Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Таным психологиялық категория ретінде 5
1.1 Танымдық қызметтің психологиялық аспектілері 5
1.2 Таным процесстерін зерттеу теориялары 8
2 Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы 14
2.1 Танымдық белсенділік түсінігі 14
2.2 Танымдық белсенділік және оны арттыру жолдары 17
3 Тәжірибелік бөлім 24
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30


КІРІСПЕ

Танымдық процесстер (ес, ойлау, қиял, елес) әрқашанда психология және басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болды. Алғашқы кезеңде танымдық процесстерді зерттеулер алуан түрлі материалды жатқа оқыған кезде естің көлемі жөнінде мәліметтер зерттелді. Кейін жатталатын материалдың мнемикалық процесстерден, жұмысты ұйымдастыру, мотивация, ережелеуге тікелей байланысы анықталды. Ес басқа танымдық процесстермен қатар зерттелетін болды.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.

Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.

Репродуктивтi таным деңгейiнде объект (оқу материалы) сырттай қабылдауда сол деңгейде қабылданады. Т.И.Шамова репродуктивтi танымның мәнiн мақсатқа бағытталған iс – әрекет ретiнде ашады танымның жоғарғы деңгейi – өнiмдi келген белсендi таным болып табылады.

Педагогикалық аспект тұрғысынан белсендiлiктiң үш түрiн бөлiп қарауға болады: ақыл – ой белсендiлiгi, интелектуалды және таным белсендiлiгi.

Ақыл – ой белсендiлiгi элементарлы iс – әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделi түрiне дейiнгi барлық деңгейдегi  нағыз әмбебап iс – әрекет шарты болып табылады. Ол түрлi модификацияларда көрiнуi мүмкiн:

- ынталандыру жаңалығынан туған зейiн белсендiлiгi және бағдарлы – зерттеу iс – әрекетiне бағытталған зерттеу белсендiлiгi ретiнде;

интелектуальды ынталандыру түрiндегi (Д.Б. Богоявленская) көрiнетiн тұлғалық белсендiлiк ретiнде.

Ақыл – ой белсендiлiгiнiң орталық ядросын когнитивтi функциялар мен процесстер құрайды. Н.С.Лейтес «балалық шақтың әр кезеңi -  белсендiлiк дамуының өзiндiк сапалы сатысы» деген қорытындыға келдi.

Интелектуальды белсендiлiк өзiндiк шарттарға сай ой әрекетi ретiнде түсiндiрiледi. Бұл терминнiң кең өрiс алуы, жиi қолданылуы Д.Б. Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты. оның пiкiрi бойынша, интелектуальды белсендiлiк  интелектуальды және интелектуальды емес факторлардан көрiнетiн жүйенiң интегралды қасиетi болып табылады.

Танымдық белсендiлiк – жалпы танымдық белсендiлiк феноменiнiң маңызды саласы, оның негiзi ретiнде адамның ең маңызды қасиетi болып табылады:  қоршаған әлемдi тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтiк мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәндi қарым – қатынасымен, яғни оның алуан түрлiлiгiне енуге ұмтылуымен, санада мәндi жақтарын бейнелеуiмен, себеп – салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтармен түсiндiрiледi.

Психология ғылымында  К.Д. Ушинский, П.Ф. Каптерев, А.П. Нечаев танымдық процесстерді зерттеумен айналысты. Ушинский таным процесстерін талдау кезінде естің процесстенрін екіге бөліп қарастырды  механикалық және логикалық. Осы екіформа бірімен бірі тығыз байланысты

Ойлау және ес процесстерін жан жақты зерттегендер арасында П.П. Блонский, Ф. Барлетт, кейіңгі кезде Дж. Катон, Г. Олпорт, А.Г Комм  жәнее басқа зерттеушілер тарапынан зерттелді.

Осыдан зерттеу жұмысының терең ғылыми теориялық және тәжірибелік өзектілігі айқын көрінуде.

Зерттеу жұмысының болжамы: танымдық қызметті зерттеу және олардың даму ерекшеліктерін жетік білу арқылы ғана оқушылардың танымдық оқу процесстерін дұрыс ұйымдастырып нәтижелі сипатқа келтіруге болады. болашақ педагог және психолог мамандар үшін бұл өте қажетті мәселелердің бірі.

Зерттеу объектісі   танымдық қызмет және оның даму ерекшеліктері

Зерттеу жұмысының мақсаты: танымдық процесстерді және олардың даму ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталды:

  • Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу;
  • Таным психологиялық категория ретінде зерттеу;
  • Танымдық қызметтің психологиялық аспектілерін ашу;
  • Таным процесстерін зерттеу теорияларын зерттеу;
  • Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясын талдау;
  • Танымдық белсенділік түсінігін ашу;
  • Танымдық белсенділік және оны арттыру жолдарын көрсету;
  • Тәжірибелік бөлімде оқушылардың танымдық қызметін анықтау.

Іздеу