Палеолит дәуірінде еңбек құралдарының дамуы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Ежелгі адамдардың тас ғасырының
бірінші кезеңіндегі еңбек құралдары 4 1.1 Ерте палеолит кезіндегі құралдардың түрлері 4
1.2 Мустьер дәуірдегі кезінде тас өңдеудің жаңа техникасы 9
1.3 Кейінгі палеолит дәуіріндегі адамдардың
дүниесі және құралдары 12
2 Қоғамдағы жаңа техникалық жетістіктер 13
2.1 Мезолит кезіндегі техникалық құралдардың жағдайы 13
2.2 Неолит дәуіріндегі тастан жасалған құралдар 16
3 Тастан металға ауысу кезеңі. Энеолит дәуіріне сипаттама 22
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттердің тізімі 30
Косымшалар 31


Кіріспе

Жұмыстын өзектілігі: Алғашқы қоғам тарихының ең маңызды атасы адамның пайда болуы және қалыптасуы. Алғашқы қоғам тарихы – адамның пайда болуымен қоғамдағы қалыптасу процессін зерттейді. К. Маркс және Ф. Энгельс, тарихқа материалдық түсінік еңгізіп, адам тобырының жануарлар әлемінен ерекшеленгені жайында алғаш рет сұрақ қойды.

Тақырыптың айырықша ашып көрсететін жақтары өте көп. Олардың зерттеу нәтижелерінде адамды жануарлар әлемінен бөліп шыққан – еңбек деп нақтылады. Орыс терминінде дау туғызатын «тарих алды» деген термин қалыптасты ол археологиялық мәліметтерге сүйене отырып жасалды XIXғ  ары қарай этнологияның дамуы археологиямен тығыз байланыста болды. Алғашқы типологиялық, класстық бөліну өріс алды. Биологияға келетін болсақ 1859ж.  Чарльз дарвиннің «Эволюциялық теориясы» ежелгі адамдарды зерттеу объектісіне айналды. Әрине дарвин теориясы қатты сыннан өтті. ХІХ ғ төртінші ширегінде Дарвин теориясының негізінде палеоантропологияда көптеген өзгерістер пайда болды. Бірінші классификациялық еңбек қаруларын бөлу даттық археолог Каунсимора Томсен болды. Ол 1836ж Копенгагенде ұлттық музей құрып, онда онда ежелгі экспонаттарды көрсетті. Ол жерде: тастар, қола, мыс, темір көрсетілді. Қазіргі кезде де ежелгі адамдардың іздерімен еңбек құралдары жан – жақты зерттелу үстінде.

Жұмыстың мақсаты: Кейінгі палеолит дәуіріндегі адамдардың дүниесі және құралдары ежелгі адамдар біздің шығу тегіміз болғандығын зерттеу.  Археологиялық жұмыстардың маныздылығын қарастыру. Қазіргі кезде ежелгі адамдар және олардың еңбек қаруларын зерттеу кең ауқымда жүргізілуін бақылап, мақсатын анықтау. ежелгі адамдардың тас құралдарды пайдалану тәсілдерін аңықтап, жан-жақты зерделеу. 

Жұмыстың міндеттері: ежелгі адамдардың тас ғасырының бірінші кезеңіндегі еңбек құралдарын зерттеп білу,  ерте палеолит кезіндегі құралдардың түрлерерін анықтап білу. Мустьер дәуір кезінде  тас өңдеудің жаңа техникасынының даму сатыларын зерттеп, анықтау. Қоғамдағы жаңа техникалық жетістіктердің даму туралы жан-жақты зерттеп білу. Мезолит кезіндегі техникалық құралдардың жағдайын анықтау. Неолит дәуіріндегі тастан жасалған құралдарды жоба бойынша зерттеп. Тастан металға ауысу кезеңіне және энеолит дәуіріне сипаттама беру

Хронологиялық шеңбері: Ежелгі адамдардың тастан жасалған еңбек құралдарын пайдаланып, даму сатылары палеолиттен( б.з.б. 2 млн. – 12 мыңжылдық) басталады Палеолит дәуірі үш кезенге бөлініп зерттелгендіктен ерте палеолит(б.з.б.2млн. – 140 мыңжылдық), орта палеолит (б.з.б 140 – 40 мыңжылдық), кейінгі палеолит (б.з.б. 40 – 12 мыңжыдық) тастың даму техникалары және олардың адамдар шаруашылығындағы маңызын айқындады. Мезолит ( б. з.д. 12 - 5мыңжылдық) қамтып, сол кезеннің бір ерекшелігі болып садақ пен жебенің ойлап табылуы. Жаңа тас ғасыры - неолит - бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. 5 мыңжылдық-3 мыңжылдықдықтарды қамтиды.

Іздеу