Қола ғасыры – археологиялық дәуір ретінде (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Қола ғасыры – археологиялық дәуір ретінде 5
1.1 Кезеңдеу және дәуірлеу мәселелері 5
1.2 Қоланы алудың тәсілдері 10
1.3 Дәуірдің ерекшеліктері 11
2 Андронов мәдениеті 13
2.1 Андроновшылардың негізгі тіршілік және шаруашылық көзі 13
2.2 Андроновшылардың үй кәсіптері және әдет ғұрпы 15
3 Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті 17
3.1 Тұрақтары және ескерткіштері 17
3.2 Шаруашылығы 22
3.3 Наным сенімі 23
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28


Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан аумағын қола ғасырында мекендеген тайпалар андронов мәдениетіне жататын археологиялық ескерткіштер (қоныстар, қорымдар, кен орындары, жартас суреттері) қалдырды. Бұл атау шартты түрде Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының жанындағы Андроново селосы маңындағы бірінші рет қазылған қорым орындарына байланысты таңдап алынған. Қазба жұмыстарын 1913 ж. Б. А. Андрианов жүргізген, ал 1927 ж. археолог М. П. Грязнов Батыс Қазақстаннан осындай жерлеу орындарын табады да, андронов мәдениеттерінің ескерткіштері - шығыста Минусиннен батыста Оралға дейінгі орасан зор аймақта таралғандығын анықтайды. Кейін андронов ескерткіштерін Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудан да табудың сәті түсті.

Андронов мәдениетін зерттеуге байланысты күрделі сауалдардың бірі хронологиясын, оның біртұтас дамуындағы уақыт шеңберін анықтау, сондай-ақ қазба жүргізілген ескерткіштер мерзімін айқындау болып келеді.

Қазір зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің уақытын үш кезеңге бөледі: ерте қола - б.з.б. ХVІІІ-ХVІ ғғ.; орта - б.з.б. XV-XII ғғ; соңғы - б.з.б. XII - VIII ғ. бас кезі. Ескерткіштердің аталуына байланысты, ерте кезі - федоров; орта - алакөл, соңғысы - замараев аталады. Күні кешеге дейін бұлардан андронов мәдениетінің дамуындағы түрлі кезеңдер көрініс тапты деп есептеліп келді. Соңынан, федоров ескерткіштері ерте емес, орта қоламен мерзімделінетіндігі анықталды және де андронов мәдениетінің үйлесімді даму суреті бұзылған еді. Кейіннен федоров ескерткіштері - ерте және соңғы болып бөлінетіңдігін анықтаудың сәті түсті. Бірінші топ б.з.б. ХV-ХІV ғасырларға, екіншісі - б.з.б. ХІІІ-ХІІ ғасырларға жатады. Егер ерте уақыттағы ескерткіштер Орталық Қазақстан мен Оралдан белгіленсе, кейінгілері - өте кең аумақтан: Батыс Сібірден, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысынан, Орта Азиядан жиі ұшырасқан. Федоров тайпаларының қоныстанған негізгі орталығы Қазақстан болған сияқты. Бұл жерден оларды Орталық Қазақстанға Батыстан келген алакөл тайпалары ығыстырған.

Сонымен, алакөл және федоров тайпалары бір уақытта өмір сүрді, және де, олар қалдырған ескерткіштері де бұған сәйкес келеді. Тайпалардың араласуы нәтижесінде аралас түрдегі ескерткіштер қалыптасады: Жетісуда - жетісулық тип, батыста - қожамберді.

Андронов мәдениеті біртұтас емес еді деуге болады: онда бұрын өмір сүрген тайпалар мәдениетін сипаттайтын көптеген нұсқалар бар. Сондықтан қазір бір-біріне жақын үнді-иран тайпаларын біріктірген андронов мәдени қауымдастығы жайлы сөз өрбіткен жөн.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті өткен кезеңмен генетикалық байланысты сақтай отырып, андронның кеш қола (б.ғ.д. ХІІІ-ХІ ғғ.) кезеңіндегі өтпелі кезеңінде қалыптасады. Осы кезеңнің ескеркіштері өтпелі адронов кезеңінің кейбір ерекшелітеріне ие, соның өзінде ол жерден жаңа формалардың пайда болғаны анық байқалады, олар өтпелі кезеңінің алдындағылар. Беғазы-Дәндібай ескерткіштерінің ерекшеліктерін тас архитектурасы құрайды.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Бұл мақсатқа жету үшін осындай міндеттер қойылды:

  • қола ғасырдағы кезеңдерді зерттеу;
  • қоланы алудың тәсілдерін анықтау;
  • андронов мәдениетін зерттеу;
  • Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениетін зерттеу.

Курстық жұмыстың құрамы: кіріспе, негізгі бөлім (3), қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі. Кіріспеде жұмыстың мақсаты, міндеттері, құрамы анықталады. Негізгі бөлім үш бөлімшеден құралады. Қорытындыда жасалған зерттеудің түйіні жазылды. Қолданылған әдебиеттер тізімінде зерттеу барысында пайдаланған деректердің тізімі беріледі.

Іздеу