Топта психологиялық климатты қалыптастыру (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Топтағы психологиялық климат жөнінде түсінік 5
1.1 Топтағы психологиялық климаттың мән мағынасы 5
1.2 Топтағы психологиялық климаттың негізгі сипаттамалары 7
2 Топта психологиялық климатты қалыптастырудың факторлары 11
2.1 Топтағы психологиялық климатты қалыптастырудың негіздері 11
2.2 Ұйымдастырушылық мәдениет 15
3 Тәжірибелік бөлім
Топта психологиялық климатты анықтау жолдары 18
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26


Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұжым, топ ол бірлескен еңбектің арқасында қоғамдық үшін маңызды міндеттерді шешетін ортақ мүдделері бар адамдар жиыны.

Еңбек етуші ұжымдық топтар меншікке, жеке, қоғамдық мақсаттарға деген қатынастарымен ерекшеленеді. Дамудың деңгейі топтың мүшелерінің мүшелеріне ықпалын тигізіп олардың құндылықтық бағыт бағдарын қалыптастырады. Адам тарапынан моралды нормалар мен дәстүрлерді игеруіне топтағы еңбек тәртібінің, белсенділіктің, инициативаның, шоғарлану деңгейі ықпал етеді.

Қазіргі кезде топта сау психологиялық климатты қалыптастыратын адамдарға деген қажеттілік өсуде. Сол сияқты топтық әрекет жасасу икемдері мен дағдылары   мектеп жасынан қалыптасады.

Қазіргі кезде ғылыми еңбектердің едәуір бөлігі топтағы психологиялық климатты зерттейді. Осыдан зерттеу жұмысының терең ғылыми және теориялық өзектілігі байқалады.

Психологиялық климатты зерттеудің маңызы қазіргі кезде зор. Себебі тәрбиелеудің басты мақсаты жан жақты үйлесімді қалыптасқан жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бұл бағытта жеке тұлға қандай топта қалыптасқан, бұл топтың психологиялық климаты қандай болғанына байланысты жеке тұлға қалыптасады. Жеке тұлғаның қалыптастырудың құралына топ қолайлы психологиялық климат барысында айналады.

Адамның топқа ыкпал ету дәрежесі оның жеке басының қасиеттеріне де тәуелді. Орамды акыл, терең сезім, күшті ерік-жігер, қажыр-қайрат, қабілеттілік осының бәрі ұжым игілігіне айналса, кісінің рухани өмірі бай болса, дағды икем, шеберлігі жеткілікті болса, ол соғұрлым топ ішіне тез сіңш, беделі де жоғары болады. Ал, адам өзін ұжымнан жоғары қойса, әсіресе оған қарсы келуге тырысса, тәкаппарлык корсетсе, оның жұртка ыкпалы темендеп, бара-бара беделінен айрылатын болады.

Курстық жұмыстың мақсаты: топтың психологиялық климаты.

Зерттеу міндеттері:

  • Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу;
  • Топтағы психологиялық климат жөнінде түсінікке сипаттама беру;
  • Топтағы психологиялық климаттың мән мағынасын терең ашу;
  • Топтағы психологиялық климаттың негізгі сипаттамаларын айқындау;
  • Топта психологиялық климатты қалыптастырудың факторларына талдау жасау;
  • Топтағы психологиялық климатты қалыптастырудың негіздеріне сараптама жасау;
  • Ұйымдастырушылық мәдениеттің негіздерін анықтау;
  • Жұмыстың тәжірибелік бөлімінде топта психологиялық климатты анықтау жолдарын келтіру.

Зерттеу пәні: топта адамдар арасында пайда болатын әлеуметтік психологиялық қатынастар.

Зерттеу болжамы: егер топта қалыптасқан психологиялық климаты зерттелінетін болса  және оны қажетті кезде коррекциялау нәтижесінде топтың қызметі жоғары табыстылыққа ие болады.

Іздеу