Эмоция және сезімдер жеке тұлғаның психологиялық қасиеттері ретінде (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Психология ғылымында эмоция мен сезімдердің
теориялық негіздері 6
1.1 Эмоция және сезімдер ұғымы 6
1.2 Эмоция және сезімдер физиологиялық астары 8
2 Эмоция және сезімдер жеке тұлғаның психологиялық
қасиеттері ретінде 15
2.1 Сезімдерді және эмоцияларды жеке тұлғада
қалыптастыру ерекшеліктері 15
2.2 Оқушылар дамуында сезім және эмоциялардың алатын орны 20
3 Тәжірибелік бөлім
Сезімдер және эмоцияларды дамыту және тәрбиелеуге
арналған әдістеме 23
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер тізімі 39


Кіріспе

Біз күнделікті өмірімізде сезім деген сөзді жиі қолданамыз.«Не сезіп тұрсың?» деген сөйлем мағынысы психикалық таным процесі түйсік ретінде қолданады. Бірақ, түйсік мен сезімді өзара шатастыруға болмайды.Сондай- ақ , қабылдауды да, елесті өзіндік мағынасы бар сезіммен шатастыру, әрқайсысың жеке дара танымдық ерекшеліктері процестерге балау- қателік. Алайда, сезім түйсіну, қабылдау, елес, ойлау, қиял, ес сияқты жеке процестермен байланысты.Өйткені, адам бойынан түрі мен келетінен оның жан дүниесінің мазмұны және жүйесі осы сезімдер арқылы түгелей көрініс береді.

Қазіргі кезде психологиялық әдебиеттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір мағынада қолданып жүр.  Адам сезімнін қайнар бұлағы-бізді қоршаған болмыс,объективті шындық.Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттілектерінің қанағаттырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады. Егер бұл ұғымдрдың мәнін жекелеп талдап көретін болсақ, онда екеуінін арасында елеулі айырмашылығы бар екенін аңғарамыз.

Сөйтіп, сезім дегеніміз не? Сезім - адамның өзіне, өзге адамдарға, қоршаған заттар мен құбылыстарға көңіл-күй қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс.

Сезімнің психикалық процес екендігін тағы бір ерешелігі- оңын адам көніл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде реңк беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар адамға түрліше әсер етіп, қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Ал кейпір ренжітіп тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның сезім күйлері- қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу т.б. көніл- күйдің сипаттық ерекшеліктерін  сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністер мен олардың пайда болуы әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық  рухани-мәдени қажеттілектерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім ұғымының кен мағынада қолданылуы жалпы көніл-күйді, ал эмоция сол көніл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерленуін білдіретін қысқа мерзімді уақытша көрініс.

«Эмоция» ұғымы төркіні – «емовера» деген латын сөзінен «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша – тітіркену, толқу. Бұл –жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу және шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция–адамдар мен жануар дүниесінде көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтежеге жеткізеді немесе көніл-күйін жабырқатып, іс-әрекетті бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көніл-күйіне ұнамды ісер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық – әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелеу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретедеді. Сөйтіп, адамның сезім күй және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі –эмоция –жан дүниесінін жандану мен тіршілік ағамында айтарлықтай маңызы бар психикалық процесс. Сонымен, эмоция дегеніміз –адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырылмау  байланысты туандайтын психикалық күйлер.

Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мінің бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге соқтырады. Мәселен, осындай айырмашылық жануарлар мен адам психикасын арасындағы айырашылықтарды бүркемелеу мүмкін. Жануарлар эмоция түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.

Оқушылар іс әрекетінде эмоциялар мен сезімдердің алатын орны зор. Себебі оқыту және тәрбиелеу процесстерінің табыстылығы оқушылардың эмоциялық және сезімдік деңгейле қабылдауына тікелей байланысты. Оқушыларда сезім мен эмоциялардың жалпы танымдық процесстері барысында алатын орны зор екендігі зерттеу жұмысының терең теориялық және тәжірибелік өзектілігін сипаттайды.

Зерттеу мақсаты: жеке тұлғаның  сезім мен эмоцияларының дамуы

Зерттеу міндеттері:

  • Психология ғылымында эмоция мен сезімдердің теориялық негіздерін ашу;
  • Эмоция және сезімдер ұғымына сипаттама беру;
  • Эмоция және сезімдер физиологиялық астарына талдау жасау;
  • Эмоция және сезімдер жеке тұлғаның  психологиялық қасиеттері ретінде зерттеу;
  • Сезімдерді және эмоцияларды жеке тұлғада қалыптастыру ерекшеліктерін көрсету;
  • Оқушылар дамуында сезім және эмоциялардың алатын орнын анықтау;
  • Тәжірибелік бөлімде сезімдер және эмоцияларды дамыту және тәрбиелеуге арналған әдістемені жасау.

Зерттеу объектісі: жеке тұлға

Зерттеу пәні: жеке тұлғаның сезім мен эмоцияларына қатысты психикалық процесстер

Зерттеу болжамы: жеке тұлғаның эмоциялары мен сезімдерін дамыту және тәрбиелеу арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру процессі табысты болады.

Зерттеу әдістері: ғылымилылық, жүйелілік, талдау.

Іздеу