Антропогенез және оның негізгі теориялары (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Антропогенездің мәні мен мазмұны 5
1.1 Антропогенез және оның негізгі теориялары 5
1.2 Адамның дамуының әлеуметтік және биологиялық факторлары 12
2 Антропогенездің бастапқы кезеңдері 22
2.1 Епті адам (Homo habilis) 22
2.2 Тік жүретін адам (Homo erektus) 23
2.3 Саналы адам (Homo sapiens) 24
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29


Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Антропогенездің өзектілігі ол адам баласының даму процесі болып табылады. Адамның шыққан тегі туралы проблема адам баласын барлық уақытта бірдей қызықтыратын сұрақ. Бұл табиғаттанудың негізгі сұрағы және оны шешудің дүние танымдылық маңызы бар. Адамның адам болуы туралы идиологиялық күрес ертеден келе жатқан көзқарас. Адамның табиғи пайда болуы туралы көзқарасты материалистік тұрғыдан ған түсіндіруге болады. Материалистік көзқарас Римнің натурфилософы Лукреция Караның «Зат тұрғысы» - «О природе вещей» атты шығармасында берілген. Рим дәрігері К.Гален адамға ең жақыны маймыл деп, оның анатормиясын зерттеген. 1619 жылы Италиян философы Лючилио Ваниниді адам маймыл мен туыстас дегені үшін өртеп өлтірілді. Адам жануарлар дүниесіне жатады деген ұғым зерттеушілердің ойында болғанымен, оны сол кездегі діннің дамуына байланысты идеалистік көзқарасқа қарсы шығу мүмкін болады.Қазіргі заман адамдарына ұқсас қазбалардан табылған адамдардың дене бітімдері осы заман адамдарына сәйкес келген. Олардың ақыл-ойының дамуы неандертальдықтармен, сондай-ақ тік жүретін адаммен салыстырғанда біршама жоғары болған.  Бұған тек миы көлемі және құрылысы ғана емес, әртүрлі және жетілдірілген  кремний қарулары куә бола алады. Оларды дайындау үшін кроманьондықтар қиын өңделетін материалдар – сүйек, мүйіздерді кеңінен пайдалана бастады,әрине оның бәрі адам баласын қатты қызықтырады. 

Кроманьондықтардың еңбек қаруларын зерттеу кезінде олардың сол уақытта жануарлар терісінен киім тігіп, баспана жасай білгендері анықталды. Бұның бәрі адамды ауа райының түрлі жағдайына бейімдеді.

Сол себепті адамдар жер шарының бұрын аяқ баспаған аудандарын игеріп, қоршаған ортаның жағымсыз жағдайларына бейімделе бастады. Осы кезеңде  адам өмірінде ең ірі оқиға басталды.

Яғни өнер туындады. Үңгір қабырғаларына салынған суреттер, тастан және сүйектен жасалған мүсіндер сол уақыттағы алғашқы өнер иелерінің туындылары асқан шеберлікпен орындалған.  Кап үңгіріндегі (Уралда) өнер туындылары бүкіл әлемге белгілі болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: ең алдымен адамзат дамуын зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- антропогенездің мәні мен мазмұнын анықтау;  антропогенез және оның негізгі теорияларын зерттеу; адамның дамуының әлеуметтік және биологиялық факторларын талдау; антропогенездің бастапқы кезеңдерін зерттеу; епті адам (Homo habilis) ұғымын анықтау; тік жүретін адам (Homo erektus) ұғымын анықтау; саналы адам (Homo sapiens) ұғымын анықтау.

Зерттеудің құрамы: кіріспе, үш бөлімшеден тұратын негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: б.з.б. 2,5 млн ж. бұрын адамның пайда болуынан бастап, қазіргі заманға дейін жалғасын табуда.

Іздеу