Отбасы бала тәрбиесін қалыптастырушы құралы ретінде (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Отбасылық тәрбиенің теориялық негіздері 6
1.1 Отбасы тәрбиесі түсінігі, мазмұны,
мектеп тәрбиесімен ара байланысы 6
1.2 Отбасы тәрбиесінде ата аналардың алатын орны 10
1.3 Отбасы тәрбиесінің психологиялық аспектілері 13
2 Отбасы бала тәрбиесін қалыптастырушы құралы ретінде 18
2.1 Отбасы тәрбиесінде имандылық,
адамгершілікке тәрбиелеу жолдары 18
2.2 Халықтық педагогикада отбасы тәрбиесіні ерекшеліктері 21
3 Отбасында бала тәрбиесіндегі дағдарыстар
және одан шығу жолдары 26
Қорытынды 41
Қолданылған әдебиеттер тізімі 43


Кіріспе

Отбасы жүйесін- біріңғай білім беру деңгейі  ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады.Отбасындағы  құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы ( жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың  балалары) топта  негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада- ері- әйелінен құралады; үшінші топ –сиблингті, төртінші  топ - ата-ана диадасы –баладан құралады.Әр топ  бөліктерінде  өз алдына  белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады.Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін болады.Сонымен қатар отбасы    түрлі маңызды топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт.

Отбасы қызметі- құрылымдық ұйымдастыру және  дамумен тығыз байланысты. Отбасы тәртіп ережесі  сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынас сипатына  да әсер етеді.

Отбасы  қызметі негізі екі тұрғыда қарастырылады:

  • әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер.
  • отбасында көрініс алатын мінез – құлық феномені және процестері.

Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және  дене  жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір – бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ  өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.

Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы,  сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз  маңыздылығын жоя бастады, ал  уақыт талабына сай әлеуметтік – психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір – біріне  психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.

Баланың ата – ана және құрбыларымен қарым – қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез – құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл  тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы – құрдастарымен қарым – қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың  отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс - әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік  тәжірибесін айқындайды

Зерттеу жұмысының мақсаты: отбасылық тәрбиенің  бала тұлғасын қалыптастырудағы алғы шарттарын зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

  • Отбасылық тәрбиенің теориялық негіздерін зерттеу;
  • Отбасы тәрбиесі түсінігі, мазмұны мектеп тәрбиесімен ара байланысын анықтау;
  • Отбасы тәрбиесінде ата аналардың алатын орнын анықтау;
  • Отбасы тәрбиесінің психологиялық педагогикалық аспектілерін ашу;
  • Отбасы бала тәрбиесін қалыптастырушы құралы ретінде қарастыру;
  • Отбасы тәрбиесінде имандылық, адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын анықтау;
  • Халықтық педагогикада отбасы тәрбиесіні ерекшеліктерін зерттеу;
  • Отбасында бала тәрбиесіндегі дағдарыстар және одан шығу жолдары анықтау.

Зерттеу объектісі: бала тәрбиесі

Зерттеу пәні: отбасылық тәрбие процессінде туындайтын педагогикалық байланыстар, құбылыстар, оқиғалар.

Зерттеу тәсілдері: ғылымилылық, талдау, жүйелеу, салыстырмалы талдау.

Зерттеу болжамы: отбасылық тәрбие баланың қалыптасуында алатын орны зор, себебі ата ананың үлгісі баланың дүниетанымын қалыптастыруда ерекшел орын алады, сондықтан да мектеп тәрбиесі барысында отбасында тәрбиелік процесстерінің деңгейі қандай екенін анықтау, қажетті жағдайд оларды педагогикалық коррекциялаудын орны ерекше, отбасылық тәрбиенің тиісті деңгейде іске асырылуы арқылы ғана бала жеке тұлға ретінде жан жақты қалыптасады.

Іздеу