Сана сезімнің диагностикасы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Сана сезім құрылысы 5
2 Сана сезім құрылысы, компоненттері, функциясы 7
3 Санас сезімнің диагностикасы 11
4 Сана сезімнің әдістемелері 15
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27


Кіріспе

Адам психикасы (санасы) өте күрделі. Бұл — материя дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған касиет. Мұның қалыптасуына еңбек ету, еңбек құралдарын жасап, оны пайдалану, тілдің шығуы ерекше әсер еткен. Бұл айтылғандар адам организмінің құрылымына үлкен өзгерістер енгізе бастайды. Біртіндеп мойын омырткалары жетіле түсті, бас сүйегінің формасы мен көлемі өзгере бастады. Түрегеліп жүру бет әлпетінің (иек, маңдай, ерін т.б.), сезім мүшелерінің дамуына жағдай жасады. Осылардың әсерінен жанның материалдық негізі - ми сыңарлары, әсіресе оның маңдай бөлігі дами бастады. Тіршілік кажетіне байланысты сөйлеу пайда болды.

Мұнсыз адамдардың бірлесіп әрекет етуі мүмкін болмас еді. Осы жағдайлар біртіндеп тек адамға ғана тән жан куаттарының (ойлау, киял, ес т.б.) мазмұнының кеңейіп, сыртқы ортаны дұрыс бейнелей алуына мүмкіндік туғызды. Қоғамдык-тарихи тәжірибе негізінде адамның нәзік дыбыстарды ести алатын құлағы, табиғат көркемдігін көре білетін көзі, аса сезімтал талғамы және т.б. сезім мүшелері дамып жетілді.

Сана — өрбір адамға тән дара қасиет. Ол адамның сыртқы ортамен карым-қатынасқа түсу деңгейіне орай біртіндеп қалыптасады. Адамда жеке санамен қатар оның нақты өскен ортасына, тікелей қоршауына байланысты калыптаскан қоғамдық, этностык (үлттык) санасы да болады.

 Мәселен, қазақ халқының қонақжайлылық, кеңпейілділік, шешендік, қайырымдылық, балажандык, бауырмалдық т.б. қасиеттері оның этностық санасының басты көріністері. Жеке адам санасының калыптасуына, оның мазмұнына қоғамдық сана үнемі ықпал жасап отыратыны хақ.

Адам санасынын басты белгісі - айналасындағы дүние туралы жүйелі ұғым-түсініктерінің қалыптасуына келіп тіреледі. Сананың келесі атрибуты оның өзінің "менін" басқа "мендерден" ажырата алу, алмау дережесіне байланысты туындайды. Сананың келесі бір белгісі - алдына мақсат қоя білуі, оны орындауға кірісуі, оның себеп-салдарын түсіне білуі, осы жолда жіберген қателері мен ақауларын өздігінен түзете алуы.

Сананың ерекше бір көрінісі - оның басқалармен қарым-қатынасқа түсе алуының мән-мәнісін, маңыздылығын түсіне, сөзіне білуден байқалады. Өзінің тәжірибесін, білім, дағдыларын өзінен басқаларға бере білу қабілеті де - сананың басты белгілерінің бірі болып табылады. Кісінің өз бетімен тірнектеп жинаған, осы жолда өзінің жеке белсенділігін көрсеткен жеке санасын өзіндік сана (самосознание) деп атайды.

Адамның сана сезімі кіші жасынан ақ қалыптасады және оның өмірлік қалыптасу деңгейіне ықпалын тигізеді, сондықтан зерттеу мәселесінің терең өзектілігі байқалады.

Зерттеу мақсаты: санасезімнің құрылысын зерттеу

Зерттеу объектісі жеке адам

Зерттеу пәні адамның сана сезімі процесстеріне қатысты психикалық құбылыстар мен процесстер

Зерттеу міндеттері:

  • Сана сезім құрылысы
  • Сана сезім құрылысы, компоненттері, функциясы
  • Сана сезімнің диагностикасы
  • Сана сезімнің әдістемелері

Зерттеу болжамы:

Адамның өзіндік санасы - шексіз, күрделі проблемалардан. Әрқандай тұлға сан қырлы өз "Менінін" көптеген бейнесіне ие: дәл осы мезетте адам өзін қандай деп біледі, болашақтағы өзінің идеялық "Мені" жөнінде не ойлайды, осы "Менді" басқалар қалайынша таниды

Іздеу