Гумилевтің этногенез теориясы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Л.Гумилевтің шығыстанушылық
көзқарастардың қалыптасуы 5
2 Этногенез теориясының мазмұны 15
2.1 Пассионарлық теориясының қалыптасуы 15
2.2 Тарихи синтезде пассионарлық теориясының алатын орны 17
3 Қазақ тарихы – түркілердің далалық өркениетінің
құрамдас бөлігі 21
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27


Кіріспе

Қазіргідей жаһандану дәуірінде жас азамат өз бойына белсенділік, өзгелермен тіл табыса білу, шыдамдылық, өз сөзінде тұру секілді қасиеттерді көптеп сіңіре білуі қажет. Жас азамат өзін әрдайым жан-жақты жетілдіріп отыруы тиіс. Керісінше, бір ұлттың тілі мен мәдениетін басқа бір ұлттың тілі мен мәдениетінен жоғары қою, менсінбеушілік секілді жаман қасиеттерден аулақ болған жөн. Себебі, бір ұлтты басқа ұлттан жоғары қою – қазіргі әлемдік дамудың бағытына қарама-қайшы келеді. Ал жақсы мен жаманның ара-жігін ажырататындай қасиетті бала санасына жастайынан сіңіруіміз қажет. Белгілі орыс ғалымы Лев Гумилев өз кезеңінде кез келген ұлттың күштілігі оның санының көптігінде емес, өзінің артындағы ұрпағына сақтап, қалдыратын және бүкіл әлемге тарататын рухани мәдениетінде деген болатын. Сол себепті де біз өзіміздің балаларымызды, жастарымызды өзгелерді тыңдауға және түсінуге, басқа ұлттардың тілі мен ділін, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеуіміз керек. Онсыз қазіргідей жаһандану дәуірінде ешқандай жетістікке жете алмаймыз. Қазақстандық жастар өз елінің патриоты болулары керек. Түрлі экстремистік сипаттағы “көзбояушылықтарға” қарсы тұрар иммунитеттерін күшейтулері қажет, деді Н.Назарбаев.

Л.Н. Гумилев өзі пассионарий болды. Оның өміріндегі басты шарты өткір тұрмыстық дискомфорт кезеңдерінің интеллектуалды үстемдік ету кезеңдерімен алмастырылды. Ол алуан түрлі жағдайларды бастан кешірді: майданда, концлагерде өмір көрген адам болды. Демек осындай күрделі тұрмыстық жағдайларда оның теориясының тууына қолайлы жағдайлар туды. Гумилев этногенез сырына ашып ресейлік тарихи ғылымды әлемдік алдыңғы қатарды ойдың көшбасшысына айналдырды. Өмір бақи ол өз өзін бақытта адам ретінде санады, ал қайғылар, оның пікірінше, кез келген зерттеушінің кәсібіне тән деп таныған. 1993 Лев Никлаевич дүниеден қайтты. Гумилевтің басты идеясы пассионарлық теориясы. Оның негізгі қағидалары 1939 жылдың мамыр айындаГумилев қамалда отырған кезде туындаған. Автордың өзіндік мойындауы бойынша, оның тұжырымдамасының қалыптасуына зор ықпал еткендердің арасында Г. Вернадский идеялары, евразиялықтардың тұжырымдамалары, Л. фон Берталанфидің жүйелілік ұстаным теориясы зор әсер еткен. Ұлы орыс георафы, этнолог және тарихшы Лев Гумилев барлық адамдарды пассионарийлер, үйлесімді тұлғалар және субпассионарийлерге жіктеген. Қазіргі таңда әлемдік алдыңғы қатарлы  тарихи ойлардың  арасында қоғамды зерттеудің жаңа ұстанымдары қалыптасуда, олардың арасындаөркениеттік ұстанымдардың алатын орны зор. Мысалы,  өркениеттік ұстаным бойынша адамзаттың дамуы ұллтық дамуы ерекшеліктеріне сай жіктеледі, яғни өзіндік өркениетінің дамуы нәтижесінде қоғам жаңа сатыға көтеріледі. Лев Гумилевтің идеялары сол сияқты оркениеттік ұстанымдардың негізін қалайды, сондықтан да пассионарлық этногенез теориясын зерттеу қазіргі таңда тарихи  ғылым үшін терең тәжірибелік және  теориялық өзектілігі бар мәселелердің бірі болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Гумилевтің этногенез теориясын зерттеу

Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталған:

  • Л.Гумилевтің шығыстанушылық көзқарастардың қалыптасуын зерттеу;
  • Этногенез теориясының мазмұнын ашу;
  • Пассионарлық теориясының қалыптасуына талдау жасау;
  • Пассионарлықты жоғалту құралдарын анықтау;
  • Тарихи синтезде пассионарлық теориясының алатын орнына сараптама жасау.

Іздеу