Жан күйзелісі және одан арылу жолдары (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе...................................................................................................................3

1. Жан күйзелісі және одан арылу жолдары......................................................7
1.1 Жанға түсетін ауыртпашылықтар........................................................9
1.2 Жан шынықтыру тәсілдері...................................................................12
1.3 Вегненетикалық нерв жүйесінің тіршілігі..........................................13

2. Аутогендік жаттығулардың маңызы...............................................................16
2.1 Ритмикалық жаттығулар туралы түсінік.............................................20
2.2 Аутогендік жаттығулар арқылы балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекшелігін зерттеу............22
2.3 Мінез-құлықтағы ауытқушылықтар....................................................25

3. Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу жолдары..................................................29
3.1 Стреске қарсы симптомдар тізбегі......................................................35
3.2 Психобиоэнергетикалық әсер әдісінің мәні.......................................39
3.3 Дене шынықтыру және оның қажеттілігі...........................................40
3.4 Логопедиялық зерттеулер және сараптау...........................................41
3.5 Өзін-өзі тәрбиелеу- өмір талабы.........................................................42

Практикалық бөлім...............................................................................................46

Қорытынды бөлім.................................................................................................66

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................68


Кіріспе

Адамның психологиялық ерекшелігін білу үшін осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керек. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанылған іс-әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.

Аутогендік жаттығулар. Адамдарды өзін-өзі сендіруге, бұлшық еттерін босаңсытуға, зейінінің шоғырлануы қасиетін дамытуға, субъекті үшін маңызды іс-әрекетті көтеріп, машықтандаруға арналған психотерапиялық әдіс. Аутогендік жаттығулардың екі сатысын көрсетуге болады: 1) релакцияға үйрету, ауырлықты, жылылықты, салқындықты түйсіндіру, вегетативтік функцияларды басқаруды куәландыру; 2) гипноздық күйдің әр түрлі деңгейлерін жасау (Г.Щулц т.б.) Аутогендік жаттығу медицинада, психологиялық- педагогикалық қызметте, өзін-өзі тәрбиелеуде, өндірістерде тағы басқа жағдайларда қолданылады.

Тақырыбымыздың өзектілігі: Қазіргі замандағы жан шынықтыру тәсілдері мен аутогендік жаттығуларды пайдаланудан туындайды.

Тақырыптың мақсаты:

 Аутогендік жаттығуларды пайдалана отырып жанның мінезін, дағдысын қалыптастыру.

Тренинг арқылы адамды қызықтыра отырып, білімді берік меңгерту, адамның денсаулығын нығайтып, қиыншылыққа қарсы тұра білу дағдыларын дамыта түсу.

Жанды пайдалы еңбекке, мәдениетті сөйлеуге, тапқырлыққа, ептілік пен күштілікке, бірлесіп қызмет атқаруға, төзімділікке тәрбиелей отырып оқыту.

Оқу үрдісінде психологиялық элементтерді пайдалану оқушылардың пән сабақтарына деген қызығушылықтарын арттыру.

Жанды шыдамдылыққа, материалды жағдайдан, қиыншылықтан шығуға, стреске қарсы тұра білуге, ойлауға, зейінділікке тәрбиелеу. Олардың  рухани   жетілуі мен табиғи өсуін, табиғат құбылысын тануға, өз жан дүниесін түсінуге тесттер мен жаттығулар арқылы бойларына сіңіру.

Тақырыптың міндеті:

Кеңес беруде қолданылатын әдістемелік тәсілдерді қолдану, пайдалану.

Негізгі әдіс және берілген тапсырманың шартын орындау.

Ойындарды қызығушылықты арттыра отырып орындау.

Жаттығу, тренинг барысында күнделікті символдарды талдау.

- Психологиялық тренингтерді пайдалану арқылы адамның тәрбие үрдісін әр түрлі әдіс-тәсілдермен түрлендіру, жетілдіру.

-  Аутогендік жаттығулар арқылы қорқыныш пен қиындықтардың қандай түрін болса да жеңіп, өз денесіне адамның өзі билік жүргізе алатынын, өмірге деген көзқарасын дамытуды көздейді.

- Аутогендік жаттығуды меңгерген адам өзін әр түрлі психологиялық стрестердің зиянды әсеріне қарсы тұрудың шығармашылығын жаттығулар арқылы дамыту.

Тақырыптың ғылыми болжамы: Егерде ұйымдастырылатын жұмыстар жүйелі, мақсатты түрде құрылса, аутогендік жаттығулар мен өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жанның дұрыс жетілуіне, жағдаяттардан оңай шығуына көмектесер еді.

Зерттеу пәні: Өзін-өзі тәрбиелеуде аутогендік жаттығуларды оқытудың түрі.

Зерттеу нысаны: Адам, ал кеңінен алғанда адамдағы мінез-құлықта пайда болған ауытқушылықтардан шығудағы пайдалану әдістері мен жолдарын белгіледі.

Зерттеу әдістері:

  • Тест;
  • Сауалнама;
  • Сұрақ-жауап;
  • Тренингтер;
  • Жаттығулар;

Зерттеу базасы: Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі. МК- 12 тобы. 30 студент.

Тақырыптың ғылыми жаңашылдығы және маңыздылығы: Теориялық және практикалық құндылығы сынып жетекшілеріне, әлеуметтік педагогқа, психологтарға қолданбалы материал бола алады.

Тақырыптың ахуалын бағалау: Аутогендік жаттығулар мен өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі толық зерттелмеген.

Тақырыптың ғылыми әдіснамалық- теориялық негіздері: Қ.Р.Президентінің (2009) халыққа жолдауы, Қ.Р. Білім туралы заңы, Құдияровав А.М. Жарықбаев Қ. Құрманалина Ш. Х. Сейталиева Қ. Ахметова Н. В.В. Богословский. М. Жұмабаев.

Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі, практикалық және қорытынды бөлімдерден, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу