Этнография ғылымының дамуын зерттеу (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Қазақстанда этнографияның ғылым ретінде
қалыптасуының алғы шарттары 5
2 Академиялық этнографияның тұрақтануы мен дамуы 9
2.1 1940-50 жж этнографиялық зерттеулер тарихы 18
2.2 1960-80 жж этнографиялық білімдер 23
3 Тәуелсіздік жылдарындағы этнология ғылымының
даму ерекшеліктері 26
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29


Кіріспе

Этнография термині көне грек тіліндегі «этнос» – халық, «графейн» – жазу, түсіндіріп жазу дейтін мағына беретін сөздерден жасалған. Кей кездерде этнография ғылымы зерттейтін, айналысатын объектілерді қарастыратын ғылымға этнология термині де қолданылған. Бірақ бұл термин дүниежүзілік шеңберде этнография терминінің баламасы ретінде айналымға жаппай кіре алған жоқ. Қазіргі ғылымда дүние жүзі халықтарын зерттейтін ғылым атауы ретінде этнография термині қабылданған. Этнографияның зерттеу обьектісіне жер бетіндегі барлық ұлттар, халықтар санының аз-көптігіне, даму дәрежесіне, ертедегі немесе қазіргі ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан жатады. Этнос, ұлт, халық ұғымдарына адамзат өркениеті тарихында, этнографиялық, философиялық бағыттағы ғылымдар тарихында әр түрлі, кейде, тіпті, бір-бірін жоққа шығаратын, қарама-қайшы анықтамалар беріліп келді. Мұндай анықтамалар мағынасы мүмкіндігінше тұтастанған қазіргі кездің өзінде де этнографтарда ұлт, халық, этнос терминдеріне келгенде айырмашылықтары бар теориялық тұжырымдар кездесіп жатады. Бұл мәселеде Кеңес одағы этнографтарының беделі әлемдік этнография ғылымында салмақты болғанға ұқсайды. Мәскеу Мемлекеттік университетінің этнография кафедрасы мен ССРО Ғылым академиясы Этнография ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері шығарған «Этнография оқулығындағы» анықтамада «… этнос (халық) дегеніміз адамдардың еркі бойынша емес, табиғи-тарихи процесс нәтижесінде пайда болған әлеуметтік топтасудың ерекше бір түрі. Әр этносқа тән белгі – олардың елеулі тұрақтылығы: әдетте олар көптеген жүз жылдықтар бойы сақталады. Әр этностың белгілі бір ішкі бірлігі болады, сондай-ақ оны осындай типте пайда болған басқа барлық этностардан айырып тұратын өзгеше сипаты болады. Мұның өзінде жеке этносты құрайтын адамдардың өзіндік сана-сезімі: олардың өзара идентификациясы да (бір-біріне жақындығы да), өздері тәріздес қауымдастықтардан «біз» және «олар» дейтін антитеза формасындағы айырмашылықтары да елеулі роль атқарады», – дейді.

Қазақ қоғамының әлемдік тарих үрдісінің бір саласы ретінде өзінің өткенінде жүйелі ой елегіне түспеген, зерттелмеген, зерттелсе де біртекті бағасына ие бола алмаған құбылыстары мен оқиғалары көп-ақ. Қазақ  қоғамының әлеуметтік-саяси, рухани қатынастар жүйесіндегі атқаратын функционалдық қызметі әр кезеңдердегі тарихи-этнографиялық, ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиет пен көркем шығармаларда көбінесе отбасылық салт-дәстүрлер мен діни ғұрыптық жоралар жосындарының ішінде ат үсті ғана қаралып, арнайы зерттеу тақырыбы ретінде қаралмағаны белгілі. Дәстүрлі қазақ қоғамының көп қырлы тіршілік қалыбының жоғары өркениеттілікке тән әлеуметтік-саяси ұйымдасу санаты жоғары дәрежеде болып, үйлесімді өмір сүруінің бұлжымастығын қамтамасыз ететін экономикалық-саяси, әлеуметтік және құқықтық қатынастар нормаларының жиынтығы болды.

Өйткені салт-дәстүр дегеніміз адам қажеттілігін өтейтін барлық материалдық, әлеуметтік және рухани құндылықтардың тоғысы. Оның ішінде әсіресе қай халықта болмасын өлген адамды соңғы сапарға шығарып салуға байланысты қалыптасқан салт-дәстүрлері–уақыт тезіне көне бермейтін, ғасырлар бойы өзгеріске ұшырай қоймайтын белгілі бір әлеуметтік-қоғамдық көзқарастардың, идеялық нормалардың ең бір консервативті түрі болып табылады. Қазақ халқының тұрмысына  байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер тәртібі, белгілі бір табиғи-экологиялық кеңістікті игеру жолында қалыптасқан қоғамдық-әлеуметтік, саяси жүйелердің жиынтығы ретінде этнография ғылымының ең өзекті мәселелерінің бірі десек артық емес

Сондықтан да қалайша осындай  этнографиялық мәліметтер жинақталып зерттелуі жөнінде мәселе тарихи ғылымда аса маңызды және өзектілігі мол тақырып болып табылатыны мәлім Осыдан зерттеу жұмысының терең өзектілігі байқалады. Басқа этнографиялық еңбектерде беріліп жататын этнос, халық, ұлтқа қатысты анықтамалардың ішінде өзінің салмақтылығымен де, дәлдігімен де ерекшеленетін осы анықтаманы көңілге қонымды тұжырым ретінде қабылданады

Зерттеу жұмысының мақсаты: этнография ғылымының дамуын зерттеу

Зерттеу мақсаттарына сай келесі міндеттер анықталды:

  • Қазақстанда этнографияның ғылым ретінде қалыптасуының алғы шарттары
  • Академиялық этнографияның тұрақтануы мен дамуы
  • 1940-50 жж этнографиялық зерттеулер тарихы
  • 1960-80 жж этнографиялық білімдер
  • Тәуелсіздік жылдарындағы этнология ғылымының даму ерекшеліктері

Іздеу