Ойлаудың психологиялық және логикалық ерекшеліктері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Ойлаудың психо-физиологиялық негіздері 5
1.1 Ойлау психологиялық құбылыс ретінде 5
1.2 Ойлау адамның дүниетанымындағы маңызы 6
2 Ойлаудың психологиялық және логикалық ерекшеліктері 9
2.1 Ойлаудың басқа психологиялық процесстермен ара байланысы 9
2.2 Ойлаудың формалары 13
2.3 Ойлаудың түрлері 15
2.4 Ойлаудың педагогикалық аспектілері 18
3 Тәжірибелік бөлім 23
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28


КІРІСПЕ

Адамның өз өмір тіршілігі мен күнделікті іс-әрекетінде әр алуан мәселелерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен күрделі істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған ортамызда бізге әлі де беймәлім құбылыстар мен, сыры ашылмаған нәрселердің көп екендігін көрсетеді.

Айналадағы дүниедегі заттар мен құбылыстар еш уақытта жеке-дара ұшырамайды. Олар  бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста, байланыста болып отырады, бірақ осы байланыс, қарым-қатынастың барлығы бірдей әр уақытта адам санасында сәулелене бермейді. Ал адамның қабылдауы дүниедегі жеке-жеке нақты заттарды ғана қабылдайтын болса ойлауда кісі олардың арасыңдағы қатынас, бай-ланыстарды танып-білуі керек.

Психологиялық ғылымда ойлау  деп ақиқат дүниені өзара барлық байланыс, қатынастарымен сәулелендіретін психикалық процесті айтады. Ойлау біткеннің барлығы дұрыс бола бермейді, кейде адамның ойы айналасындағы дүниені сәулелендіруде қателесіп отыра-ды, Ақиқаттық дүниені объективтік түрдс дұрыс сәулелендіретін ой ғана дұрыс болып шығады.

Ондай ойды диалектикалық ой деп атайды. Диалектикалық ой —ойлаудың ең жоғарғы формасы. Адам ойының қандай категориясын, қандай операциясын алсақ та, түбінде олар обьективтік дүниемен байланысын отырады, не болмаса сол дүниені қайта құруға, өңдеуге жұмсалады.

Соған орай, біз дүниенің сыр-сипатын ұғыну үшін заттар мен құбылыстардың өзара қатынастарының құпиясын тереңірек білуді, оларды ашып көрсетуді мақсат етеміз. Міне, осындай мақсат-мүдделерге жету жолында әрбір адам өзінің іс-әрекетінде заттар мен құбылыстардың белгісіз қасиеттерін, тәжірибесі мен білімінің, шама-шарқының жеткіліксіздігін аңғарады.

Өйткені, әлем шексіз, соған орай дүниені танып білу де шексіз. Адамның ойы сол шексіз әлемдегі нәрселердің сырын, құпиясын білуге бағытталады. Әрбір адам ойланып-толғанғанда өзіне беймәлім нәрселердің сырын ашып, жаңалықты біледі. Мысалы, оқушы оқу материалының мәнін түсініп, есеп шығаратын болса - мұның өзі оған жаңалық ашқандай болып көрінеді. Сондықтан да ойлаудың психологиялық құбылыс ретінде маңызы өте зор.

Осыдан зерттеу жұмысының терең теориялық және тәжірибелік өзектілігі байқалады.

Ғалымдар арасында ой туралы бірнеше теориялар бар. Ассоциациялық эмпирикалық психология адамның ойын елестеулерге теңейді, ойлау елестердің жай ғана қосындысы, шумағы, ойлау да елестеулер секілді ассоциация заңдары бойынша жасалып отырады дейді. Теорияда ойды өте күрделі диалектикалық жолмен өсіп, дамып отыратын процесс екендігін ескертпейді. Оларды ойды жеке әлементтер мен бөлшектерге бөліп, оны сол әлементтердің жай ғана жиынтығы деп қарайды.

Вюрцбург мектебінің психологтары (О. Қюльпе,. Қ. Біолер, Н. Ах т. б.) ой — таза рухани әрекет, ол логиканың заңдарына, ассоциациялық байланыстарға, сезімдік қабылдауға қатысы жоқ сананың тап-таза қасиеті есебінде пайда болады.

Ойлау сыртқы дүниенің бейнесі емес, ол түрлі тәсілдерді, алмастырып отыруы дейді. Ойды елестеулермен байланыстырмайды «таза ой» концепциясын олар ұсынып, ойлау үшін қабылдау мен елестердің ролі қажетсіз деп теріс қорытыиды жасайды. Бұл теориялар өте қате субьективтік, идеалистік теория болып табылады.

Биховиористер ой мен ішкі сөйлеудің ешбір айырмашылығы жоқ дегенді айтады. Бұлардың айтуынша, ол дыбыссыз сөз болып табылады. Әрине бұл да қате, ой мен сөз екі басқа процесс, екеуінің арасында айырмашылықтар бар, бірақ үнемі бірлікте    болып келеді.    Сөз ойды материалдандырып отырады,    Қ. Маркс айтқандай, ой шындығы ылғи да сөз арқылы көрініп отырады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: ойлау психологиялық құбылыс ретінде.

Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталды:

  • Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу;
  • Ойлаудың  психо-физиологиялық негіздерін зерттеу;
  • Ойлау психологиялық құбылыс ретінде талдау;
  • Ойлаудың  адамның дүниетанымындағы маңызын ашу;
  • Ойлаудың психологиялық және логикалық ерекшеліктерін ашу;
  • Ойлаудың басқа психологиялық процесстермен ара байланысын анықтау;
  • Ойлаудың формалары және түрлеріне талдау жасау;
  • Тәжірибелік бөлімде оқушылардың ойлау процесстерінің даму ерекшеліктерін ашу.

Зерттеу объектісі: ойлау процессі.

Зерттеу болжамы: адам ақыл-ойының дамып жетілуі мен білімнің өсуі әрбір ұрпақ жасаған білім қорын меңгеріп,  оларды әлеуметтік   өмір   қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға пайдаланады, сондықтан ойлау процесстерін зерттеу өте маңызды болып табылады.

Іздеу