Қола дәуіріндегі Ресей (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Қола дәуірінің сипаттамасы 5
1.1 Қола дәуірінің хронологиясы 5
1.2 Қола дәуіріндегі өзгерістер 7
2 Ресейдің Еуропа жағының қола дәуірінің мәдениеті 10
2.1 Ресейдің орман алқабының қола дәуірі 10
2.2 Ресейдің дала алқабының қола дәуірі 14
3 Ресейдегі қола дәуіріндегі өнер 20
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25


Кіріспе

ХІХ ғасырдың аяғында Ресейде археологиялық ескерткіштерді кезеңдеу типологиясы қалыптасты. Солай, В. В. Радлов Оңтүстік Сібір қорғандарының кезеңдеуін төрт тарихи дәуірлерді бірнеше түрге бөлді: мыс және қола, ежелгі темір, жаңа темір және кейінгі темір дәуірлер. А. М. Тальгрен Сібір тарихын кезеңдеп көрді. Ол Сібірде қола мәдениеті батыстан гөрі кеш дамыған деп санады. Қола дәуірін ол үш үлкен кезеңге бөлді: ежелгі – б.з.б. 2500-1500 жж.; орта - б.з.б.1500-1000 жж.; кейінгі - б.з.б. 1000-500 жж.; б.з.б. 500-500 жж. – темір заттардың пайда болуы. Үшінші кезең б.з.б. 500-500 жж. басталып скифтардың ықпалымен сипатталады. В. М. Флоринский қола дәуірінің Еуразия қырында б.з.б. ІІ-І мыңжылдығында болғанын, Ресейдің қыр жағындағы қорғандардың көбі б.з.б. І мыңжылдығына сәйкестігін дәлелдейді. Оның айтуынша, темір мәдениет кезеңі алдында болған қола дәуірінің мәдениетін жалғастырды.  Б.з.б. V ғ. халық ауысып, Сібірде Монголоидтер пайда болды, көшпенді өмір тарады. В. Флоринский «қорған мәдениеті», «қорған тайпалары» деген ұғымдарды енгізіп, Оңтүстік Сібір қорғандары бір көне халықпен қалдырылғанын мәлімдейді. Олардың монғолдардан, татарлардан, финдардан шыққандарына сенбей, олар славяндардан шыққанын көрсетеді. ХІХ ғасырдың аяғыХХ ғасырдың басы орыс археологиясының дамуының маңызды кезеңі.  Бұл уақытта тас, палеометал, қола  дәуірінің көптеген ескерткіштері ашылды. Орыс археологиясы дамуының негізгі бағыттары белгіленді: славян‑орыс археологиясы, антикалық, скифтық, палеолит археологиясы, жеке территориялар археологиясы – Кавказ, Орта Азия, Сібір.

1918-1920 жж. австриялық археолог Г. Мергарт, С. И. Руденко, С. А. Теплоухов Енисей бойындағы қорғандар мен қоныстарды зерттеді. Мергарт барлық мәліметтерді біріктіріп Венада 20-шы жылдары Енисейдегі қола ғасыры туралы монография жазды. Оның еңбегі кеңес тарихтануында бағаланбады. Соған қарамастан, бұл еңбекте негізгі археологиялық құралдардың жүйелілігі берілген, «минусинск қола мәдениетінің» барын дәлелдеді. Мергарт археологиялық мәдениеттерді территориялық құбылыс деп санады. Археологиялық материалды С. Теплоухов басқаша талдады. Енисей жағалауында Батен ауданында ол 70-тен астам молаларды қазып, жерлеу құралдары, рәсімі бар бірнеше комплекстерді атады. Бұл комплекстер, хронологиялық жүйеде тұрып, археологиялық мәдениеттерді негіздеді: афанасьев, андрон, қарасұқ, қорған және таштық.

Қазіргі кезеңде мыңдаған археологиялық ескерткіштер пайда болды, бұрын археологиялық зерттеулер болмаған аймақтарда археологиялық мәдениеттер қалыптасты. Ресей археологиясында жаңа ғылыми бағыттар пайда болды. Қазіргі кезде Ресейдің археологиясында жаңа әдістер табылып, табиғи ғылым әдістері, эксперименталдық археология, тарих методологиясында өзгерістер басталды.

Ұсынылған курстық жұмыстың мақсаты – Ресейдегі қола дәуірін зерттеу.

Мақсатқа сай келесі міндеттер қойылады:

  • қола дәуірінің сипаттамасын беру;
  • қола дәуірінің хронологиясын талдау;
  • қола дәуіріндегі өзгерістерді зерттеу;
  • Ресейдің Еуропа жағы қола дәуірінің мәдениетін зерттеу;
  • кейінгі қола мәселелерін анықтау.

Зерттеудің объектісі – Ресейдің қола кезеңі.

Іздеу