Қола дәуіріндегі Орта Азия (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Қола ғасыры археологиялық дәуір ретінде 4
1.1 Кезеңдеу және дәуірлеудің мәселелері 4
1.2 Дәуірдің ерекшеліктері 5
1.3 Қола алу тәсілдері 8
2 Қола дәуіріндегі Орта Азия 9
2.1 Алтын –депе 9
2.2 Хорезм. Сапали. Тазабагьяг мәдениеті. Суярган қоныстары 14
3 Орта Азиядағы қыш-құмыра өнеркәсібі 20
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25


Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Орта Азия - егіншілік-малшылық қоланың маңызды бөлігі болып саналады. Оның оңтүстік аудандарында джейтун ертеегіншілік мәдениетінің, метал жайылуының және шаруашылықтың жаңа элементтерінің негізінде анау мәдениеті дамыған. Түрікмендегі Анау ауылының жанындағы екі дөңбешік пен Намазға-тепе, Яланчаг және Дашлиджи дөңбешіктердің зерттеуі өте маңызды болды. Қазбалар бұл жақсы дамыған көне егіншілік мәдениетінің ескерткіштері, джейтун мәдениетінен кеш шыққан екенін көрсетті. Әр төбешік саздан соғылған үйлер және олардың орнына жаңа үйлерді салған нәтижесінде қалыптасқан бірқатар бірінің сонынан бірі орналасқан қабаттар тұрады. Намазға-тепе қонысының көлемі - 100 га. Анау мен Намазға қазбалары бұл аудандағы энеолит және қола қабаттарының     стратиграфиясын құрастыруға көмектесті. Анауда 5 хронологиялық қабат анықталды, оның ішінде Анау ІА, Б және Анау ІІ энеолитке қатысып б.з.б. V-ІІІ мыңжылдықтың бірінші бөлігіне жатады. Оңтүстік Түрікмен комплекстері б.з.б. VІ-V мыңжылдықта бірінші метал заттары пайда болған көршілес Ирандағы Сиалк және Гиссар ескерткіштерінің стратиграфиясымен сәйкестенеді. Қоныстардың таулардан алыс орналасқаны егіншілікте канал, су     білімдерін анықтайды.

Бұл дәуірдің ерекшелігі – қола заттарының болуы: жалпақ балталар, біздер, айналар, әртүрлі саздан жасалған ыдыстар, оның ішінде қыш-құмыралар. Ыдыстағы өрнектерде геометриялық суреттерден басқа жануарлардың стильденген байнелері пайдаланған: текелердің, жүгіріп келе жатқан иттердің, ұшып келе жатқан құстардың, балықтардың, адамдардың.

Бұл зерттеудің мақсаты – Орта Азиядағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Бұл мақсатқа жету үшін осындай міндеттер қойылды:

  • қола ғасырдағы кезеңдерді зерттеу;
  • қоланы алудың тәсілдерін анықтау;
  • Алтын-депе қонысын зерттеу;
  • Хорезм, Сапали, Тазабагьяг, Суярган мәдениеттерін зерттеу;
  • Орта Азиядағы қыш-құмыра өнеркәсібін талдау.

 

Іздеу