Жасөспірімдердің таңдамалы қабылдауы (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Жасөспірімдердің таңдамалы қабылдауы........................................................6

1.1 Қабылдау туралы жалпы түсінік....................................................................6
1.2 Сезім мүшелері және қабылдау....................................................................23
1.2.1 Көру анализаторы.......................................................................................24
1.2.2 Есту анализаторы........................................................................................27
1.2.3 Тері анализаторы.........................................................................................30
1.3 Қабылдаудың таңдамалылығы......................................................................30
1.4 Жасөспірімдік кезеңге жалпы сипаттама....................................................33
1.4.1 Жасөспірімдік кезеңнің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері 37
1.4.2 Танымдық аймақ және ақыл- ой ерекшеліктері.......................................40

2.Ойын арқылы таңдамалы қабылдауды дамыту.............................................43

2.1 Ойын туралы жалпы түсінік..........................................................................43
2.2 Оқу процесіндегі таңдамалы қабылдауды дамытуда
ойынның маңызы..................................................................................................45

3. Таңдамалы қабылдауды зерттеуге арналған тәжірибелік жұмыстар.

3.1 Ойын арқылы жасөспірімдердің таңдамалы қабылдауын
дамытуды зерттеу......................................................................... ........................48
3.2 Қабылдауды дамытатын сабақтарға берілген талдаулар............................54

Қорытынды...........................................................................................................71

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................73

Қосымшалар:Глоссарий, суреттер, кестелер....................................................75


Кіріспе

Қазақстан Республикасының егемендік алған алғашқы жылдарыннан бастап білім беру ісіне аса мән берілуде. Білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.

Елбасының биылғы Жолдауында «білім беру саласының басты міндеті-2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту» қажеттігін атап өткен болатын.

Қазір білім беру ісі жаңаша бағытта, адам санасын тазарту, оны жоғары деңгейге көтеру үшін жұмыс істеуі тиіс.

Осы мақсатта  жүздеген новатор- педагогтар, мыңдаған  шығармашыл мұғалімдер жаңа формалар,  болашақтың әдістемелерін қарастырып, жаңалық ашып, біреулер жетістікке жетсе, біреулер  сәтсіздікке ұшырап жатады. Бірақ қазіргі сабаққа деңгейлес,ортақ,универсальды әдістемелер әлі ашылған жоқ. Сәтсіздіктердің құпиясы  мүмкін қарапайым.    Ескі ағымның орнына  жаңа ағым  келу керек   деген пікір бар. Бірақ ұмытылыған ескі әдістің де зертел-меген жаңа жақтары болады. Ендеше, сабақтың  құрамы ежелден келе жатқан  және мәңгілікке бірге болатын әдіспен толықтыру керек . Мүмкін бұл ОЙЫН?

          Ойын- білім берудің ежелгі формасы. «Анасы мен қызы»  ойнын ойнай отыра,біз отбасылық өмірге дайындаламыз; кубиктерді құрастыра отырып, болашақта құрылысшы боламыз;жауынгерлерді сапқа тұрғызу ойнын  ойнай отырып,   болашақ қолбасшыларды тәрбиелейміз. Ойын- оқушымен өзара әрекеттестіктің универсальді дидактикалық формасы. Өзінің  универсальдығымен ойын сабақтан әрқашан  алда тұрады:

  1. Ойын оқу дағдыларының ерекшеліктеріне негізделмейді(зейін, тәртіп, тыңдай білу).
  2. Ойында жас ерекшілікке  шектеу жоқ.
  3. Ойын тілдік кедергілерді де (барьер)  иемденеді.
  4. Ойын оқушылармен жұмыстың белсенді әдісі.Ойынға қатысушылар ойын үстінде осы процестің  субъектісі ретінде сезінеді.
  5. Ойын ақпаратты қабылдаудың бүкіл каналын қосады ( логиканы да, эмоцияны да, іс- әрекетті де ), яғни есте сақтау мен жаңғыртуға ғана сүйенбейді.
  6. Ойын теория мен тәжірбиенің үйлесуі.
  7. Ең негізігісі ойын білім алуға ең сенімді форма.Балалық шақта ойыннан алған тәжірбиеміз, жинаған білімізден айырмашылығы, біз оны өмір бойы ұмытпаймыз.

Зерттеу жұмысының өзектілігі   оқушылардың  таңдамалы қабылдауын дамыту, оқу-тәрбиенің саласын көтеру мақсатында  психология сабағында  түрлі ойын элементтерін пайдаланудан туындайды.

Екіншіден, тақырыбымыздың зерттеу маңыздылығы жасөспірімдердің  таңдамалы қабылдауын дамытуда ойын технологиясының жаңа әдістерін қарастыру.

Тақырыптың зерттеу пәніауыл және қала мектептерінің оқушыларының таңдамалы қабылдауын ойын арқылы дамыта отырып, салыстыра отырып зерттеу

Еңбегіміздің зерттеу объектісі -таңдамалы қабылдау, ал кеңінен айтсақ жасөспірімдердің таңдамалы қабылдауын дамытудың ойын элементтерін пайдаланудың әдістері мен жолдарын белгілейді.

 Мақсаты:

Қабылдауды дамытатын ойындарды пайдалана отырып, оқушының оқу-тәрбие үрдісінде икемділік пен машық дағдысын қалыптастыру және ойын арқылы  таңдамалы қабылдауды зерттеу.

Міндеті:

-Қабылдауды дамытатын ойындарды пайдалану.

-Дидактикалық ойындардың шартын орындау.

-Балалардың қызығушылықтарын арттыру үшін сабақтарда қолданатын дидактикалық материалдар мен көрнекті құралдарды толықтырып отыру;

-Ойынға жұмыла кірісіп ойнау.

-Ойын тәртібін сақтай отырып, адал ойнау.

-Ойын барсында баланың ептілігін, тапқырлығын,икемділігін жақсы білу.

Жету жолдары:

а ) Ойын арқылы  сабақты жүргізу әдістерін жеке-жеке қарастыру;

ә ) Оқушылардың ойын арқылы  танымдық белсенділігін ( есте сақтау, ойлау, қабылдау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйі) зерттеу;

б)Теориялық материалдарды салыстырмалы ретке келтіру;

в ) Сабақта ойын элементтерін пайдалану нәтижесінде туындайтын ойларды қорыта отырып, тұжырымдама жасау;

Негізгі идея: (гипотеза).

Ойын әдістерін сабақта негұрлым терең зерттесе, соғұрлым олардың мазмұндық жағы тереңдей түседі.

Жұмысымызда қолданылған әдістер: тренинг, тапсырмалар жинағы, анализ, синтез.

Теориялық және практикалық құндылығы  зерттеудің нәтижелерін жоғары оқу орындарында әлеуметтік қызметкер, психолог, ұстаздар даярлауда қолдануға болады.Жоғары оқу орындарының психолог- педагог мамандарына  дәріс, ғылыми жұмыстарға, рефератқа  қолдануға тиімді. Мектеп психологына, сынып жетекшілерге оқушылардың жеке ерекшілігін  зерттеуде қолданбалы материал бола алады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • Қазіргі уақыттағы жасөспірім балалардың танымдық белсенділігінің  ерекшелігін анықтауда;
  • Бала жасына сай психологиялық және дидактикалық ойындарды түрлерін жинақтауда және дамытпалы ойындар қайта қарастырылып, өзгерістер енгізілуде;

Қазіргі ғылыми мәселерді шешу, ахуалын бағалау:

Оқушылардың қабылдауын  дамыту  мәселесімен зертеушілер, педагогтар,  психологтар көптеген еңбектері арналған.

Қабылдаудағы заттар нұсқасы И.М.Сеченовтың кейбір еңбектері мен Б.М. Теплов, Б.Г. Ананьевтің зерттеулері зат нұсқасын айыру бастапқы және жалпы қабылдау мүмкіндігі екенін көрсетті Қоршаған дүниені заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерінің негізінде орнығады деп И.М. Сеченов айтқан.

И.М. Сеченов қабылдаудың тұтастық және құрылымдық ерекшеліктері анализатордың рефлектордың қызметінің нәтижесі екендігін атап көрсетті.

 И.П.Павлов көру қабылдауларының тұрақтылығының физиологиялық негіздері болып табылатын уақытша байланыстардың рефлекторлық қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсетті.И.П.Павлов ғылыми-зертеу жұмысында бақылампаздықтың ролін ерекше бағалады.Сондықтан да ол Колтушидағы зертханасының маңдайына «Бақылампаздық, бақылампаздық және бақылампаздық» деген үш сөзді жазығып қойған.

Ал, қабылдау туралы жалпы түсінік   Сәбет Бап-Баба,Қ.Б.Жарықбаев, Т.Т.Тәжібаев еңбектерінде толық қамтылған. Оқушылардың таңдамалы қабылдауын дамыту  жөнінде Жұмасова К.С,Сейталиев, Жарықбаев Қ.Б,Жұмасова  еңбектерін ерекше атап өтуге болады.

Зерттеу жұмысының базасы:

Бұл ғылыми экспериментке Қостанай облысы,Арқалық қаласының №6 А.Құнанбаев атындағы профильді орта мектебінің,Ақмола облысы Жарқайың ауданы Құмсуат ауылының «Ростов» орта мектебінің 5- сынып оқушылары, яғни жасөспірімдер қатысты.

Диплом жұмыстың  құрылымы мен көлемі: кіріспеден, 4 тараудан, қорытындыдан және  пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және  қосымшалардан тұрады

Іздеу