XIX ғасырдың II ші жартысындағы Германия және Отто фон Бисмарк (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Отто фон Бисмарк тарихи тұлға ретінде 5
1.1 Отто фон Бисмартың өмірбаяны 5
1.2 Германияны біріктіру процесіндегі Бисмарктың саяси қызметі 7
2 XIX ғасырдың II ші жартысындағы Германия 10
2.1 Мемлекет ішіндегі өзгерістер 10
2.2 Культуркампф еңбегінің сипаты 17
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер тізімі 20
Қосымша А Отто фон Бисмарк суреті 21
Қосымша Ә Отто фон Бисмарк және жұбайының суреті 22
Қосымша Б Пии IX –ның суреті 23


Кіріспе

Курстық жұмысты таңдау барысында, ең бастысы өзіне ұнайтын, өзін қызығып, зерттейтін тақырыпты таңдап алу. Сол себептен, өзім Германияның тарихын ұнатқанға байланысты және де XX ғасырдағы саяси оқиғаларына өзімде қызығушылық туғыздырғандықтан, менің таңдңған курстық жүмысымның тақырыбы «Отто фон Бисмарк және оның «Культуркампф» еңбегінің саяси мәні».

Бұл кезеңдегі Германия тарихында үлкен өзгерістер болды. Сондықтан, мен өз курстық жұмысымда тек Германияның Темір канцлерімен шектеліп қана қоймай, жалпы тарихи процестерді бір-бірімен тығыз байланыстырып, мысалға салып, келтіріп отырмын.

Зерттеу өзектілігі бұл тақырыптың әліде болса аз зерттелуі, соған қоса қазақша мәліметтердің болмауы ең басты өзектілікке жатқызуға болады. Ал екіншіден жоғарыда айтылып кеткен қызығушылық.

Зерттеу мақсаты бұл курстық жұмыстың алдына қойылған мақсаты бірнеше: Ең алдымен тақырыптың мазмұны мен құрылымын ашу, екіншіден бұл тарихи кезеңге бір жақты көзқараспен емес, көп жақты көзқараспен қарау.

Зерттеу міндеттері басқа курстық жұмыстардай, менін бұл курстық жұмыста ең басты міндет болып тақырыпты жан жақты зерттеп, айтарлықтай толық ашу.

Зерттеу деңгейі ең алғаш болып тапқан оқулық, Бисмарктың өзінің басып шығарған «Мысли и воспоминания» атты 3 томдық кітабы. Оған қоса Кеңес-германдық тарихшы Ерусалимский Аркадий Самсоновичтің «Бисмарк. Политическая  биография» және «Вступительная статья. Мысли  и воспоминания» деген еңбектерін жатқызуға болады. Чубинскидің  «Бисмарк. Политическая биография» атты еңбегін қарастырған болатынмын. Онымен бірге эелідегі орысша материялдарды қазақшаға аударумен айналыстым. 

Зерттеу объектісі бұл курстық жұмыстың басты зерттеу объектісі болып, Отто фон бисмарк болып табылады. Бисмарктың тұлғасын қарастырғанда ең алдымен ата-тегінен бастаған жөн. Бисмарк атақты, бірақ кедейленіп кеткен жанұядан шыққан. Ол прусиялық жериеленушілер-юнкерлер классының өкілі, 1815 жылы 1 сәуірде Берлин маңындағы Шенгаузен деген жерде туды. Жанұя дәстүрі бойынша, ол әскери қызметке түсуді үміттенді. Бірақ профессорлық жанұядан шыққан анасы баланың дипломатиялық  қызметке  баруын  дұрыс көрді. Анасының әсерінен бе, жоқ па Бисмарк мектептен кейін, Геттинген  және Берлин университеттерінде құқықты оқып  шығып, дипломат болуды шешті. Бұл оның тарихта «Германияның темір канцлері» деген атпен қалуына алғашқы қадам болып есептеледі.

Зерттеу тәсілдері курстық жұмысымды зерттеу барысында ең бастысы мәліметтер көзі орыс тілінде болуы, сондықтан да ақпараттарды қазақ тіліне аудару тәсілі, екіншіден берілген тақырып бойынша кітаптар мен оқулықтар іздеу, үшіншіден желі ішінде ақпараттарды табу. Оған қоса тарихи тұлғаны психологиялық жағынан анализдеу.

Курстық жұмыстың жаналығы біздің курстық жұмыс XX ғасырдағы Германияны сипаттағандықтан, тарихи тұлғамыздың яғни Отто фон Бисмарктың мықты саясаткерлігімен қоса өте қатал және ашушан адам болғанын көруге болады. Мүмкін бұл жайтты Бисмарктың жастық шағындағы іс әрекеттерімен түсіндіруге болатын шығар. Себебі жас кезде Бимарк көптеген қақтығыстарда, төбелестерде, жекпе-жектерде жарақат алуымен түсіндіремін. Оған қоса шешесінің өлімінен кейін, фермада жұмыс істеген Бисмарк, көршілері арасында «Жынды Бисмарк» деген лақап атты алуымен дәлелдеуге болады.

Курстық жұмыстың құрылымы менің курстық жұмысым 2 негізгі бөлімнен тұрады. 1 – шісі Отто фон Бисмарк тарихи тұлға ретінде, ол өз ішінде 2 ге бөлінеде 1 - ші Отто фон Бисмартың өмірбаяны, яғни толығымен жастық шағынан бастап, тарихи тұлға ретінде қлыптасуына дейін. Оның ішінде шығу тегі мен ата-аналары туралы мәлімет. 2 – шісі Германияны  біріктіру  процесіндегі  Бисмарктың  саяси  қызметі, яғни Германия тарихындағы алып, және ең маңызды процессті баяндаумен аяқталады. Ал 2 – ші негізгі бөлім XIX ғасырдың II ші жартысындағы Германия. Ол да өз ішінде 2 ге бөлінеді, алғашқысы  Мемлекет ішіндегі өзгерістер, екіншісі Культуркампф еңбегінің сипаты, яғни Мәдениет үшін күрестің барысы мен нәтижесін қорытындылау. Ақырғы бөлім ішіне Қорытынды мен пайдалынған әдебиеттер тізімін жатқызуға болады.

Іздеу