Олигофрен балалармен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыс (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
Теориялық бөлім
1 Олигофрен балаларды зерттеуді теориялық аспектілері
1.1 Олигофрения және олигофрения түрлері
1.2 Ақыл ой кемістігі бар балалардың клиникалық көріністері және динамикасы
1.3 Олигофрен балалардың психикалық процесстерінің даму ерекшелігі
Тәжірибелік бөлім
Олигофрен балалармен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстың негіздері
2.1 Олигофрен балаларды диагностикалаудың мәселелері
2.2 Олигофрен балаларға көрсетілетін психологиялық педагогикалық коррекциялық жұмыстың ерекшелігі
2.3 Кемтар балалардың психикалық процесстерін дамытуға арналған психокоррекциялық жұмыстың мазмұны
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі


КІРІСПЕ

Кемістігі бар балаларды жан-жақты тәрбиелей отырып, қоғамның бір мүшесі етіп қалыптастыру және көптеген арнайы мектептерде сияқты, естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептердің негізгі проблемаларының бірі- тәрбиешілердің арнайы мамандықтарының жоқтығы. Сондықтанда біз, келешек дефектолог-сурдопедагогтар осындай жағдайларды тудырмауға тырысуымыз керек.

Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі және кемістігі бар балаларға жан жақты көмек көрсетіледі. Бұл жағдай арнайы заңдармен бекітілген. Бұл заңдар бойынша, мүмкіндігі шектеулі балалар мемлекет қамқорлығына алынып, олар медициналық, техникалық жабдықтармен, дәрі дәрмек және гигиеналық құралдармен тиісінше қамтылады.

Олигофрения инеллектуалды жетіспеушіліктің айқын көрінісі ретінде мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынған жағдайлардың бірі болып табылады.

Бұл бағытта ақыл ой кемсілігі тағдырдың бала мен ата аналарына бірдей салынған тауқыметі. Сондықтан бірлесе күш жұмсап оны жеңуге ұмтылуы жөн.  Сол сияқты олигофрения диагнозі бар балаларға арнайы мекемелер ашылып, мұнда невролог, сурдолог, көз дәрігері, психиатр және логопед, псилог, сурдо, тифло, олигофренопедагогтар, әлеуметтік педагогтар балалармен жұмыс істейді.

Курстық жұмыс бұл бағытта маңызды проблемаларының бірі олигофрен балалардың психикалық даму ерекшеліктеріне арналған. Бұл проблемаларды жетік танып білу арқылы ғана психологтар мен педагогтар олигофрен балаларға тиісті көмек көрсете алады. Осыдан курстық жұмыс тақырыбының терең тәжірибелік, теориялық және әлеуметтік өзектілігі байқалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты ретінде олигофрения диагнозі бар балалардың психиалық ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталды:

  • зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу;
  • олигофрен балаларды зерттеуді теориялық аспектілерін зерттеу;
  • олигофрения және олигофрения түрлеріне ғылыми сипаттама беру;
  • ақыл ой кемістігі бар балалардың клиникалық көріністері және динамикасын зерттеу;
  • олигофрен балалардың психикалық процесстерінің даму ерекшелігін саралау;
  • теориялық тұжырымдамаларды тәжірибелік жолмен белгілеу;
  • олигофрен балалармен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстың негіздеріне шолу жасау;
  • олигофрен балаларды диагностикалаудың мәселелері зерттеу;
  • олигофрен балаларға көрсетілетін психологиялық педагогикалық коррекциялық жұмыстың ерекшелігін танып білу;
  • кемтар балалардың психикалық процесстерін дамытуға арналған психокоррекциялық жұмыстың мазмұны талдау.

Зерттеу объектісі олигофрен диагнозы психология, педагогика ғылымдарында,

Зерттеу пәні олигофрен диагнозы бар балалардың психикалық даму ерекшеліктері.

Зерттеудің болжамы ол олигофрения диагнозы қойылған балалардың психикалық даму ерекшеліктерні жетік зерттеусіз оларға психологиялық педагогикалық коррекциялық жұмысты дұрыс деңгейде ұйымдастыру мүмкін емес.

Зерттеу жұмыстары кезінде фактілерді талдау, анализдеу, саралау, салыстыру, қорытындылау, жүйелеу әдістері барынша қолданылды.

Іздеу