Өнердің бастапқы нышандары және оның пайда болуы (Мәлімет)

I Өнердің бастапқы нышандары немесе оның пайда болуы
II Алғашқы қауымдық және дәстүрлі өнер дегеніміз не?
III Өнер және homo sapiens
IV Кәсіби емес және эстетикалық концепциялар


ӨНЕРДІҢ БАСТАПҚЫ НЫШАНДАРЫ НЕМЕСЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Өнер тарихы дегеніміз өзі – адамзат тарихы. Адамзат ес жиып, етек жапқаннан бері өнермен бірге жасасып келеді.

Бізге белгісіздеу, бұлыңғырлау көрінетінмұнан ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған. Адамның арғы тегі болып табылатын неондертальдарда сезімдік түйсік пен ойлау қабітетінің қалың беруі, оларды өмірге қажетті қарабайыр алғашқы еңбек құралдарын жасауға, түйсікпенеңбек етуге талпындырды. Бірақ олардың ойлау қабілеті мен сезімдік қасиеттерінің әлі толық жетілмеген кезі еді. Адамның өзін-өзі тежеу, көпшілік болып ұйымшылдыққа топтасуы әлі қалыптаса қоймаған. Көбінесе адамдар жалғыз-жарым өмір сүрді. Сондықтан болар, олардың қолданған құралдары мыңдаған жылдар бойы өзгере қоймады.

Тек кейінірек, өмірге қауіп төндіретін жыртқыш аңдарға қарсы тұру үшін, күн көрістің қамымен топтасып, қауымдасып өмір сүретін болды. Осыдан бастап алғашқы қауымдық құрылыс өмірге келді. Енді туындаған әр түрлі қауіп-қатерге, өмір сүру тауқыметтеріне байланысты еңбек құралдары мен қару-жарақ әрдайым жетілдіріліп отырылды. Адамның сана-сезімі өсіп, тұжырымды да байыпты әрекеттерге барды. өнерлі ой туындады. Егер бұрын адамдар табиғи заттарды еш өңдеусіз пайдаланса, енді оны өздерінің ыңғайына қарай қажетінше өзгеріп, өңдеп алып отырды. Бұл өнерлікке деген бастаманың алғашқы нышаны еді. өйткені қандай зат болмасын, оның табиғи күйін саналыпайымдау арқылы өзінше өзгерту адамның белгілі бір салиқалы ой-тұжырымды, шеберлікті қажет етеді. Ал шеберлік жүрген жерде әрдайым өнерлі ой торлғанысы пайда болады. Осыдан барып өмірге табиғи қалпындағы емес, адам қолымен өзгертіліп өңдеуден өткен, бойында өнер нышаны бар зат туындайды. Көбінесе осындай туындылар өнердің туып, қалыптасуына игі ықпалын тигізеді. Өнерлі ой толғаныстың арқасында адамның еңбекке дегенқызығушылығы мен ынтасы арта түсті, рухани сезім қажеттілігінің байи түсуіне үлкен әсер етті. Соынмен қоса адамның алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде рухани игіліктерді тез меңгеріп кетуіне, әлемнің тылсым сырына құштарлана түсуіне, айнала қоршаған табиғи құбылыстарды зерттеп-зерделей білуіне үлкен септігін тигізді. Түйіндей айтқанда, өнер адамның дүниеге, болмысқа деген наным-сенімдерін дамытушы, саналылық пен білімділікке жетелеген қозғаушы күші және әлемдік пен пәк  сенімдердің қайнар көзі болды. Сондықтан да өнер адамның әлеуметтік дамуындағы бірден-бір негізгі белгі болып табылады. өнер адамды тұрпайы дөрекілікпен сезімталдыққа, сүйіспеншілікке баулап, оны жоғары парасаттылық биігіне көтерді. Еңбектену мен іздену арқылы адам өнерді тудырса, өнер адамды жан-жақтылыққа, әсемдік әлемін танып білуге тәрбиеледі.

АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Алғашқы қауымдық және кейбір халықтарда осы уақытқа дейін садақталған «жабайы», немесе дәстүрлі өнер деп аталатын өнер территория жағынан барлық континенттерді, ал хронологиялық жағынан homo sapiens өмір сүріп келе жатқан заманды түгел қамтиды. Алғащқы қауымдық өнер тарихы өнердің туу проблемасын қамтиды және палеолит дәуірінің бізге мәлім көркем туындыларының ішінен ең көнелерінің бастап оның осы таяу уақытқа дейін мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуының алғашқы қауымдық сатысында болып келген осы замандағы кейбір халықтардың өнер ерекшеліктеріне дейінгі бірнеше ондаған мың жыл бойғы дамуының кезеңдерін алып қарастырады. Басқаша айтқанда, бұл өнердің дамуындағы таптар пайда болғанға дейінгі кезеңнің тарихы; бұл кезеңде біздің көркем творчество деп атайтынымыз әлі кәсіби еңбек қызметінің дербес түріне айнала қойған жоқты.

ӨНЕР ЖӘНЕ HOMO SAPIENS

Адамды адам еткен – еңбек. Еңбек адамғажер бетіндегі барлық басқа мақұлықаттардан даусыз басымдылық әперді – бұл басымдылық қисапсыз көп жүздеген мыңжылдықтар бойына адамзат баласының тіршілік етіп, түр ретінде сақталуның кепілі болды. Соңғы деректер бойынша, адамзат ұрпағыекі миллион жылға жуық өмір сүруде, ал адамның қазіргі түрі не бары қырық мың жылдай деп есептелінеді. Адам баласының қазіргі түрі жаратылғаннан кейін өрдіргіш күштер мен қоғамдық қатынастар үрдіс дамыды, мұның алдындағы кезеңмен салыстырғанда бұл даму ондаған, жүздеген есе жеделдеді. Әлбетте, бұл бірден бола қалған жоқ. Homo sapiens-тің тастан жасап алған алғашқы құралдарын оның алдында өмір сүрген неандертальдықтың жасаған құралдарынан тек маман адам ғана ажырата алады. Homo sapiens тасты өңдеу әдісін жетілдіреді, жаңа материалдарды – сүйек пен мүйізді көбірек пайдаланады. Өндірісті дамытудағы бұл елеулі түрде іргесі басушылықтың барлығы, археологиялық материалдар дәлелдеп отырғандай, рухани және материалдық мәдениет саласында нендей бір елеулі сапалық өзгерістер болғанын – оның алдындағы кезеңмен салыстырғанда кейінгі кезеңдегі орасан зор секіріс үшін трамплин боларлық өзгерістер жасалғанын әдетте көрсетпейді.

Адам баласының жаңа биологиялық түрімен бірге пайда болатын бірден-бір сапалық жағынан жаңа археологиялық материал – мүсінделген графикалық бейнелер, кескіндеме іспеттес геометриялық таңбалар, сондай-ақ табиғатта бар заттарға ұқсатып жасалған суреттер болып табылады.

Адам баласының біз шартты түрде көркем творчество деп атай алатын қызметтің осы жаңа түрімен шұғылдануынын өзінің мүмкіндіктері жағынан алдында тарихта, бәлкім, теңдесі жоқ асқан ұлы жаңалық болды деп бағалау керек. Әлбетте, бұл мүмкіндіктердің өзінен-өзі дереу жүзеге асуы оп-оңай емес-ті. Бұны жазудың даму тарихы бәрінен де гөрі айқын дәлелдейді. Жазудың қазіргі фонетикалық әріптік-дыбыстық жүйелерінен бұрын әр түрлі анағұрлым иекмсіздеу формалары болғаны мәлім; оның бер жағында, жазудың бастапқы типі жекелеген нақты суреттерден құралатын пиктографиялық жазу еді. Жазудың бұл бастапқы типі алғашқы қауымдық бейнелеу өнерімен өте тығыз байланысты болды, шамамен алғанда, мезолиттің бас кезінде ғана бұл жазу алғашқы қауымдық өнерден біртіндеп бөліне бастайды. Таза күйінде әріп-дыбыстық жазу б.з.б. II мыңжылдықта Мысырда пайда болды, ал шумер жазуды III мыңжылдықта өзінің бейнелік сипатынан айрылып, тік және көлбеу сына тәрізді сызықтардан құралатын абстрактілі таңба формасына көшті. Бірақ, жұртқа мәлім, жазудың нақты суреттен жеке бір дыбысты білдіретін шартты таңбаға қарай бұлайша дамуы барлық жерде бірдей орын алған жоқ. Қиыр Солтүстіктегі кейбір халықтар мен американ үндістерінде пиктограмма күні бүгінге дейін бұрынғысынша жазу орнына жүреді.

КӘСІБИ ЕМЕС ӨНЕР ЖӘНЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯЛАР

XIX ғасырдың ортасында этнографтар авсриялықтар мен Окения аралдарының мәдениетін зерттеп жатқан-ды. Африка мен Америкадан әкетілген көркем бұйымдардың едәуірі Еуропада жиналып қалған еді. Алайда, өнертану әдебиетінде олар жайындағы алғашқы хабарлар әлдеқайда кещірек көрінді. Сонау тым көне заманда адамның тіршілік еткені туралы, сондай-ақ палеоиттік өнер туралы да XIX ғасырдың ортасына дейін жалпы алғанда білген жоқ.

Сонымен, өнердің бастауы, негізгі болап табылатын көркемдік материал жиынтығы таяудағы уақытқа дейін зерттеушілердің назарынан тысқары қалып келді.

Осылай десем замандастарымның көзін ашамын деп ойлаған Л. Толстой 1898 жылы, бізге былай деп ойлайды дегенде, оншама қателеспеген: «Біздің қолымызда бар өнер – бүкіл өнер, ал оның бер жағында адам баласының үштен екісі ғана емес, Азияның, Африканың барлық халықтары осы бірден-бір биік өнерді өмір бойы білместен өтеді, бірақ, бұл бұл ма, біздің христиан қоғамында біз бүкіл өнер де атайтын өнерді барлық адамдардың жүзден бірі пайдалануы да неғайбіл...».

XIX ғасырдың өзінде ақ көне грек-римдік және европалық өнерді зерттеушілердің басым көпшілігі үшін «бірден-бір», «шынайы» өнер – анағұрлым ертерек кезеңді айтпағанда, Ағарту заманының эстетикалық концепциялары негізделген «бүкіл» өнер болып қалған еді. Сол замандағы эстетикалық ой-пікірдің ең жоғарғы жетістігін білдіріуші болған Лассинг кескіндеме мен мүсіннің міндеті «ғажап сұлу денелерді» бейнелеу деп есептеді. Шиллер мен Гете сиқты, Лессиенг үшін де суретші «ғажап сұлулық шегіннен шықпауға тиісті» болды, тек «ақынға ғана шындық саласына да аттап басуға рұқсат етілді». Бұл пайымдаулар сол кезде қолда бар материалдың бәрін зерттеуге және ең алдымен көне грек-рим өнеріне талдау жасауға сүйенді. Бірақ жеке белгілері жалпы өнерге тән деп қарастырылған бүл «бүкіл» өнер, Толстойдың ойлағанындай, шынайы бүкіл өнердің бір проценті де емес еді, егер географиялық және әлеуметтік жағын ғана емес, сонымен бірге тарихи жағын да ескерсек, одан әлдеқайда кем бөлігі болатын.

Іздеу