Антика дәуіріндегі Греция және Рим мемлекеттерінің тарихы (Мәлімет)

Кіріспе
1 Жалпы Греция тарихы
2 Грек-парсы соғысы
3 Классикалық кезеңдегі Греция.
4 Грек қоғамы
5 Аттика және Афина
6 IV ғ. жартысындағы полистік жүйенің құлдырауы мен Македония үстемдігінің орнауы.
7 Александр Македонскиидің Шығысқа жорығы және Александр державасының құрылуы
8 Эллиндік мемлекеттер.
9 VI ғ.а-III ғ. 1 жарт. Италия мен Рим
10 Римнің Карфагенмен күресі және оның Жерорта теңізінде толық үстемдікке жетуі.
11 Б.з.б. І ғ. Рим республикалық құрылысының дағдарысы және құлдырауы (Юлий Цезарь)
12 Б.з. ІІ ғ. Рим империясының "алтын ғасыры"
13 Рим империясында саяси-әлеуметтік , экономикалық дағдарыстың басталуы
Қорытынды


Ертедегі Греция тарихы- Ежелгі Шығыс тарихының жалғасы. Бұл екеуі- бір қоғам ішінде болған, дамуы әртүрлі мемлекеттер. Бірақ қоғамдарының әлеуметтік құрылымы , мемлекеттерінің пайда болуы жағынан ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Кеңес дәуірі тұсындағы  шетелдік тарихшылардың  зерттеулеріне қарағанда, ежелгі дүние тарихындағы ежелгі мемлекеттер қоғам қалыптасуы, мемлекеттерінің қалыптасып шығуы, таптары дамуы әртүрлі болды, өндіргіш күштердің  қаналуы да әртүрлі болды. Б.э.д. ІІ м.ж. Грецияда пайда болған Ахей мемлекеті туралы жазба деректерінен , археологиялық жазба жұмыстарынан әлдеқайда құнды  материалдар табылды. Ежелгі шығыс елдерінің тарихы туралы  "Одиссея" дастанының авторы Гомер  өз шығармалары арқылы Ахей мемлекеті,  қоғам тарихын баяндайды. Осы эпикалық дастандардың негізінде археолог Шлимман Кіші Азияда Троя қаласының  орнын тапты. Ағылшын ғалымы Едгар Ванс Крит, Кнос, Минос сарайларының  орнын ашты, қазба жұмыстарын жүргізді. Мифологиялық, географиялық  шығармалардың авторы, ертедегі грек тарихшысы Фукидид (б.э.д. 460-400ж. аралығында өмір сүрген) "Тарих" еңбегінің  VIII томында да Пелопенос соғысы туралы жазды. Ол өзінің  "Тарих" атты еңбегінде  оқиғаларды жүйелі баяндап отырған,  оқиғалардың себебі, барысы туралы тарихи  мәліметтерге сын көзбен қараған, оқиғаларды хронологиялық ізгілікпен жазған. Тарихшы Ксенофонт  (б.э.д. 430 ж.)  б.э.д. 401-362 жылдарда грек тарихын жазған. Мазмұны антидемократиялық бағыттағы кітап болса да, Греция тарихы туралы құнды шығарма  болып табылады. Ксенофонт  120 кітап жазған. Олардың ішіндегі "Шаруашылық дамуы" туралы трактаты б.э.д. IV  ғғ. ертедегі Греция экономикасы  туралы мәліметтер береді. Сонымен қатар Ксенофонт  парсылардың қоғамдық құрылысы , Спарта мемлекеті құрылысы туралы жазды. Ертедегі грек ойшылы , тарихшы ғалым  Аристотель (Ivғ.) Афин полисінің саяси құрылысы туралы жазды. Карл Маркс  "Аристотельді ұлы ғалым" деген. Әл Фараби оны  "Бірінші ұстаз"  деген Аристотель Афин демократиялық құрылысы туралы мол мәлімет  жазып қалдырды. Тарихшы Эфор жалпы ертедегі Греция тарихын жазды. Тарихшы Геодор Сицилискийдің кітабында дүние жүзі тарихы тұтас әңгімеленеді.

Ертедегі Грецияда қоғам дамуы, алғашқы қауымдық құрылыстың  ыдырауы тез  қарқынмен өтті . Қозғалмайтын, қозғалатын мүлікке  меншік түрі  сақталды. жер байырғы ( жергілікті) азамат меншігі болып табылады. Жері жоқ  басы бостар пайда болды. Ақша-тауар қатынасы ертедегі  Греция экономикасы  дамуына әсер етті. Қала-мемлекеттер-полистер гүлденді.Тарихшылар пікірі  бойынша,  ертедегі Грецияда  жерді иеленудің  қауымдық формасы эллин дәуіріне дейін сақталды. Полистерде  қоғам дамуы тез болды. Антикалық  қоғамның шығыс елдері қоғамдарынан  айырмашылығы  қанаудың әртүрлі формасы сақталуы, мемлекетті басқаруды ұйымдастыру жолдарының әртүрлілігі болуы. Қала мемлекеттер республика атанды.  Мемлекетті (Афины қ.) басқаруда халық билігі  (демос, демократия) рөлі өсті. Борышқор құлдық  болмады. Жер дін иесі  қарамағында болды.  Ғылым мен өнерге  қамқорлық жасалды.

Б.э. д. ІІ м.ж. Ахей, Крит мемлекеттері Балқан түбегінің оңтүстігінде орналасқан Греция (ертедегі Эллада), Эгей теңізі аралдары Фракия жағалауын , Кіші Азияның  батыс жағы  аралығында орналасқан. Ертедегі Грецияның  ежелгі тарихына көз жіберсек, ең алғашқы адамдарГреция жеріне  шамамен Орта Тас  ғасыры кезінде  қоныстанған. Неолит (Жаңа тас ғасыры) тұсында мұнда  адамдар  мал ұстап, егін өсіруге  бет бұрған. Қола дәуірі тұсында , яғни б.з. б. VIII-XXVғғ.  аралығында Сирос, Парос, Милос, Китнос, Аморгос аралдарында  күміс, қорғасын,  мыс өндірілшен. Қола ғасыры тұсында  тайпа одақтары құрылды. Ол тайпалардың  ең күштісі Ахей тайпалары болды. Б.з.б. ХХ-ХІІ ғ. тұсында Кнос, Фест Аргия, Малия секілді алғашқы  құл иеленуші мемлекеттер пайда бола  бастады. Ежелгі Греция тарихының алғашқы  қауымдық құрылыстан өту кезеңі таптық қоғамның шығуы мен , халықты басқару формасының түбегейлі өзгеруімен байланысты өрбіді.

Б.з.б. ІІІ-ІІ ғ. м.ж. гректердің арғы ата тектері- ертедегі грек тайпалары Дунайдан асып  Балқан түбегіне орналасты. Оларға дейін  бұл жерлерде  жергілікті халықтар  кариилер, лелечтер, пеласчтер мекендеп тұрған еді.  Кейіннен  дореш тайпалары  келіп гректермен  тығыз араласып кетті.деген еңбегінде  ертедегі Греция тарихын қысқаша талдай отырып, Афиин мемлекеті құрылысы туралы жазды. Антикалық құл иеленуші  қоғам туралы,  мемлекетті басқарудың  монархия, республика, демократия секілді формалары туралы Ленин дне баяндап жазған.

Іздеу