Мезолит және неолит дәуірінің археологиясы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Мезолит термині, кезендірілуі және ерекшеліктері 4
1.1 Мезолит дәуірінің кезендендірілуіндегі ерекшеліктер 4
1.2 Мезолит дәуіріндегі адамның даму процессі 6
1.3 Мезолит дәуірінің мәдениеттері мен ескерткіштері 8
2 Неолит дәуірінің қамту уақыты және ерекшеліктері 11
2.1 Неолит дәуіріндегі уақыттың межеленуі 11
2.2 Неолит терминінің шығуы, ерекшеліктері 12
2.3 Неолит дәуірінің мәдениеттері мен ерекшеліктері 14
3 Павлодар обласында неолиттік және мезолиттік ескерткіштер 18
3.1 Павлодар - Ертіс бойындағы мезолит дәуірі және ескерткіштері 18
3.2 Павлодар - Ертіс бойындағы неолит дәуірі және ескерткіштері 20
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттердің тізімі 25
Қосымша материалдар 26


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Археолог ғалымдардың көптеген жылдар бойы мезолит пен неолит кезендерін зерттеп келеді. Әрбір зерттелген қорғандардан жаңа мәліметтер алынады. Сондықтан ежелгі кезендердің ішінде, мезолит пен неолит кезендері адамзаттың өнідірістік күштерінің даму сатысы екені байқалды. Мысалы: Мезолит – адамдардың солтүстікке қарай жылжыған уақыты. Адамдар үлкен аумаққа орналасуға тырысты. Оңтүстік зона Қрым, Кавказ, Шығыс жағы, Каспий маңының солтүстік жағалауы, оңтүстік оралды қамтиды. Осы жерде микролиттер көптеп жайылған, бірақта пластинадан жасалған қаруларда кем түспейді. Ең көне мезолиттік тұрақтар. Сонымен қатар неолитте де тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау түрі пайда болды. Басты белгісі - табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану орнына, өндіретін шаруашылық, яғни мал шаруашылығы мен егін егу пайда болды. Қыш құмыра, тоқымашылық пайда болды. Қазақстанда 600-ден астам неолиттік, энеолиттік ескерткіш бар. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік болып 4-ке бөлінеді. Бұлақтық тұрақ көп тарады. Үй малдары пайда болды. Жылқы. От жағу пайда болды. Осы сипаттамалардың пайда болуына қандай фактрлер әсер етті. Сол жөнінде толық жауап алу үшін жоба дайындалды. Тақырып көптеген ғалымдардың ой-тұжырымдарын қамтиды. Қамтып қана қоймай бақылап, бағдарлап зерттейді. Мезолит және неолит адамдарының еңбек құралдарын, шаруашылығын, тайпа аралық қатығыстары мен айырбастары жайында қарастырылады. Ғалымдардың ойлары мен зерттеу жұмыстары кірістіріліп талқыланады.

Жұмыстың мақсаты: Курстық жобада мезолит пен неолит кезендері жан-жақты зерттеледі. Соның ішіне мезолит, неолит терминдерінің неліктен пайда болғаны? Қандай мәдениеттер пайда болды? Олар неліктен пайда болды? – деген сұрақтарға жауап беру. Адамдар неліктен жан-жаққа осы кезендерде таралады, қандай себептер әсер еткені жөніде жобада қарастыру. Жинастырылған мәліметтердің өзекті жақтарын тауып жазып, ой – пікірлерді ұщтастыру. Мезолит пен неолит кезендері Қазақстан соның ішінде Павлодар облысында қалай таралды? – деген сұрақтарға толық жауап беру.

Жұмыстың міндеттері: Мезолит термині, кезендірілуі және ерекшеліктері жөнінде жан-жақты талдау.Соның ішінде мезолит дәуірінің кезендендірілуіндегі ерекшеліктері жайында зерттеу. Мезолит дәуіріндегі адамның даму процессі туралы жазып, толық зерделеу. Мезолит дәуірінің мәдениеттері мен ескерткіштері жөнінде қарастыру. Неолит дәуірінің қамту уақыты және ерекшеліктері жайында жоба бойынша зертеу. Соның ішінде неолит дәуіріндегі уақыттың межеленуі туралы жазып кету. Неолит терминінің шығуы, ерекшеліктері туралы зерттеу. Неолит дәуірінің мәдениеттері мен ерекшеліктері жөнінде бағдарлар дайындау. Павлодар обласында неолиттік және мезолиттік ескерткіштері жайында зерттеу жұмысын жазу. Соның ішінде Павлодар -  Ертіс бойындағы мезолит дәуірі және ескерткіштері туралы мәліметтер жинақтап, зерттеу. Павлодар -  Ертіс бойындағы неолит дәуірі және ескерткіштері туралы зерттеу жұмысын жазып, бағдарлау.

Іздеу