Іс әрекет жеке тұлға дамуы ретінде (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3

1 Іс әрекет жеке тұлға дамуы ретінде 5

1.2 Іс әрекет ұғымы, жеке тұлға факторы 9

1.3 Тәжірибелік бөлім 21

Қорытынды 32

Қолданылған әдебиеттер тізімі 34

Қосымшалар 35


Кіріспе

Психологияның зерттейтін міндеттерінің және бірі ­ бұл сезімдік қабылдау, саналық және басқа да психикалық процестердің нақты іс­ әрекет жағдайындағы жүрісін, өзгерісін бақылау. Оының нәтижесінде мақсат түрткі өте жетілген әрекет­ қылық реттегіш болып қоймастан, сол әрекет процесіне араласатын психикалық құбылыстарды белгілі жүйеде ұйымдастырушы да. Осы мақсат пен түрткіге байланысты қабылдаудағы таңдамалылық, зейін ерекшелігі, естегі қажет ақпаратты жіктеп алу т.б.іске асады.

Іс­әрекетті психологиялық талдаудың нәтижесінде сол әрекеттің обьектісі болған заттар, әрекет шарттары мен құрал­жабдықтарының адам басында бейнелік құбылысқа айналып, осы құбылыс өз кезегінде әрекетті орындауға қатысатын дене мүшелеріне қалайынша жетекшілік ықпал жасайтыны айқындалды. Іс­әрекетті зерттей отырып, психология шындықты субьектив бейнелеудің формаларын, деңгейін және қозғалыс­өзгерісін және сол әрекетті психикалық реттеп отырудың еанизмдерін айқындауы тиіс. Сонымен бірге, психология әрқандай іс­әрекеттің оны орындаушы субьектегі психикалық процестерге, қалыптарға, қасиеттерге және жалпы адамзаттың дамуына әсер, ықпалын зерттейді.

Жантану проблемалары қатарында өз түсініктемесін күтетін мәселе: іс­әрекеттің снадағы жоспары мен оның нақты орындалу процесі арасындағы байланыстың іске асуы. Бұл үшін әлі орындалмаған әрекет нәтижесінің саналық бейнелену табиғатын біліп алу қажет.

Мұндай таным қоршаған дүниеде орыны бар құбылыстар заңдылықтарына орай топталады. Адам осы заңдылықтарды аша отырып, өз іс­әрекетінде қолданады. Бұл жағдайда сыртқы заттасқан әрекет ішкі саналық әрекетке ауысады. Объектіге бағытталған заттық әрекет бір сәтке идеалдық операцияларға келтіріледі. Сыртқы нақты іс­әрекеттің саналық ішкі әрекетке айналуы интериоризация деп аталады. Бұл құбылысты келесідей көрнекілікке келтіруге болады: алдымен адам затпен кейбір әрекетке келеді; бұл сырт әрекет затты қолына алып, олай­бұлай қарастырылады; кейін әрекет санаға өтеді де, психикалық әрекетке айналады.

Әрекет бұл жолда қысқарады, біршама жойылады не өзгеріске ұшырайды. Мысалы, баланың есеп­санаққа үйренуі: алғашқыда таяқшаларды ығыстырумен санайды, кейін ­ алдында жатқан таяқшаларға қарап тұрып санайды, ақырында ­ санақ нақты затпен де, оған байланысты әрекетпен де қатысы жоқ дерексіз сана әрекетіне айналады. Енді әрекет обьектісі ­ сан мен сөз. Интериоризацияның арқасында адам психикасы нақты мезгілде көздің алдында жоқ заттармен де әрекеттік байланысқа келе алады, яғни адам сезімдік бейнеден саналық бейне түзу дәрежесіне өтеді.

Сонымен, адам іс­әрекетінде сол әрекеттің ішкі және сыртқы мазмұны тығыз байланысқан. Сыртқы, затпен байланысты ­ қоршаған дүниеге ықпал етудегі адам әрекеті ­ ішкі (псхикалық) әрекетпен анықталады да реттеледі.

Сыртқы заттасқан әрекетті әрдайым ішкі психикалық әрекеттің тысқы көрінісі (экстериоризация) деп қарастыру мүмкін, себебі адам өзінің нақты әрекетінде алдын ала санада жоспарланған ойды іске асырады. Сыртқы әрекет ішкі жоспар қадағалауында болады. Адам орындап жатқан әрекетін ойында бейне не ой түрінде қабылданған жоспармен салыстырып отырады. Міне осыдан жантану ғылымы іс­әрекеттің сырттай көрінісін зерттей отырып, оның ішкі мазмұнын ашады, дәлірек айтсақ, психиканың іс­әрекеттегі нақты рөлін түсіндіреді.

Сыдан зерттеу жұмысының терең тәжірибелікжәне теориялық өзектілігі байқалады.

Зерттеу мақсаты: іс әрекеттің даму теорияларын зерттеу

Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:

  • Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу;
  • Іс әрекет жеке тұлға дамуы ретінде зерттеу;
  • Іс әрекет ұғымын ашу;
  • Іс әрекетті жеке тұлға факторы ретінде талдау;
  • Тәжірибелік бөлімде саналы әрекеттің бір түрі ретінде оқушыларда кәсіби бағдарлау деңгейін анықтау.

Зерттеу объектісі: жеке тұлға

Зерттеу пәні жеке тұлғаның іс әрекеттік қызметі барысында туындайтын психикалық құбылыстар мен процесстер.

Зерттеу болжамы:

Іс ­әрекет әрдайым міндетті түрде психика қатысуымен түзілетін субьектінің обьектімен байланысы. Қандай да бір іс­әрекетті орындау барысында адам бір нәрсені қабылдауы, есінде қалдыруы, ойлауы, оған зейін аударуы қажет; әрекет желісінде оның қандай да көңіл­күй шарпулары туындап, ерік сапалары іске қосылады, ниет­ұстамдары мен қатынастары т.б.қалыптасады. бұларсыз ешбір іс­әрекет болуы мүмкін емес. Біз психикалық деп анықтап жүрген адамдағы процестер, қалыптар мен қасиеттердің бәрі осы іс­әрекет барысында қалыптасады, дамиды, көрініс береді.

Іздеу