қиял не фантазия деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял әрқандай шығармашылық iсәрекеттiң негiзi ретiнде көркемөнер, ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмiрдiң барша салаларында көрiнедi. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенiнен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемiнiң бәрi дерлiк қиял мен осы қиялға негiзделген шығармашылықтың  жемiсi.

"Әрқандай бейне, мейлi iрi, мейлi кiшi болсын, нақты қалыпқа келiп, орнықты шындыққа айналудың алдын ойда түзiлген жаңа байланыстар мен қатынастар негiзiнде жасалған қиял түрiнде iске асады" (Рибо). Алайда, қиял қандай түрде көрiнiс бермесiн, (жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял) өздiк ерекшелiгiн жоймайды әрi тек өзiне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял бейнелерiнiң естегi суреттемелерден негiзгi айырмашылығы  олардың нақты болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бейнелерiөткен тәжiрибенiң қайта жаңғыруы, сондықтан да естiң негiзгi қызметi өткен тәжiрибе нәтижелерiн мүмкiндiгiнше өзгермеген формада сақтау, ал қиял процесiнде қай бейне болмасын, өзгерiске түседi, осынысымен де қиял әрқандай шығармашылық ұмтылыстың мiндеттi шартын құрайды.

Сонымен бiрге, қиял арқасында адам өз iсiн бастамай тұрыпақ, болашақ еңбегiнiң нәтижесiн күнi бұрын болжастыра алады. Қиял жәрдемiмен болашақ нәтиженi күтудiң өзi адам еңбегiнiң жануарлар тума қылығынан түпкiлiктi өзгешелiгiн танытады. Қиялдың алдағы iсәрекет өнiмiн болжастыруға мүмкiндiк ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына, мақсатқа жетудегi ынтажiгерiне  қосымша қуат қосады.

Кейде фантазия керi ықпал да жасауы мүмкiн. Алдағы күтiлген жағымсыз жағдайлар немесе қауiпқатер мен бақытсыздықтар адамды күштi күйзелiске тап қылып, оны нақты  оқиғаға сай келмейтiн, шектен тыс, орынсыз қимыл  әрекетке келтiредi. Мұның дәлелi  кенеттен болған өрт кезiнде кей адамдар көрiнiп тұрған көмектi шыдаммен күтудiң орнына көп қабат үйлердiң жоғарғы қабаттарынан өзiн тастап, мерт болғаны. Қиялдың зияны халықта "Қорыққанға қос көрiнедi" мәтелiнде дәл айтылған. Қиялдың бүгiнгi өмiрден арқан бойы алда болып, болашақта күтiлген кей оқиғаларды күнi бұрын танытуы қиял мен ойлаудың арасында тығыз байланыстың барын бiлдiредi. Ойлау сияқты қиял да проблемалық жағдайда, жеке адам қажетсiнуiнен, қоғамдық сананың даму деңгейiне сай туындайды. Мысалы, егер ежелгi дүние адамдары арасында жаратылыстың пайда болуын түсiндiру қажетiнен дiни бейнелер келiп шықса, бүгiнгi күнде бұл үшiн космостық келгiндiлердiң фантастикалық көрiнiстерi қолданылады.

Бiрақ, қиял дүниенi жалпылай және жанама танытатын, ұғымдық мазмұнды негiз еткен ойлаудан ерекшеленедi, себебi ол жарқын елестер түрiнде көрiнiп, нақты бейнелi формада жасалады. Қиялда түзiлетiн нақты, дәл бейнелерде көбiне заттық болмыстан алшақ теориялық ойлар ашылып отырады. Әрбiр қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегiнде өз ойын басқаларға дерексiзденген ұғымдармен емес, нақ бейнелермен түсiндiруге тырысады. Мұның дәлелi тымсал, ертегi, мақалмәтелдер, әрқандай көркемөнер туындысында бiз көрнекi бейнемен ашылатын негiзгi ой, идеяны iздестiретiнiмiз табиғи нәрсе.

Осыдан зерттеу жұмысының терең өзектілігі байқалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: қиял және оның жеке адам тұлғасында алатын орны мен ролін зерттеу

Зерттеу міндеттері:

  • Қиялдың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
  • Қиял жөнінде түсінікке сипаттама беру;
  • Қиялдың түрлерін зерттеу;
  • Жеке адамдар және қиял бейнелерінің жасалу жолдарын анықтау;
  • Қиялдар жасалуының тәсілдерін зерттеу;
  • Қиялды дамыту жолдарын ашу.

Зерттеу объектісі: жеке адам

Зерттеу пәні: қиялдың қалыптасуы мен дамуына байланысты психологиялық құбылыстар мен процесстер 

Зерттеу болжамы: егер жеке адамның қиялы нашар қалыптасатын болса қиялмен байланысты көптеген танымдық процесстердің дамуы да тежеледі.

 

Іздеу