Алғашқы қоғам тарихының діннің ерте формалары (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Алғашқы қоғам тарихының діннің ерте формаларының алғы шарттары 4
1.1 Ежелгі дәуірдегі тарихының теориялық-методологиялық мәселелері 4
1.2 Діннің ерте формалары 7
2 Дінің ерте формаларын даму ерекшеліктері 10
2.1 Мифология 10
2.2 Фетишизм 11
2.3 Анимизм 13
2.4 Тотемизм 14
3 Қазақстандағы діннің мәселелері 16 Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттердің тізімі 26


Кіріспе

Өзектілігі. Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ-ұзақ кезендерге бөлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола), темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның дерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққасозылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас  дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит). Батыс Еуропаның материалдары негізінде құрылған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошелль, шелль, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады.

Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі – шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.

Алғашқы адам ақылиес тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне,  еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді.

Ұсынылып отырған курстық жұмыстың мақсаты –діннің ерте формаларын зерттеу

Бұл мақсатқа жету үшін осындай міндеттер қойылды:

- Алғашқы қоғам тарихының діннің ерте формалары

- Ежелгі дәуірдегі Қазақстан тарихының теориялық-методологиялық мәселелері

- Діннің  ерте формалары

Курстық жұмыстың құрамы: кіріспе, негізгі бөлім (3), қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспеде жұмыстың мақсаты, міндеттері, құрамы анықталады.

Негізгі бөлім үш бөлімшеден құралады.

Қорытындыда жасалған зерттеудің түйіні жазылды.

Қолданылған әдебиеттер тізімінде зерттеу барысында пайдаланған деректердің тізімі беріледі.

Іздеу