Ортағасырларда Еуропа мемлекеттері (Мәлімет)

Кіріспе
1 Ортағасырлардың сипаттамасы
1.1 Ортағасыр тарихының кезеңдерге бөлінуі
1.2 Феодалдық өндіріс, феодалдық қоғам
2 Батыс Рим империясының құлауы және варварлық мемлекеттердің пайда болуы.
2.1 Халықтардың ұлы қоныс аударуы себептері.
2.2 Герман тайпалары, вестготтар, вандалдар, ғұндар
2.3 Батыс Рим империясының құлауы
2.4 Меровингтер тұсындағы Франк мемлекеті.
3 Франктердің Галлиня жаулап алуы
3.1 Салли ақиқаты
3.2 Франктердің шаруашылығы, франк қауымы, әлеуметтік жіктеу, франк қоғамының феодалдануы
3.3 Каролингтер тұсындағы Франк мемлекеті
3.4 Пипиндер тұсындағы реформалар
3.5 Ұлы Карл империясы
3.6 Франк қоғамының феодалдануы
3.7 Ұлы Карл империясының бөлшектелуі
4 Крест жорықтары.
4.1 Тарихи алғышарты.
4.2 I-V ғ. Крест жорықтары.
4.3 Салдары.
5 XI-XVI ғғ. Италия.
5.1 Қалалар елі, папа облысы.
5.2 Рим республикасы
5.3Оңтүстік Италия мен Сицилия
6 Ортағасырлық қалалар.
6.1. Қалалардың пайда болуы және даму
6.2. Қалалардың мырзалармен күресі және қалада өзін-өзі басқару жүйесі қалыптасуы.
6.3. Қолөнер цехтары және сауда ісі.
7 XI-XV ғғ.Франция
7.1 .Феодалдық қоғам, феодалдақ шаруашлық, қала мен ауыл
7.2. ХІ-ХІІ ғғ. саяси бытыраңқылық, Альбагой соғыстары
7.3. Саяси бірлікті орталықтандыру барысы, Бас штатар
7.4. Жүзжылдық соғыс
7.5. Карл VII реформалары, Францияның бірігуінің аяқталуы
Қорытынды


Кіріспе

"Ортағасыр" термині XV-XVI ғғ. Италияндық гумманистер арасында пайда болды. Ортағасыр  сөзінің мағынасын беретін   "medium aevum"  латын сөзіне байланысты қазіргі ғылымда  ортағасыр тарихын  зерттеушілерді медивистер деп, ортағасыр тарихын зерттейтін тарих ғылымының саласын  медивистика деп атау орын алған.  Тарих ғылымының дамуына  сай  "ортағасыр"  ұғымы әртүрлі қарастырылды. Мысалы, XVII-XVIII ғ-ның  тарихшылары бүкіл тарихты жалпы 3 кезеңге: ежелгі тарих, орта тарих , жаңа тарих бөле отырып, жаңа заман мен антикалық әлемдегі  мәдениет гүлдеуімен  салыстыра қарағанда,  орта ғасырларды  мәдениеттің құлдыраған заманы деп таныған. Маркстік дүниетанымда  бұл ортағасыр ұғымын қоғамдық –экономикалық формация (феодалдық құрылыс, феодалдық шаруашылық, әлеуметтік тартыс)  тұрғысынан түсіндірілді. Алайда феодализм  ұғымы мен  ортағасыр ұғымын біртұтас  қарастыруға болмайды. Өйткені ерте ортағасырдың  өзінде Европада феодалдық  құлыспен қатар Құлиеленушілік (Италия),  патртархалдық ( солтүстік Европа, Скандинавия елдері), капиталистік( оңтүстік Италия қалалары)  өндіріс апатының белгілері сақталынды. Шетелдік тарихнамада (позитивистік, буржуазиялық тарихнама)  ортағасыр сөзінің мағынасын тек тарихты кезеңдерге  бөлу дәстүрі ретінде түсіндірілді. Ортағасыр атауын V ғ. ІІ жартысы аралығын қамтитын  хронологиялық (уақыт) кезең деп тануымызға болады.

Әр халықтың феодализмге өтуі әртүрлі уақытта жүзеге асты. Бір мезгілде феодализмге өтпегендіктен ортағасыр кезеңінің  хронологиялық шегі  де әртүрлі  болады. Мысалы, Батыс Европа елдерінің  көпшілігінде  ортағасырлық тарихты Мғ. ІІ жартысынан (Батыс Рим империясы құлауынан) бастаса, Византия үшін  отағасыр тарихы IV ғасырдан басталады. Кеңестік тарихнама ортағасырдың аяқталуын 1640-1660 ж. ағылшын буржуазиялық  революциясымен  Отызжылдық  соғыстың аяқталуымен (1648ж.) байланыстырып қарайды.

Шетелдік тарихнамашы медивистер ортағасыр тарихының аяқталу мезгілін Жүзжылдық соғыстың аяқталуымен (1453ж.), Византия құлауы және  осман-түріктердің Константиноплді басып алуымен  XVғ.а.- XVI ғ.б.) , Американың Колумбтың ашуымен (XV ғ.а. Ұлы географиялық жаңалықтар) байланыстырып қарастырады. Ортағасырды феодалдық формация үстемдік құрған кезеңі  деп танитын тарихшылардың бір тобы  ортағасырды 1789-1794 ж. Ұлы француз революциясымен аяқталу керек деп санайды.

Қазіргі тарихнамамызда  біз ортағасырды 3 кезеңге бөліп қарастырамыз:

1 Ерте ортағасыр ( V ғ.а.-XI ғ.о.) федализм пайда болу кезеңі.

2. Дамыған ортағасыр (XІ ғ.о.-XV ғ. а.) феодалистік құрылыстың  гүлденген кезеңі

3. Кейінгі ортағасыр (XVI-XVII ғ.І жарт) феодализм ыдырауы және капитализмнің пайда болуы.

Іздеу