Алғашқы қоғам тарихындағы социогенез (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Алғашқы тобырдың қалыптасуы туралы негізгі тұжырымдамалар 4
1.1 Алғашқы қоғам тобырының қалыптасуы және дамуы 4
1.2 Алғашқы қоғам адамының шығу тарихы 7
1.3 Тобырдағы отбасы және некелік қатынастар 12
2 Ерте рулық қоғамның дамуы 14
2.1 Ерте рулық қоғамның шаруашылығы 14
2.2 Ерте рулық қоғамның қатынастары 19
2.3 Ерте рулық қоғамның рухани мәдениеті 21
3 Кейінгі рулық қоғам құрылымы 26
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29


Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Социогенездің өзектілігі ол мысалға сол кезде көптеген құбылыстар пайда болды. Олар, сол кездегі адамдардың алғаш рет отты қолдануы, мал шаруашылық, аңшылық пен айналысуы адамзаттың өмірін бір шама өзгертті, яғни осы құбылыстарды адамдар қазіргі таңда да дамыған жағдайда қолданып отыр.

Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ-ұзақ кезендерге бөлінеді. Ол тас дәуірі, мыс, қола дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас  дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит).

Зерттеу жұмысының мақсаты: Социогенез ғылымының мақсаты, ең алдымен адамзат қоғамын зерттеу. Алғашқы қоғам тарихы тарихта ең ұзаққа созылған кезең. Алғашқы қоғам тарихы адамзаттың келешек дамуына зор ықпалын тигізген дәуір ретінде табылады.  Сондықтан да, бұл дәуірдің қоғамын зерттеу, тарихты зерттеудің негізі. Социогенез және оның негізгі тұжырымдамалары, қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық, рухани, идеологиялық дамуын дұрыс түсінуге көмектеседі.

Зерттеу жұмысының міндеттері: Социогенез және оның негізгі тұжырымдамаларының міндеті, алғашқы қоғам тобырының қалыптасуы және дамуын, алғашқы қоғам тобырының шығу тарихын, тобырдың отбасы және некелік қатынастарын, ерте рулық қоғамның шаруашылығын, қоғамдық қатынастарын, рухани мәдениетін және кейінгі рулық қоғамды зерттеу және оның сол кездегі құбылысын түсіндіру негізгі міндет болып табылады.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: Палеолит, мезолит, неолит, энолит кезеңдерін қамтиды. Палеолит дәуірі б.з.б 2 млн 500 мың-100 мыңжылдықтар арасын қамтып жатады. Палеолит дәуірінің өзі үш кезеңге бөлінеді, олар: ерте палеолит б.з.б. 2 млн. 500 мың-100 мыңжылдықтар, орта палеолит б.з.б. 100 мың 40 мыңжылдықтар және кейінгі палеолит б.з.б. 40 мың-12 мыңжылдықтар. Мезолит дәуірі б.з.б. 12 мың -5 мыңжылдықтар аралығы. Неолит б.з.б. 5 мың -3 мыңжылдықтар. Энеолит б.з.б. 3мың -2800 жылдықтар аралығы. Қола дәуірі б.з.б. 2-1 мыңжылдықтар. Темір дәуірі б.з.б.1 мыңжылдық. Осы уақыт аралықтарында ежелде алғашқы қоғам адамдары өмір сүрген.

Іздеу