Ежелгі Спарта мемлекетінің тарихы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Б.э.д. ҮІІІ – Ү ғғ. Ежелгі Спартаның саяси,
әлеуметтік және экономикалық жағдайы 5
1.1 Б.э.д. ҮІІІ – ҮІ ғғ. Ежелгі Спартаның
әлеуметтік– экономикалық әлеуметтік экономикалық дамуы 5
1.2 Б.э.д. ҮІІІ – ҮІ ғғ. Ежелгі Спартаның қоғамдық
ерекшеліктері, мемлекеттік құрылысы және әскери ұйымы 9
2 Пелопоннес Одағындағы Спартаның ролі 14
2.1 Пелопоннес Одағы және Спарта мемлекеті 14
2.2 Пелопоннес соғысындағы Спарта 15
3 Пелопоннес соғысынан кейінгі Спарта мемлекеті 19
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25


Кіріспе

Тарих және онымен байланысты әлеуметтік ғылымдар кез келген мемлекеттің білім беру жүйесінде маңызды роль атқарады. Адамзат  өзінің өткенін түсініп, болашағын жоспарлай алады. Қазіргі кезеңде тарихты оқытудың басты міндеті – жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктерімен сусындату, өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені назарда болуы тиіс.

Өзектілігі: Болашақ тарихшыны дайындауда ғана емес, жалпы кез келеген азаматты қалыптастыруда ежелгі дүние тарихын, соның ішінде Спарта мемлекетінің тарихының ерекшеліктерін оқытушыларға үйрету және игерту үлкен маңызға ие. Жалпы адамзат мәдениетінің, ғылымының, білімінің, мемлекеттілік пен әскери өнердің сан алуан қайнар көзі, сарқылмас бұлағы, алтын бесігі болған ежелгі Грециядағы Спарта мемлекетінің тарихы бүгінгі таңда тарих сахнасында өз құнын жоймайды.

Қалай дегенмен де кейінгі кездері әлем тарихына да, көп көңіл бөлініп жүр. Себебі өз отанымыздың тарихы әлем тарихының бір бөлігі ретінде ала аламыз. Бірақ та, отан тарихымен қоса дүние жүзі тарихының да өзкеті мәселелерін оқыту, оны бала санасына сіңіру, өркениет ошақтарының қалыптасуы мен әлемдік үрдістердің, қоғамның құрылу ерекшеліктерін оқыту бүгінгі күннің талабы. Сондықтан да ежелгі дүние тарихын мектепте оқыту – жүйе бойынша танымның әуелгі сатысы болып табылады. Ежелгі грек тарихындағы орны зор мемлекет болып саналатын ежелгі Спарта мемлкетінің тарихын мектепте оқыту, бала санасына алғашқы мемлкеттерде қалыптасқан мемлкеттіліктің қалыптасуы мен ежелгі мемлекеттер арасындағы қатынастардың нығаю белгілерін тарихи тұрғыда оқушы санасына сіңіру тарихты оқытудағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

«Ежелгі Спарта мемлекетінің тарихы» Ертедегі Шығыс және Жерорта теңізі бассейні жағалауындағы  таптық  қоғамдар  мен  мемлекеттердің  даму жағдайларын  «Ежелгі дүние тарихының»  құрамдас  бөлімі  болып табылады. Ежелгі Спарта тарихы Ежелгі грек мемлекеттерінң қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың пайда болуын, дамуын және құлдырауын қарастырады. Ол   б.э.д. ҮІІІ ғасырлардан басталып, б.э.д. Жерорта теңізіндегі гректік және эллинистік мемлекеттерді Рим империясының жаулап алуымен аяқталады[2, 11 бб].

Зерттеу әдісі: Тақырып бойынша зерттеулерді талдау, зерттеу, салыстыру, оқылған материалдарды синтездеу, бақылау, әңгімелеу болып табылады.

Теориялық негізі: Қоғам, тарих, әдістемелік мәселелерін зерттейтін тарихшылардың еңбектеріне негізделген.

Зерттеу объектісі: Ежелгі Греция тарихының құрамдас бөлігі болып табылатын ежелгі Спарта мемлекетінің тарихы.

Негізгі мақсат: Ежелгі дүние тарихындағы ежелгі Спарта мемлектінің қоғамдық – саяси дамуы, әлеуметтік – экономикалық жағдайы мен мәдениетінің дүниежүзі тарихында алатын орнын жете зерттеп, тарихи тұрғыда талдап қарастыру және аталған мемлекеттің тарихын мектеп курсында оқытудың ғылыми - әдістемелік ерекшеліктерін көрсету.

Міндеттері:

- Ежелгі Спарта мемлекетінің тарихы бойынша әдеби – зерттеулерді, деректер мен ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді тақырыптық талдау.

- Ежелгі Спартаның әлеуметтік– экономикалық жағдайы  мен ежелгі Спарта қоғамының ерекшеліктері мен мемлекеттік құрылысын теориялық тұрғыда зерттеу.

- Тақырыпты оқытудағы Ресей және Қазақстан зерттеулеріндегі озық тәжірибелерді жинақтау.

Гипотеза: Ежелгі Спарта мемлекетінің таихын тақырыбын мектепте оқытудың ғылыми - әдістемелік талаптарын қолдану, тарихи білімдерді қалыптастыруда неғұрлым жоғары дәрежеде ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Практикалық маңызы: Мектеп мұғалімдері мен педагогикалық бағыттағы жоғарға оқу орындары  студенттері үшін мемлекеттіл тілдегі оқу - әдістемелік құрал.

Тарихнамасы: Ертедегі Греция тарихы ХҮІІғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында еуропалық тарих ғылымында көрнекті орын ала бастады. Ертедегі Греция тарихын зерттеу барысында ғалымдар Спарта тарихына мән бермеген тарихшылар жоқтың қасы. Р.Бентали, неміс ғалымдары Ф. Вольф және Г.Б. Нибур еңбектерінде Спарта тілінің тарихы мен  деректерді қортындылау, талдау жасалынған[39, 19бб].

Ертегрек тарихын зерттеуге үлкен қызығушылық танытқан мықты парламенттік , дәстүрлі, классиктік капитализм елі Англия да көңіл бөлді. Әртүрлі саяси партиялардыңқақтығыстарында ерегрек тарихының материалдарын кеңінен пайдаланды, оның ішінде ертегрек полистеріне тән сипаты бар аристократия мен демократияның күресі. ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда Англияда бірінші болып Ерте Греция тарихынан көп томдық еңбектер жинағы жарық көрді. Егер тори жақтаушысы У. Митфорд өзінің «Греция тарихы» еңбегінде консервативтік Спартаның саясаты мен ұйымын мадақтаса, ал либерал Дж. Грот өзінің «Греция тарихы» еңбегінде, керісінше, грек тарихын зерттеуде Афины мен Афины демократиясын мадақтайды.

ХІХ ғасырдың ортасында ертегрек тарихының және мәдениетінің өзіндік жүйесін К. Маркс пен Ф. Энгельс жасады. Олар ертегрек тарихы мен қоғамын материалистік тұрғыдан түсіндіру құл иеленушілік өндіріс тәсілінің классикалық өтпелі дамуы түріндегі қоғамдық – экономикалық формация деп тұжырымдады. Ертедегі Греция тарихын маркстік – лениндік  идеология негізінде зерттеу күрделі процесс болды. Марксистік антиковедтердің негізінде А. И. Тюменев, В. С. Сергеев, С. И. Ковалев еңбектері жатты[40; 12 бб]. ХХ. Ғасырдың

Ерегрек тарихының жаңа концепциясының қалыптасуына В.Д.Блавадскийдің зерттеулері маңызды орын алды. 60-70 жж. жалпыгрек  тарихының мамандар ерекше назар аударған екі түбегейлі мәселесі – құлдық және полис болды. Бірінші мәселе бойынша монографиялық сериалдар жарияланды : «Антикалық әлемнің құлдық тарихын зерттеу». Осы сериалдардың шеңберінде Я. А. Ленцманның «Микендік және гомерлік Грециядағы құлдық», «Антикалық әлемнің шеткері аймағындағы құлдық», «Б.э.д. ІІІ – І ғасырларда эллиндік мемлекеттердегі құлдық», К.К. Зельин мен М.К. Трофимованың «Эллиндік дәуірдегі Шығыс Жерорта теңізіндегі тәуелділік формалары» атты монографиясы, А. И. Доватурдың «Б. э. д. Ү – ІҮ ғасырларда Аттикадағы құлдық» еңбегі жарық көрді. Көптеген деректерді асқан ұқыптылықпен зерттеу нәтижесінде бұл монографияларда Ертедегі Грециядағы құл иеленушілік пен тәуелділіктің басқа да формаларының қазіргі жаңаша баяндалуын, грек әлеміндегі құл иеленушілік өндірістің ролін ашып көрсетті. 60 – 70 жылдары зерттеулерде полис ұйымының әртүрлі жақтарына, ертегрек полистеріне үлкен орын берілді. Ю. В. Андреев, В.Н. Андреев, Л. М. Глускина, Э. Л. Казакевич – Грэйс, Г. А. Кошеленко, Л. П. Маринович, Э. Д. Фролов еңбектерінде ертегрек полистері әртүрлі қырларынан зерттеледі. Полис алдындағы және полис ұйымының ертедегі формаларын, полистің мәні, экономика және оның ішінде аграрлық қатынастардықұлдық және полис өмірін толықтай зерттеген зерттеулер болып табылады.

В. М. Строгецкидің «Классикалық Грециядағы полис және империя» монографиясында классикалық кезеңнің түбегейлі мәселесі: грек полистерінің  гүлдену жағдайларындағы полистік және полис аралық құрылымдардың арақатынастары, тәуелсіз грек қала мемлекеттерінң күрделі және қайшылықты дамуы зерттеледі.

Қазақ тілді басылымдар яғни, Спарта немесе ежелгі Греция тарихы  туралы еңбектер мол деп айта алмаймыз. Тәуелсіздік алғанға дейін мәлімет алуға болатын жалғыз ғана кітап болған. Ол 1978 жылы Ю. С. Крушкол редакциясының басшылығымен жазылған «Ежелгі дүние тарихы» оқулығын айтуға болады. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін де әлемдік тарихқа назар аударып, жазылған әдебиеттер мол деп айту қиын. Ежелгі дүние тарихы жайлы еңбектер мүлдем аз. Қалай десек те Бөкетов атындағы  Қарағанды универстиетінің қолдауымен С.Қ.Төлкеевтің «Ежелгі Греция тарихын» айтуға болады. Аталған еңбекте Спарта тарихы мен спартандық тәрбие кеңінен зерттелген. Спарта қоғамы мен сыртқы саясатына, сондай ақ пелопеннес соғысы жіті зерттелген.

Іздеу