Жасөспірімдердің дамуына әлеуметтік ортаның әсері (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе

I.Жасөспірім кезен және әлеуметтік орта мәселелері

1.1. Жасөспірімдерге жалпы сипаттама.
1.2. Әлеуметтік орта ұғымына түсініктеме.

II. Жасөспірім дамуындағы әлеуметтік қозғаушы күштері
2.1. Жасөспірімнің дамуындағы негізгі қозғаушы күштер.
2.2. Жасөспірімдердің өзін-өзі танып дамуына отбасының әсері.
2.3. Жасөспірімдердің даму кезеңінде кездесетін әлеуметтік факторлар қылмыстың көптеп таралуының бір белгісі ретінде.
2.4. Жасөспірімдердің дамуына бұқаралық ақпарат құралдарының әсері.
2.5. Жасөспірімдердің дамуына достарының, мектептің әсері.
2.6. Жасөспірімдер дамуындағы мінез-құлықтың қалыптасуы.

III. Жасөспірім дамуындағы әлеуметтік ортаның әсерін тәжірибелік зерттеу
3.1. Қолданылған әдістер.
3.2. Зерттеу нәтижелері

Қорытынды

Пайлаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» (Алматы, 2009 жылдың қазан айының 13-і) тақырыбындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттеріне оқыған актілік дәрісінде: «Ұлттың үміті – сендерсіңдер. Саналы да сапалы, білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болмақ. Сондықтан елдің ертеңгі бақыты сендердің қолдарыңда» деп атап көрсетті. Бірақ, бұл міндетті жүзеге асыру үшін «...қазіргі бәсеке заманында жастардан қажыр-қайратын, ынта-жігерін, тынымсыз ізденісін» қалыптастыруды қажет етеді. Осыған орай, қазіргі мектеп алдында қоғамдық бейімділігі бар, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, қарым-қатынас жасай білетін жастарды жаңа әлеуметтік орта парадигмасы негізінде қалыптастыруды міндеттейді. Сондықтан жастарды әлеуметтік ортаға қалыптастыру бүгінгі таңда ең көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.

Жасөспірімдерді әлеуметтік ортаға қалыптастырудың негізгі бағыты – олар өздерін бүгінгі қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, өз еркімен шешім қабылдай алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Жасөспірімдердің дамуына әлеуметтік ортаның әсерін қалыптастыру мен дамыту бағытында мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің маңызы өте зор.

Тарихқа көз жіберетін болсақ, жасөспірімдерді әлеуметтендіру мәселесі ғұлама ойшылдардың еңбектеріне арқау болып келгені мәлім. Мәселен, шығыстың ойшылдары (Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қожа Ахмет Иассауи, Абай, Ы.Алтынсарин, т.б.)  өз еңбектерінде әлеуметтік ортаны қалыптастыруда  түйінді ойларын тұжырымдағаны  белгілі.

Шетел ғалымдарының (Ф.Г. Гидденс, Дж. Мид, Ч. Кули) зерттеулеріндегі жасөспірімдерді әлеуметтік ортаға қалыптастыру мәселесіне байланысты ой-пікірлерін қорыта келгенде, әлеуметтік орта – адамның қызметі мен ақыл-ойына, тәлім-тәрбиесіне дұрыс бағыт беретін жетекші іс-әрекет екендігі көрініс тапқан.

Бертін келе, Ресей психологтары (Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн,         Л.И. Божович, т.б.) және педагог ғалымдар (Ш.А. Амонашвили, Е.В. Бондаревская, Т.А. Ильин, И.С. Якиманская, т.б.) өздерінің зерттеулерінде жеке тұлға мен қоғамның дамуы, оның келешегі, әлеуметтік құзырлықтың бағытына  байланысты екендігі туралы жазған.

Зерттеу жұмысы барысында ғылыми әдебиеттерге талдау жасау негізінде әлеуметтендіру мәселесін ғалымдар әр түрлі бағытта қарастыратындығын айқындадық: теориялық-әдіснамалық бағытта (С.Ж. Пірәлиев, Р.Г. Лемберг,     Н.Д. Хмель, Н.Н. Хан, А.А. Бейсенбаева, Р.К. Төлеубекова, Г. Меңлібекова,     М.С. Молдабекова, А.Ж. Қайдарова, А.Н. Тесленко, т.б.); тарихи психологиялық-педагогикалық тұрғыда (Қ.Б. Жарықбаев, Б.А. Әлмұханбетов, Ә.Н. Көшербаева,     А.Н. Ильясова, Ж.Ы. Намазбаева, С. Қалиев, С.А. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Б.Қ. Әбдіғұлова, т.б.); оқушылардың азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, құқықтық, саяси мәдениетін қалыптастыру, кәсіби бағдарлы тәрбие және әлеуметтендіру бағытында (А.П. Сейтешев, Г.А. Уманов, Л.К. Керимов, Қ.К. Жампеисова, В.В. Трифонов, Г.Т. Хайруллин, М.А. Құдайқұлов, А.А. Саипов, О.Ү. Мұсабеков, Б.И. Мұқанова, Р.А. Джанабаева, Қ.Қ. Шалғынбаева,              Ұ.М. Әбдіғаппарова, Л.Ә. Байсерке, Е.З. Батталханов, С.Б. Омарова, т.б.); әлеуметтік педагогтың іс-әрекетін көрсету арқылы (И.Р. Халитова); жалпы білім беретін оқушылардың өзіндік белсенді іс-әрекетіндегі оқыту үрдісі (Т.С. Сабыров, А.Г. Қазмағамбетов, Ж. Қараев, А.Б. Нұрлыбекова, М.Ж. Жадрина, т.б.).

 ТМД елдеріндегі ғылыми әдебиеттердің сараптамасы көрсеткендей, әлеуметтік мәселе (А.К. Абульханова-Славская, Н.В. Яковлева, т.б.), кәсіби құзырлық (В.А. Сластенин, О.М. Шиян, А.И. Щербаков, т.б.) және ересек адамның құзырлығы (М. Аргайл, Дж. Равен, В.Н. Куницина, т.б.) әлеуметтік құзырлықтың бір бөлігі ретінде (А.К. Маркова) қарастырған; оқушының әлеуметтік құзырлығын анықтайтын психологиялық факторлар мен жеке тұлғалық сипат беретін зерттеу тәжірибелері жинақталған: әлеуметтенудің факторлары мен жағдайлары (В.Г. Бочарова, А.Л. Венгер, И.С. Кон, А.В. Мудрик, т.б.) және әлеуметтік бейімділік (А.К. Маркова, Т.В. Снегирева); тұлғалық өзін-өзі анықтау, өзін-өзі тану, өзін-өзі қалыптастыру мәселесі; әлеуметтік белсенділіктің әркелкі көріністері (Б.Г. Ананьев), тұлғаның әлеуметтік даму сатылары (В.И. Слободчикова, Д.И. Фельдштейн, Д.Б. Эльконин және т.б.) көрсетілген және әлеуметтік жетістікті қабылдау тетігі эксперименталды түрде тексерілу арқылы  негізделген.

Демек, қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дағдарыс жағдайында жасөспірімдерді әлеуметтік ортаға қалыптастыруға деген қоғамның сұранысы мен мектептегі тәрбиенің жағдайы арасында; жасөспірімдерге әлеуметтік ортаның қажеттігі мен оның бір жүйеде зерттелмеуі арасында; бұл әлеуметтік ортаны өмір тәжірибесінде кең көлемде пайдалану қажеттігі мен арнайы жасалған ғылыми- әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтар анық байқалады.

Осы қайшылықтардың тиімді шешімін іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Жасөспірімдердің дамуына әлеуметтік ортаның әсері» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: жасөспірімдердің дамуында әлеуметтік ортаны  қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және жүзеге асыру.

Зерттеу нысаны: жасөспірімдердің дамуы.

Зерттеу пәні: жасөспірімдердің дамуына әлеуметтік ортаның ісері

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, әлеуметтік ортаның қозғаушы күштерінің түрін көбірек зерттеп айқындасақ, онда жасөспірімдердің әлеуметтенуін басқарудың педагогикалық-психологиялық мүмкіншілігін арттыруға болады.

Зерттеудің міндеттері:

  • «әлеуметтік орта», «жасөспірімдердің дамуына әлеуметтік ортаның әсері» ұғымдарының мәнін нақтылау;
  • жасөспірімдердің даму ерекшеліктерін ескере отырып, олардың әлеуметтік ортасын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін құру, сондай-ақ аталмыш қасиетті қалыптастыру арқылы педагогикалық-психологиялық шарттарын анықтау;
  • қазіргі қоғамға сай жасөспірімдердің әлеуметтік ортасын қалыптастыру, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тексеру.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: таным теориясы, философиялық, психологиялық және педагогикалық тұрғыдан жеке тұлға мен оның дамуындағы іс-әрекеттің, біліктіліктің, әлеуметтік ортаның рөлі туралы қағидалары; тұлғалық-бағдарлық, жүйелілік, тұтас педагогикалық үрдіс, құзырлық теориялары және тұлғаның «Мен тұжырымдамасы» құрайды.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени дамуының Тұжырымдамасы (1993),  Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» (1999), Қазақстан Республикасының  «Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасы (1997), «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы (2006), Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын артыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» (2008), психолог-педагог ғалымдардың еңбектері,

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау; жасөспірімдерге қоршаған ортаның әсері зерттеу, бұқаралық ақпарат құралдары, жасөспірімдерге мұғалімдер, ата-аналар, достарының тигізетін әсерлеріне талдау, бақылау, сауалнама жүргізу, әңгіме, жобалау, диагностикалық әдістер (тестер, тапсырмалар, ұжымдық тренингтер), әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық-психологиялық тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс арқылы тексеру, алынған мәліметтерін  сандық жағынан сараптап, қорытындылау.

Зерттеудің негізгі кезеңдері. Зерттеу міндеттерінің шешілуі үш кезеңде іске асырылды.

Бірінші кезеңде еліміздегі жалпы білім беру мектебінің бүгінгі қойылып отырған талаптарына сай әлеуметтік ортаға жасөспірімдерді қалыптастыру мәселелерінің теориялық негізде ғылыми еңбектерін зерттеу арқылы дипломдық жұмыстың ғылыми аппараты анықталды; теориялық-әдіснамалық негізде «әлеуметтік орта», «жасөспірімдердің дамуы» ұғымдарының өзара байланысы зерттеліп, олардың анықтамаларына, құрастыру жүйелеріне мазмұндық сипаттама берілді.

Екінші кезеңде анықтаушы экспериментін өткізу арқылы, яғни жасөспірімдерге арналған бірнеше аймақтардан тұратын сауалнамалар арқылы оқушылардың әлеуметтік ортасы анықталды. Жасаөспірімдердің әлеуметтік ортасын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық шарттары негізделіп, зерттеу жұмысымыздың педагогикалық-психологиялық жүйесі құрылды. 

Үшінші кезеңде Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты қазіргі ғылым мен техниканың даму беталысы жүргізілген зерттеу жұмыстарының мақсатына қарай жасөспірімдердің әлеуметтік ортасын қалыптастырудың диагностикалық деңгейі анықталып педагогикалық-психологиялық технология жасалды.

Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы:

  • жасөспірімдердің дамуына әлеуметтік ортаны қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалып, «әлеуметтік орта», «жасөспірімдердің дамуына әлеуметтік ортаның әсері» ұғымдарының мәні нақтыланды;
  • жасөспірімдердің дамуына әлеуметтік ортаның әсерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық шарттары айқындалды;
  • жасөспірімдердің әлеуметтік ортасын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық технологиясы жасалынып, оның тиімділігі тәжірибелік-эксперимент арқылы дәлелденді.

Зерттеудің практикалық мәні:

  • жасөспірімдердің дамуына әлеуметтік ортасын қалыптастыру диагностикасы жасалынды;

- жасөспірімдердің дамуына әлеуметтік ортасын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі мен технологиясы әзірленді;

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі оның бастапқы теориялық және практикалық тұрғыда дәлелденуімен,  ғылыми аппараттың логикалық бірлігімен, тәжірибелік-эксперимент жұмысының мақсатына, міндеттеріне, мазмұнына сай  кешенді әдістерді пайдаланумен қамтамасыз етілді.

Зерттеу базасы: мектеп

Дипломның құрылымы. Диплом кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеу мақсаты мен нысаны, пәні, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері қарастырылды, ғылыми болжамы айқындалып, зерттеу кезеңдері мен зерттеу базасы, дипломның ғылыми жаңалығы, практикалық құндылығы сипатталып, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары баяндалды.

«Жасөспірімдердің дамуына әлеуметтік ортаның әсері» атты бірінші тарауда «әлеуметтік орта», «жасөспірімдер дамуындағы әлеуметтік орта» ұғымдарына әлеуметтік, педагогикалық тұрғыдан талдау жасалынады. Жасөспірімдердің дамуына әлеуметтік ортаны қалыптастырудағы жас ерекшеліктері мен олардың мүмкіндіктері айқындалып, оқу-тәрбие үрдісінде оның педагогикалық-психологиялық шарттары қарастырылды.

«Жасөспірімдердің дамуына әлеуеттік ортаның әсерін қалыптастырудың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары»  атты  екінші тарауда жасөспірімдердің әлеуметтік ортасынын қалыптастыруға негізделген педагогикалық-психологиялық технологиясы дайындалды, оның мақсаты, мазмұны, әдістері айқындалады; тәжірибелік-эксперименттік жұмысын анықтау, қалыптастыру, бақылау кезеңіндегі әлеуметтік ортаның деңгейлері, нәтижесі мазмұндалады.  

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми ұсыныстар беріледі.

Қосымшада оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға арналған сауалнамалар, тапсырмалар, жобалар ұсынылады.

Іздеу