Диоклетиан және Констиантин реформалары қарсаңындағы Рим империясы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Диоклетиан және Констиантин реформалары қарсаңындағы Рим империясы 5
2 ІІІ- ІV ғғ Рим империясының реформалары 7
2.1 Диоклетиан реформалары 7
2.2 Константин реформалары 12
3 Христиан шіркеуінің тұрақтануы 17
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 23


Кіріспе

Рим мемлекеті өз кезіндегі ең ірі және ең мықты мемлекеттердің бірі болған. Рим мемлекетінің тарихын оқи отырып, біз бүгінгі күндегі мемлекеттер Рим мемлекетінің құрылымынан, саяси жүйесінен өзіне көп нәрселер алғанын көре аламыз.

Рим патшалық, аристократиялық республикалық және империялық кезеңдерінде болсын кез келген мемлекетке өзінің мемлекеттік құрылысына алуға үлгі бола алатын. Міне осы жағдайда Рим мемлекеті қашан және қалай пайда болды, оның мемлекеттілігінің ерекшелігі неде деген объективті сұрақтар туындайды. Міне осы кезде Рим мемлекеті туралы мәселе өте маңызды болып келеді деген тұжырымға келеміз, әрине Рим туралы көп зерттелген, көп айтылған, сонда да жас заңгерлерге бұл өте үлкен және керекті мәліметтер деп санаймын. Сондықтан курстық жұмысыма осы тақырыпты таңдап алдым.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаттары Рим мемлекетінің пайда болуына, оның әртүрлі кезеңдегі әлеуметтік және қоғамдық құрылысына көңіл бөлу, әр кезеңдегі мемлекеттің басқару жүйесіне және оның ерекшеліктерін қарастыру және Рим империясының құлау себептерін анықтау.

Б.д.д. 3 ғасырда Римде шексіз монархия режимі - доминат орнады. Римде монархияның шексіз монархияның пайда болуы Диоклетиан деген императордың атымен байланыстырылады. Ескі республикалық мекемелер доминат кезінде толығымен жойылған еді. Империяны басқару бірнеше негізгі ведомстволардың қолында шоғырланды. Оларды тікелей императорға бағынатын сановиктер басқарды. Осы ведомствалардың ішінде маңызды рольге император жанындағы мемлекеттік кеңес, қаржылық және әскери ведомство болды. Оларды императормен тағайындалатын және оған тікелей бағынышты генералдар басқарды.

Диоклетиан жалғыз өзі Рим сияқты империяны басқара алмайтынын біле отырып, өзіне қосалқы әмірші тағайындады. Ол әкімшілік және әскери реформалар жүргізді.

Әкімшілік реформалар бағытында  Империяның тұтастығын нығайту үшін Диоклетиан жаңа әкімшілік бөлініс жүргізді. Италия өзінің ерекше жағдайынан айырылды, империяның бүкіл аумағы 12 диоцезге бөлінді, ал диоцездер 104 провинцияға бөлінді. Италия Батыс және Шығыс Рим империяларына бөлінді. Әрбірінің басында император тұрды, олардың көмекшілерін цезарь деп атады. Әскери реформа Рим әскерін күшейтті. Бүкіл әскерлер үш санатқа бөлінетін болды: шекара, мобильдік және императорды қорғайтын грегориан гвардиясы. Әскер саны көбейді және тұңғыш рекрут жиынтығы бірінші рет енгізілді.

Император жанында мемлекеттік кеңсе құрылды. Императордың сарайында көп шенеуніктер жиналып, оларға орталық басқару функциялары берілді. Қалалар мен провинцияларды солардың басқаруына берді. Императорлардың жалғыз сүйенетін органы оның әскерлері еді. Әскер басшыларының бәрі императорға бағынды.

Доминат жалпы құл иеленушілік құрылысты нығайтуға бағытталды. Ол бүкіл империяның бірлігін, императордың билігін күшейтіп, бюрократиялық әкімшілік аппаратты күшейтуге тырысқан болатын.

Курстық жұмыстың мақсаты: Диоклетиан және Константин рнформаларын  зерттеу, Римде христиан шіркеуінің күшеюін анықтау

Зерттеу міндеттері:

  • ІІІ- ІV ғғ Рим империясының саяси және экономикалық дамуы ерекшелігін зерттеу;
  • ІІІ- ІV ғғ Рим империясының реформаларына талдау жасау;
  • Диоклетиан реформаларына сипаттама беру;
  • Констиантин реформаларына талдау жасау;
  • Христиан шіркеуінің тұрақтануы ерекшелігін зерттеу

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері ІІІ- ІV ғғ Рим империясы

Іздеу