Тұлға және қарым қатынас (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Тұлға психологияның зерттеу объектісі ретінде 5
1.1 Тұлға туралы жалпы түсінік 5
1.2 Тұлғаны зерттеу тарихы 6
2 Тұлға және қарым қатынас 8
2.1 Тұлғаның қарым қатынас жасау қасиеттері 8
2.2 Тұлғаның топта қалыптасу және дамуы ерекшеліктері 16
2.3Топтағы психологиялық климат 26
3 Тәжірибелік бөлім
Топта қарым қатынасты құрылу деңгейін анықтау әдістемесі 35
Қорытынды 41
Қолданылған әдебиеттер тізімі 44


Кіріспе

Жаңа туған нәресте "адам" деп аталғанымен, "тұлға" деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің "менің" басқа "мендерден", яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс.

Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады.

Мінез, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұжым, топ ол бірлескен еңбектің арқасында қоғамдық үшін маңызды міндеттерді шешетін ортақ мүдделері бар адамдар жиыны.

Еңбек етуші ұжымдық топтар меншікке, жеке, қоғамдық мақсаттарға деген қатынастарымен ерекшеленеді. Дамудың деңгейі топтың мүшелерінің мүшелеріне ықпалын тигізіп олардың құндылықтық бағыт бағдарын қалыптастырады. Адам тарапынан моралды нормалар мен дәстүрлерді игеруіне топтағы еңбек тәртібінің, белсенділіктің, инициативаның, шоғарлану деңгейі ықпал етеді.

Қазіргі кезде топта қарым қатынас қалыптастыратын адамдарға деген қажеттілік өсуде. Сол сияқты топтық әрекет жасасу икемдері мен дағдылары   мектеп жасынан қалыптасады.

Қазіргі кезде ғылыми еңбектердің едәуір бөлігі топтағы жеке тұлғаның қарым қатынас жасау ерекшелігін  зерттейді. Осыдан зерттеу жұмысының терең ғылыми және теориялық өзектілігі байқалады.

Тұлғаның қарым қатынас жасау қасиеттерін зерттеудің маңызы қазіргі кезде зор. Себебі тәрбиелеудің басты мақсаты жан жақты үйлесімді қалыптасқан жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бұл бағытта жеке тұлға қандай топта қалыптасқан, бұл топтың психологиялық климаты қандай болғанына байланысты жеке тұлға қалыптасады. Жеке тұлғаның қалыптастырудың құралына топ қолайлы қатынас жасау  барысында айналады.

Адамның топқа ыкпал ету дәрежесі оның жеке басының қасиеттеріне де тәуелді. Орамды акыл, терең сезім, күшті ерік-жігер, қажыр-қайрат, қабілеттілік осының бәрі ұжым игілігіне айналса, кісінің рухани өмірі бай болса, дағды икем, шеберлігі жеткілікті болса, ол соғұрлым топ ішіне тез сіңш, беделі де жоғары болады. Ал, адам өзін ұжымнан жоғары қойса, әсіресе оған қарсы келуге тырысса, тәкаппарлык корсетсе, оның жұртка ыкпалы темендеп, бара-бара беделінен айрылатын болады.

Курстық жұмыстың мақсаты: тұлға және қарым қатынас.

Зерттеу міндеттері:

  • Тұлғаны психологияның зерттеу объектісі ретінде талдау;
  • Тұлға туралы жалпы түсінік ашу;
  • Тұлғаны зерттеу тарихына шолу жасау;
  • Тұлға және қарым қатынасты анықтау;
  • Тұлғаның қарым қатынас жасау қасиеттерін ашу;
  • Тұлғаның топта қалыптасу және дамуы ерекшеліктерін зерттеу;
  • Топтағы психологиялық климатты зерттеу;
  • Тәжірибелік бөлімде топта қарым қатынасты құрылу деңгейін анықтау әдістемесін жасау.
  • Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу;

Зерттеу пәні: тұлға қарым қатынас жасау барысында туындайтын психологиялық процесстер.

Іздеу