Ұстаздар психологиясы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Ұстаздар психологиясының теориялық аспектілері 5
1.1 Ұстаз психологиялық және педагогикалық зерттеу
объектісі ретінде 5
1.2 Ұстаздың психологиялық бейнесі 6
2 Ұстаздың кәсіби бағыттылығын жетілдіру жолдары 9
2.1 Ұстаздың кәсіби бағыттылығын жетілдірудің ерекшеліктері 9
2.2 Біліктілікті арттыру жүйесін тұлғалық бағдарлы
технология негізінде басқарудың ерекшеліктері 12
3 Тәжірибелік бөлім 19
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26


Кіріспе

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық  коммуникациялық  желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

Қазіргі кездегі жоғары білім беру қоғам талаптарын қанағаттандырудың бірнеше жүйелерін қарастырады, яғни ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау түрі ретінде ғылыми оқу-өндірістік кешендер құру; оқытуды және студент еңбегін дараландыру, білім беруді ізгілендіру; оқытушылардың кәсіби даярлығына жоғары талап қою, жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді даярлау мен олардың кәсіби деңгейін көтеруде педагогикалық мұғалімдерді жаңа технологиялар негізінде көтеру. Мұндай үдеріс әлемнің түрлі елдерде өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне, экономикалық жағдайына, білім беру жүйесінің дәстүрлеріне қарай әртүрлі деңгейде көрініс тапқан.

Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы» деп алатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мәнін білім беру үдерісін өздігінше дамытатын жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың қызметі жетекші фактор болып табылып, оқыту мұғалім мен білім алушының субьектаралық өзара әрекетін қарастыратын және олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.

Педагогикалық іс-әрекеттің қыр-сырын әртүрлі салада қарастырған ауқымды зерттеу еңбектері баршылық. Мәселен, болашақ мұғалімнің кәсіби мәнді сапаларын қалыптастыру және тұлғасын дамыту, педагогикалық іс-әрекеттің дидактикалық негіздерін айқындау,  ЖОО-да оқу  үдерісінің тиімділігін арттыру мәселелері қазақстандық ғалымдар- А.П.Сейтешов, Н.Д.Хмель,  С.А.Ұзақбаева, Л.К.Керимов, Б.Р.Айтмамбетова, Б.Әдікәрімұлы, М.А.Құдайқұлов, А.Е.Әбілқасымова, Ғ.К.Ділімбетова, В.В.Егоров, М.Ж.Жадрина, А.А.Калюжный, М.С.Молдабекова, З.А.Исаева, Б.К.Момынбаев, Г.Ж.Меңлібекова, Г.К.Нұрғалиева, С.А.Жолдасбекова, М.Н.Сарыбеков, Қ.Сарбасова, Ә.Абуов,  Б.С.Имандосова және т.б. еңбектерінде  қарастырған.

Болашақ түрлі сала мамандарының кәсіби бағыттағы даярлығын екі қырынан қалыптастыру бойынша ғалымдар еңбектерінің маңызы зор. Олар: С.Ж.Пірәлиев, Л.А.Шкутина, С.Ә.Әбдіманапов, К.М.Беркімбаев, Ж.К.Оңалбек т.б. болашақ мұғалімдерді кәсіби дярлау; Б.Кенжебеков, Б.А.Оспанова, болашақ мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігі мен креативтілігі туралы еңбектері бар.

Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында педагогикалық технология-ларды ұсынған Н.П.Гузиктің, В.М.Монаховтың, В.Ф.Шаталовтың, Т.Галиевтың, Л.Бектұрғановалардың еңбектері және т.б. ғылыми тұрғыдан практикалық мәні зор еңбектері біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынды.

Педагогикалық технологияларды білім беру саласында пайдаланудың әдіс-тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері В.П.Беспалько,      Ж.А. Қараев, Ш.Т.Таубаева, Б.Т.Барсай, Д.М.Жүсібалиева, М.В.Кларин, Қ.Ө.Қариева, С.А.Көшімбетова, Қ.Қабдықайырұлы, А.А.Саипов, Г.К.Селевко, Б.К.Төлбасова, Л.А.Шкутина  және т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінің арқауы болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: ұстаздар психологиялық негіздерін зерттеу

Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:

  • Ұстаздар психологиясының теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Ұстаз психологиялық және педагогикалық зерттеу объектісі ретінде қарастыру;
  • Ұстаздың психологиялық бейнесін жасау;
  • Ұстаздың кәсіби бағыттылығын жетілдіру жолдарын көрсету;
  • Ұстаздың кәсіби бағыттылығын жетілдірудің ерекшеліктерін ашу;
  • Біліктілікті арттыру жүйесін тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқарудың ерекшеліктерін көрсету.

Іздеу